31 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» шеруін өткізеді

» Санат жоқ » 31 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» шеруін өткізеді

30.05.2019, 19:30

Пресс-анонс

31 мамыр күні«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» шеруін өткізеді. Партия басшылығы, «Ақ жол» партиясының депутаттары, үміткердің сенімді өкілдері «Алаш» қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен репрессия құрбандарының  ескерткішіне барады.

Сағат 10-да штаб Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері (Алжир) аумағындағы ресми іс-шараға қатысады – жиналу уақыты 8.00-ден 8.30-ға дейін, Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайы.

Сағат 14.00-де штаб мүшелері қаладағы аштық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қояды.

Байланыс үшін: 8 775 963 19 35 Құралай