Бизнес-иммиграцияны жария ету бюджетті толықтыруға мүмкіндік береді

» Санат жоқ » Бизнес-иммиграцияны жария ету бюджетті толықтыруға мүмкіндік береді

20.11.2013, 00:00

         20 қараша, 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
           Бизнес-иммиграцияны жария ету шетелдіктердің кәсіпкерлік қызметін бақылауға алуға және қазақстандық бизнестің мүдделерін өз аумағында қорғауға мүмкіндік береді – бұл туралы Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысының барысында Екатерина Никитинская мәлімдеді.
          Фракцияның депутаттық сауалында бизнес-иммиграция мәселесінің реттелмегеніне байланысты көлеңкелі сектордың, арам бәсекелестіктің өсуі және қазақстандық кәсіпкерлерді әртүрлі салалардан ығыстыру туралы әңгіме болып отыр.
          Е.Никитинская Үкіметтің ресми ақпаратынан келесі мәліметтерді келтірді: жыл ішінде республикаға 700 мыңнан астам шетелдіктер келеді, оның басты бөлігі – 600 мыңға жуығы – ТМД елдерінен. «Заңнамалық тұрғыдан тыйым салынғанына қарамастан, көтерме-бөлшек сауданы еліміздің базарларының көпшілігінде жақын шетелдердің, мәселен Өзбекстанның, Қызғызстанның және Қытайдың азаматтары жүзеге асырады. БАҚ  деректеріне сәйкес, тек қана Алматы базарларында бірнеше мың Қытай азаматтары қызмет жасауда. Сауда орталықтарында сауданы Түрік азаматтары ұйымдастыруда» – деп атап өтті ол.
          Тұтастай алғанда жария емес көшіп-қонушылар негізінен неформалды еңбек нарығының шеңберіндегі жұмыстарға ұмтылады, ол, бір жағынан, олардың мәртебесін жария етуді талап етпейді, ал екінші жағынан – материалдық игіліктерге тезірек қол жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Оның ішінде табыстарды салық салудан шығарып алу есебінен де пайда табады.
              «Еңбек мигранттарының қызметін реттеу саласының отандық заңнамада жеткілікті пысықталмағаны салықтық есептілікке жатпайтын факторлық төлемдердің өсе түсуінің себебіне айналды. Жариялы емес кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджетіне әртүрлі есептеулер бойынша жүздеген миллион салықтар түспейді, – делінген сауалда. – Шетелдік азаматтармен (Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия және басқалар) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты мәселелерді заңнамалық реттеудің әлемдік практикасын талдау, олардың қызметін жария етудің оң тәжрибесі бар екендігін айғақтайды».
          Аталған проблемаларды шешу үшін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келген еңбек иммигрантарының мәселелерін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс аясында қарастырған дұрыс, деп есептейді «Ақ жол» депутаттары.
«Ақжолдықтардың» пікірінше, бизнес-миграция қызметін жүзеге асырудың заңнамамен реттелген тетіктерін енгізу де маңызды болып табылады. «Бизнес-иммигрант» ұғымы 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген. Алайда, бүгінгі күнге дейін «бизнес-иммигрант» санатына визалар берілмеген. «Статистиканың жоқтығы әкімшілік кедергілер мен заңнамалық олқылықтар туралы айғақтайтынына», – «Ақ жолда» сенімді.
Фракция депутаттары Үкіметтен жуырдағы келешекте қалыптасқан ахуалды реттеу бойынша қандай әкімшілік және заңнамалық шаралар әзірленетіні жөнінде туралы хабардар етуін сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.