Азат Перуашев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен кездесті

» Президенттік сайлау 2019 » Азат Перуашев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен кездесті

17.05.2019, 17:34

17 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

Азат Перуашев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобымен: ТМД бойынша Халықаралық демократия, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқығын қадағалау жөніндегі мониторнг институты директорының орынбасары Екатерина Голоулина, сарапшылар тобының жетекшісі Станислав Ткаченко және сайлау мониторингісінің бөлім кеңесшісі Татьяна Шульгинамен кездесті. Кездесуге Республикалық штабының мүшелері Меруерт Қазбекова мен Айгүл Жұмабаева да қатысты.

Бақылаушыларды үміткер Дания Еспаеваның штабының даярлығы, Қазақстандағы демократиялық институттардың даму мәселелері толғандырды.

Республикалық штаб жетекшісі Азат Перуашев сайлауалды науқанды ұйымдастыру, оның таратылуы мен үгіт материалдарды баспа және электронды БАҚ жариялау, «Ақ жол» партиясының бақылаушылар тізімін құрастыру бойынша басқа да сұрақтарына жауап берді.

Перуашев сайлау процесінің ашықтығына ықпал ететін халықаралық бақылау институтының маңыздылығын атап өтіп, бақылаушыларды үміткердің сайлауалды бағдарламасымен, оның ішінде шағын және орта бизнес мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарымен таныстырды.