10
Шілде

Азат Перуашев іс-сапармен Шымкенттегі «Asia Trafo» трансформатор зауытына барды

10 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының төрағасы  Перуашев  Азат  Тұрлыбекұлы  және  төраға  орынбасары Қазыбек  Иса  10 шілде күні  Шымкент  қаласына іс-сапармен келді.  

Күннің екінші жартысында олар Шымкент  қаласындағы Трансформатор  «Аlageum  electric» холдингінің «Asia  Trafo»ЖШС зауытының  жұмыс  барысымен  танысып қайтты.

«Asia Trafo»зауытының  директоры  Серғазы Күнтуаров партия мүшелерін зауыттың күнделікті жұмыс тәртібімен таныстырды.

«Asia Trafo» - «Alageum Electric» электртехникалық құрылғысы Қазақстандық жетекші өндіруші құрамына кіретін трансформаторлық құрылғыны жасау жөніндегі Орталық Азиядағы ең ірі зауыт. Аталмыш  мекемеде 130- адам  жұмыс  жасайды, оның 70-і дәнекерлеуші. Жұмысшылар  зауыт  маңында  салынған  5-қабатты  40-пәтерлі үймен қамтылған, пәтердің автотұрағы да қарастырылған.

Өндіріске үдемелі және экологиялық таза технологиялар енгізілген. Олардың көбісі дүниежүзілік өндірушілермен қолданыла бастады. Шығарылатын бұйымдардың сервистік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өндірісті басқарудың жаңа жүйесі орнатылған.