28
Мамыр

Дания Еспаеваның аймақтық штабы Батыс Қазақстан облысында «Әр адамға жеткізу» және «Пошта жәшігі» атты шараларды ұйымдастырды

28 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан филиалы

26, 27, 28 мыр күндері Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы аудандарда Батыс Қазақстан аймақтық штабының ұйымдастыруымен «Әр адамға жеткізу» және «Пошта жәшігі» шаралары өтті. Онда «Ақ жол» партиясынан үміткерді қолдауға бағытталған үгіт материалдары таратылды.

Іс-шаралардың барлығы үміткер Еспаеваның Республикалық штабының іс-шаралар графигіне сәйкес өтті.

«Ақ жол» белсенділері мен штаб мүшелері Орал қаласындағы «City Center» ОСО, С.Киров атындағы мәдениет және демалыс паркі, дөңғелек ауыстыру ұйымдары, көпшілік тамақтанатын және жүретін орындарында жүріп қайтты.

Мұндай шаралар Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Тасқалы, Жаңақала, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Жәнібек, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрілі, Бәйтерек аудандарында да өтті.

Іс-шара жоғарыда көрсетілген ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылығының келісімінен соң ғана ұйымдастырылды.

Үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.