23
Қазан

«Ақ жол» фракциясы бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын қалауы бойынша оларды қайта бөлуге мүмкіндік беретін осыншама еркін пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. 2013 жылғы 23 қазандағы Мәжілістің пленарлық отырысындағы А. Перуашевтің сөйлеген сөзі

23 қазан 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бүгінгі заң жобасын талқылау, бұрынғы «Ақ жол» фракциясы айтқан бюджеттік жоспарлаудың қолданыстағы тәсілдемелеріне  қатысты бірқатар қауіптерін растады.
Бюджет туралы кодекс қазірдің өзінде, бюджеттік қаражаттарды пайдалану бойынша бақылау деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін бірқатар нормаларды қарастырады. Бұл барлығынан бұрын шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарға қатысты. Қазіргі кезде, бюджет шығыстар бөлігіне шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемінің 4 %-ын қосуға жол берген, бұл жыл сайын 250 млрд-тан астам теңгені құрауы мүмкін.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылға арналған есеп-қисабына сәйкес, Бюджет туралы заңға 3 рет және Үкіметтің қаулысына N 1428(01.12.2011) – 15 рет өзгертулер енгізілген. Бұл үрдіс үкіметтің экономикалық жоспарлауында проблемалардың бар екенін, сондай-ақ бюджеттік тәртіптің әлсіздігін де  бірден аңғартады.
Одан басқа, бірінші тоқсаннан кейін бақыланбайтын шығыстардан басқа, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар түріндегі қосымша қаржыландыруды енгізу, жыл бойы бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану қаупін, әсіресе жергілікті жерлерде едәуір арттыратын болады.
Заң жобасында кейінге қалдырылатын шарттарымен бюджеттік инвестициялар туралы нормалардың жаңа редакциясы қарастырылады. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, жоспарлаудың жалпы белгіленген кезеңдерін өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды бюджетке қосуы мүмкін.
Егер қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін бюджеттегі алдын ала мәлімделген соманың құны артатын болса, онымен тағы да жоспарлы кезеңге бюджетті нақтылау жолымен көтеру жағына өзгерту мүмкіндігі қарастырылады.
Егер де,  инвестициялар құны қарастырылған сомадан кем болатын болса, онда өкілетті орган оларды басқа бюджеттік жобалардың бағдарламалары шеңберінде қайта бөлу құқығына ие болады.
Бұл тәсілдеме іс жүзінде «артылған қаражаттарды» одан әрі басқа мақсаттарға қайта бөлу үшін жобалар құнын артық көрсету бойынша бақыланбайтын мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
«Ақ жол» фракциясы бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын қалауы бойынша оларды қайта бөлуге мүмкіндік беретін еркін жұмсауға  үзілді-кесілді қарсы.
Оған қоса, ұсынылып отырған нормалардың ішкі қарама-қайшылықтары бар. Мәселен,  ерекше тәртіпте шығыстарды жоспарлаудың негізі ретінде  олардың аса маңызды және жедел іске асыру сипаттарын көрсетеді. Сонымен бірге, нормалардың редакциясынан байқалатыны, қажетті құжаттар берілмеген жағдайда, осы шығыстар бюджеттен алынып тасталынуы мүмкін екен, бұдан олардың аса маңызды болмағаны туралы тұжырым жасауға болады.
 Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге (155-3-бап) шығыстардың жаңа түрлерін енгізу ұсынылады. Заң жобасына түсініктеме хатында, осы норманың негізділігіне дәлел ретінде бұл жалпы концессиялық құжаттардың және концессиялық жобаларды дайындаудың  сапасының төмендігіне байланысты жасалған деп көрсетіледі. Бұл жұмыс тобында талқылау барысында заң дайындаушылармен ерекше аталған болатын, себебі Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ)  тетіктерін пайдаланудың жеткіліксіздігіне байланысты, жобаның тұжырымдамасын құрудан бастап  концессиялық шарттарды бекітуге дейін сапалы жобаларды жүзеге асыратын білікті сарапшыларды тарту, білімді бір орталыққа жинақтау, қарымды инвесторлармен келісімдер жүргізу, сондай-ақ халықаралық институттармен ынтымақтастықта болуды іске асыратын бірыңғай орталықты құрудың қажеттілігі туралы сындар айтылған болатын.
Расында, Кодекстің 155-2-бабында атқарушы органдармен, сондай-ақ Үкіметпен белгіленетін жергілікті концессиялық жобалардың және басқа да заңды тұлғалардың құжаттарын конкурстық әзірлеу мүмкіндіктері қарастырылады.
Осындай жүйесіз нормалардың негізі ретінде мемлекеттік органдарда,  өңірлерде сапалы жобаларды зерттейтін және дайындайтын мамандардың жоқтығы көрсетіледі. Мүмкін, мемлекеттің есебінен оны да, басқаларды да ұстағанша, біліксіз кадрларды басқа біліктілігі жоғары қызметкерлерге ауыстырған жеңіл болатын шығар?
Оның үстіне, осыған ұқсас жобалардың кейбіреуіне қатысты сараптама көрсетіп отырғандай, әрбір жағдайда жеке консультациялық сүйемелдеуге миллиардтаған сомалар бөлінгені туралы әңгіме болып отыр.
Осындай ысырапшылдықты тиімді бюджеттендіру деп атауға күмәніміз бар.
Тұтасымен алғанда, жалпы ұсынылып отырған новеллалар заң жобасын дайындаушылармен мәлімделген орталық және жергілікті органдардың мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға және қаржылық тәртіпті күшейтуге апармайды деп есептейміз.
«Ақ жол» фракциясы үкіметке бүгінгі заң жобасын қабылдаумен шектелмеуді, салық салу мәселесі жөніндегі заңнамаларға түзетулерді қабылдау үшін белгіленген тәртіпке ұқсас  осы жұмысты жалғастыруды және тұрақты түрде бюджеттік заңнамаларды жетілдіруді талқылауға көшуді  ұсынады.