03
Маусым

Дания Еспаеваның Орал қаласындағы сенімді өкілдері сайлаушылармен үгіт кездесулерін өткізуде

3 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Дания Еспаеваның Орал қаласындағы сенімді өкілдері сайлаушылармен үгіт кездесулерін өткізуде.

Батыс Қазақстан облыстық байдарка мен каноэны есу бойынша федерациясының президенті, «Ақ жол» партиясының облыстық кеңесінің мүшесі, ҚР Президенттігіне үміткер Д. Еспаеваның сенімді өкілі Ю.Казанин  жергілікті жұртшылықпен кездесіп, үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сол күні БҚО Теректі ауданындағы ірі шаруашылықтың иесі, «Ақ жол» партиясының облыстық кеңесінің мүшесі, ҚР Президенттігіне үміткер Д. Еспаеваның сенімді өкілі К.Айдаралиев  те «Ringo milk» ЖШС ұжымымен кездескен болатын. Кәсіпкер үміткердің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жемқорлыққа қарсы күрес және де-оффшоризация бойынша міндеттерді түсіндірді.

Дания Еспаеваның сайлауалды науқаны жалғасуда.