«Ақ жол»: ЕЭК шешімдері кәсіпкерлер үшін жаңа әкімшілік кедергілер туғызуға әкеледі

» Санат жоқ » «Ақ жол»: ЕЭК шешімдері кәсіпкерлер үшін жаңа әкімшілік кедергілер туғызуға әкеледі

19.11.2013, 00:00

19 қараша 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

ЕЭК шешімдері кәсіпкерлер үшін жаңа әкімшілік кедергілер туғызуға әкеледі – бұл туралы Нұрлан Жазылбеков дүйсенбі күні экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың қатысуымен өткен парламенттік сағат барысында мәлімдеді.

КО-тың кедендік кодексі «Атамекен» және кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының кәсіпкерлері тарапынан қатаң және әділ сынға алынуда, олар кедендік заңнаманың өте шамадан тыс артық жүктелімге толып кеткеніне – кедендік рәсімдердің шынайы оңайлатылуы жүріп жатпағанына Үкіметтің назарын бірнеше рет аударған. Кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс заң әзірлеушілердің кәсіпкерлік қоғамдастығымен өзара әрекеттестігінің пәрменді тетіктерінің жоқтығына байланысты қиындай түседі»,- деп атап өтті өз сөзінде депутат.

«Ақ жол» депутаттарының пікірінше, біздің елдеріміздің бақылау органдары, олардың ізімен ЕЭК кәсіпкерлер үшін жаңа әкімшілік кедергілер туғызуға әкелетін нормативтік актілерді қабылдауда және енгізуде. Бұл туралы КО-тың барлық үш елінің кәсіпкерлігінің (Бизнес-үнқатысу алаңында) талдаушылары айтуда. Олар ЕЭК жұмысшы тобы екі жыл жұмыс істеп дайындаған КО кедендік кодексінің түзетулер енгізу Хаттамасының жобасы бизнес үшін айтарлықтай жақсарту әкелмегенін, ұлттық заңнамаларға сілтеме жасайтын нормаларды азайтпағанын және барлық деңгейде айтылған кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатына қол жеткізбегенін анық тұжырымдап отыр.
Кедендік реттеудің қиын жағдайының дәлелі ретінде Н.Жазылбеков «Doing Business»-тің соңғы мониторингінің «Халықаралық сауда» көрсеткіші жөніндегі нәтижелерін келтірді: біздің елдеріміз бұл көрсеткіштер бойынша соңғы позицияларда тұр, ал Қазақстан 2006 жылғы 172-ші орыннан ағымдағы жылы 186-шы орынға төмендеп кетті.
«Бұл ықтимал инвесторлар үшін біз аутсайдерлар қатарында болып табыламыз дегенді білдіреді»,- деп қорытындылады «ақжолдық» депутат және ол сыртқы шекараларды ырықтандырудың және кедендік рәсімдерді мейлінше оңайлатудың қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының а.ж. 24 қазанындағы Минскідегі сөзін еске салды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнаманы және бизнес-ахуалды ырықтандыруды іске асыру жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.