20
Маусым

«Ақ жол» фракциясы салықшыларға «экономикалық сауаттандыруды» енгізуді ұсынды - 'adyrna.kz'

20.06.2019

https://adyrna.kz/post/18558 

 

«Ақ жол» фракциясы салықшыларға «экономикалық сауаттандыруды» енгізуді ұсынды – бұл туралы Екатерина Никитинская өзінің Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа жолдаған  депутаттық сауалында хабарлады.

Салық органдарының заңнамалық нормаларды біртүрлі ерекше пайымдауына байланысты «Ақ жол» партиясына бірқатар кәсіпорын жүгінді. Мысалы, Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер департаменті екі кәсіпорынға 2014-2016 жж. аралығындағы бейрезиденттен түскен валюталық қарыз өтеміне байланысты алдын ала төлем және қосымша құн салығын төлеу жөнінде  талап қойған.

Депутаттың айтуынша, бұл отандық фискалдардың кезекті жаңалығы.

Қашаннан бері, қандай нормативтік құжаттарға және экономикалық негіздерге сәйкес қостанайлық салықшылар несие төлемдеріне қосымша құн салығы салынуы тиіс деп есептейді? Әлде олар не ақылға қонымсыз, не экономикалық тәжірибеге бағынбайтын өз фискалды саясатын жүргізіп жүр ме?

Халықаралық экономикада төлемдік және қайтарымдық шартындағы қарыз операцияларына және олардың сыйақыларына қосымша құн салығы салынбайды.  Аталмыш төлемдерде қосымша құн қарастырылмағандықтан, салық төлемінің объектісі жоқ.

Сонымен қатар, қаржылық есептердің халықаралық стандарттарына сәйкес қарыз қаражатына төленетін сыйақы өндірілетін продукцияның өзіндік құнына кіреді. Қарыз алушының тауары немес қызметінің құнында қосымша құн салығы кіріп тұр. Қарыз сыйақысына қосымша құн салығын жеке енгізу – салық төлеушінің бір шығынға екі рет салық төлеуі. Бұл өз кезегінде кез келген салық жүйесі құрылымының негізгі қағидаты – екі реттік салық төлеу қағидатына қайшы келеді.

Қазіргі ҚР Салық кодексіне сәйкес (394 бабы, 16 тармақ) төлемдік және қайтарымдық шартындағы қарыз операциялары және олардың сыйақылары қосымша құн салығынан босатылған. Төлемдік, шұғылдық, қайтарымдық шарттағы қарыз операцияларды жүзеге асыру айналымдары қосымша құн салығынан босатылғаны туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының екі ресми хатында да (2018 жылдың 18 маусымы мен 27 тамызынан, №503874 және №513021)  көрсетілген.

«Салық органдарының бұл әрекетін, аталмыш норманың салықтық заңнамада тек 2017 жылы пайда болғанымен түсіндіруге болатын шығар. Бірақ отандық заңнамада аталмыш норманың болмауы 2017 жылға дейінгі объективті экономикалық заңдардың құзыретін алып тастай алмайды. Керісінше, Салық кодексіндегі аталмыш норма кәсіпкерлерді қорғау үшін және, соған қарағанда, экономикалық қатынастардан хабары жоқ фискалды органдардың қызметкерлердің көбеюіне байланысты енгізілген», – деді Никитинская. Сондай-ақ, ол сонымен қатар салық заңнамасында түсініксіз және реттелмеген мәселелердің барлығы салық төлеушінің пайдасына қарай түсіндіретін салық төлеушінің адалдық принципінің  де пайда болғанын да атап өтті.

«Өйтпегенде, фискалдардың құқықты да, экономикалық заңдарды да елемейтін «тапқыштығының» арқасында бизнеспен айналысатын адамдарды таба алмай қаламыз. Өкінішке қарай, шенеуніктердің, әсіресе жемқорлық қаупі жоғары саласындағы,  кәсібилігі мен біліктілігінің төмендеуі тенденциясы – бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Оны келтірілген мысал да дәлелдеп отыр», – деп есептейді «ақжолдықтар».

Осыған орай, «Ақ жол» депуттатары Қаржи министрлігін аталмыш мәселені реттеп, ойдан шығарылған салықты есептеуді тоқтатып, бизнеске негізсіз қысым көрсетуді доғарып, Қазақстанның инвестициялық климатын қорғауды сұрайды.

Бұдан бөлек, фракция фискалды органдардың тәжірибесіне аймақтағы қызметкерлер үшін тұрақты түрде әкімшілік және экономикалық процестердің негізін түсіндіру, яғни «экономикалық сауаттандыру» бойынша кәсіби семинарлар мен тренингтер  енгізуді қажет деп санайды.

«Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарлама бойынша жұмысты жүзеге асыруды жалғастыруда.