27
Қараша

Өндірістік экономиканы құру, бизнеске қысымды төмендету және кәсіпкерлікке жаппай сипат беру – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы: «Алға өрлететін - өзгерістер»

2011 жылғы 27 қараша, Алматы қ.  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

 

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының съезінде үдемелі индустрияландыру бағдарламасы (ҮИЖДБ) шеңберінде іске қосылған жобаларға олар ресми іске қосылғаннан кейін 3-5 жыл ішінде қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныс айтылды.

 «Бағдарлама экономиканың қазіргі заманғы өндірістік секторын қалыптастыруға арналған, орасан көп мемлекеттік қаржы бөлінеді, алайда ресми іске қосылғаннан кейін бұл кәсіпорындар жоғалып кетеді, солардың үлгісінде бизнеске жаңа кәсіпкерлерді тартуға болатын болса да, олардың кейінгі тағдыры бизнес-қоғамдастыққа белгісіз болып кетеді» деп атап көрсетті партия төрағасы Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясы ҮИЖДБ жобаларының нақты тиімділігін іске қосылу немесе 3-5 жылдан кейін ғана жобалық қуаттылығына шығу фактісі бойынша бағаламау керек, деп есептейді, өйткені статистика бойынша жаңадан құрылған жеке меншік компаниялардың 90%-ы осы кезең ішінде жабылып қалады. Партия ҮИЖДБ жобаларының «өміршеңдігі» әлдеқайда жоғары болуға тиіс, өйткені оларды іске асыруға айтарлықтай мемлекет қаражаты жұмсалады, деп есептейді.

Бұдан басқа, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы өндірістік сектордың шағын және орта кәсіпорындарын олардың қызметінің алғашқы 3 жылында ҚҚС-дан және КТС-дан толық босатуды, мұндай қадамның бюджетке елеулі залал келтірмейтінін, бірақ жаңа компаниялардың аяқтан тұрып кететінін ескере отырып, ұсынады. 

Жалпы салық заңнамасы бойынша съезге қатысушылар тұтастай ұсыныстар кешенін берді:

- шоттарға тыйым салудан және кәсіпорындар операцияларын тоқтатудан бас тарту;

-  Жеке кәсіпкерлердің салық есептілігі мемлекеттік бюджетке тікелей залал келтірмесе, мұндай есептілік бойынша айыппұлды жою.

- Салық есептілігі бойынша талап қою кезеңінің өтіп кету мерзімін (тиісінше тексеру мерзімдерін) бес жылдан үш жылға дейін қысқарту.

-   ҚР Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастау.

- Басым салалар үшін ҚҚС-ның салалық ставкасын 0%-дан (ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу) 6%-ға дейін (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау) және т.б. енгізу.

«Ақ жолдықтар» атап көрсеткендей, бұл ұсыныстардың Кеден одағы шеңберінде қазақ бизнесінің мүддесін қорғау үшін ерекше маңызы бар. Ресейдің өзінде ҚК-ден жалған кәсіпкерлік ұғымы алып тасталған, салықтық тексеру бойынша талап қою кезеңінің өтіп кету мерзімі 3 жылды құрайды және т.б.

Бизнесмендер қатарындағы делегаттар квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындар нарығына араласуын азайтуды, мемлекет қатысатын рентабельді емес кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға беру, Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қазақстандық өндірушілердің протекционизмі және оларды қолдау саясатын қамтамасыз етуді ұсынды.