09
Шілде

Екатерина Никитинская Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті

9 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалы

Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская аймақтарды аралау жұмыс сапары барысында Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті.

Мәжілісмен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан «Юбилейный» шағын ауданындағы мемлекет баспанасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жылдың аяғына дейін жүз шақты отбасы пәтер кілтіне ие болады деп жоспарлануда.


Халық қалаулысы, сондай-ақ, шағын ауданды жылумен қамтамасыз етіп отырған жаңа қазандыққа және жаңадан ашылған Жастар сарайына барды.

Күннің екінші жартысында Никитинская партияның облыстық филиалы белсенділерімен кездесіп, азаматтарды қабылдады.