13
Маусым

Азат Перуашев: Біреудің арам ойыны үшін өз тағдырыңызбен ойнауға жол бермеңіздер

13 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

 

ҚР Президенттік сайлаудың нәтижелері жөніндегі Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық коалициясының отырысында  Азат Перуашев Елорда мен Алматы қаласындағы наразылық митингтерге байланысты ойын білдіріп, өз алаңдаушылығын жеткізді.

«Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың қауіпсіздігі үшін де,  Республикамыздың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығы  үшін де қауіпті екенін түсінуіміз керек. «Ақ жол» партиясы біздің Ұлттық Тәуелсіздігімізді, елдің бейбіт өмірін және еркіндіктерімізді - көздің қарасындай сақтауға шақырады», - деді партия төрағасы.

Перуашев сайлау нәтижелеріне өз пікірін білдірген барлық азаматтарды тыныштық пен сабырға шақырып, «біреудің арам ойыны үшін өз тағдырыңызбен ойнауға жол бермеңіздер» деді.

Ол орын алған мәселе бойынша, қоғам мен биліктің арасындағы даудың тек заң шеңберінде, бейбіт жолмен шешілуі керектігін ескертті. «Ақ жол», парламенттік партия ретінде, бұған барлық күшін жұмсайды», - деп мәлімдеді Азат Перуашев.