13
Маусым

Азат Перуашев: Наразылықтың алдын алудың ең тиімді әдістемесі – демократия

13 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

 

ҚР Президенттік сайлаудың нәтижелері жөніндегі Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында  Азат Перуашев сайлау науқаны барысындағы наразылық акцияларының қатысушылары мен соңғы күндері орын алған митингке шыққандардың ұсталуына байланысты, наразылықтың алдын алудың белсенділерді ұстаудан басқа да әдестімелері болуы керектігін айтты.

Ол үшін мемлекетте демократия  орнауы керектігін, «яғни адал және таза сайлау өткізу; шенеуніктерінің басымдылығымен емес, халықтың қалауына сай өкілетті органдарды құру» туралы ойын жеткізді.

Партия төрағасы демократиялық қоғамдағы дискуссиялар көшеде емес,  парламент залында өтетінін, осылайша бұқара халықтың өміріне кедергі келтірмейтінін де атап өтті.