«Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша 2013 жылғы 9 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысы кезінде Азат Перуашевтің сөйлеген сөзі

» Сөйлеген сөздер » «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша 2013 жылғы 9 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысы кезінде Азат Перуашевтің сөйлеген сөзі

09.10.2013, 00:00

2013 жылғы 9 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысы
               Заң әзірлеушілердің мәлімдемесі бойынша осы Заңды қабылдау, алғашқы кезеңде жаңа бюджет саясатының Тұжырымдамасын  іске асыруға ықпал ететін болады және құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағынан оң нәтижелер әкеледі.
Алайда, мәлімделген нәтижелерге қандай қаражатпен қол жеткізу жоспарланып отыр деген сұрақ туындайды.
Мәселен, «республикалық және жергілікті бюджеттен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту және/немесе қалыптастыру  арқылы бюджеттік  инвестиция» деген жаңа ұғымды енгізу жоспарлануда, негіздеме ретінде – бюджеттік кодекс шеңберінде қажетті жаңа түсінік енгізіледі деп көрсетілген.
Бюджеттік саясатты жетілдірудің орнына, іс-әрекеттің немесе бағдарламаның өзі, өзі өзіне негіздеме ретінде қолданылып отырғанда, оған ескі кемшіліктер енгізілген болып тұр ғой. Біз үкіметті жылдан жылға талаптарды дәл осындай айырбастаулары үшін сынға алып келеміз, онда осы бағдарламадағы іс шараларды құрайтын бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштері көрсетіледі.
Көрнекі мысал: өткендегі Есеп комитетінің есеп-қисабында, денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегі бірқатар АҚ «жарғылық капиталын өсіру» бағдарламасы бойынша мақсатқа жету көрсеткіштеріне, сондай-ақ осыншама акциялар (саны көрсетіліп) сатып алу көрсетілген. Алайда, бұл жағдайда, негізгі мақсаттары теңгені жұмсау емес, ауру-сырқаулықтың санын азайту, төсек-орындарды көбейту және т.б. болуы тиіс еді ғой.
Басқа жағдай: 32 бапқа жаңа 5.2-тармақшасы енгізіледі, онда «әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарламаны жоспарлау мен орындауды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаның жетекшісі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды тұлғасы бекітіледі. Бюджеттік бағдарламаның жетекшісі бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және нәтижелерге қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады».
Бұдан, бюджеттік бағдарламалардың орындалмағаны үшін осы уақытқа дейін ешкім де жеке жауапкершілік алмаған деген қорытындыға келесің (бұл өте орынды да).  Солай болғаны да, себебі әкімшіліктің жауапкершілігі жеке тұлғаның емес, меморганның жауапкершілігін білдіреді.  Бұл жауапкершіліктің болмауына әкелді.
Бірақ,  осы тармақтың ұсынылып отырған редакциясында, бағдарламаларды сапасыз орындаудың қалайша бағаланатынын, және бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері нақты қандай жауапкершілікке тартылатынын таратып көрсетпейді. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын сәтсіздікке ұшыратқан шенеуніктер қызметінен босатылатын бола ма? Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кешегі отырысы барысында, менің осы жайлы қойған сұрағыма  Экономика министрі нақты жауап бере алмады. Егер де осы басшы миллиардтаған бюджеттік қаражатты текке жұмсаса, онда құр сөгістерден және т.с.с. қандай пайда? Сондықтан да, мұнда да бюджеттік тәртіпті нақты реттеудің ауылы әлі де алыста.
Заң жобасы бюджеттік қаражатты бақылаусыз пайдалануға мүмкіншілік беретін бірқатар нормаларды енгізеді. Мәселен, жоспарлаудың жалпы белгіленген кезеңдерін өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды қарастырады. Онымен жаңа бастамаларға бюджеттік бағдарламалардың шығыстары есебінен көтеру жағына түзету мүмкіндігі қарастырылады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді орындауға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялар жеткіліксіз құжаттарды кейінге қалдырылатын шартпен  бюджеттің жобасына қосылады. Бірақ, мұндай тәсілдеме шығыстардың осы түрлері бойынша жұмсаудың бақылаусыз өсуіне жағдайлар жасайды.
Біз жылдан жылға есеп комитетінің және үкіметтің есеп-қисаптарында    дәл осы жобалардың талқыланбауларының себептерінен бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланылатынын кездестіреміз. Ал енді мұны анда-санда болса да, әйтеуір тәртіппен жасаймыз ма?
Одан ары қарай, заң жобасымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуындағы бюджеттік инвестициялардың мониторингін бақылау қызметін іс жүзінде орталықсыздандыруды қарастырады. Егер де, бұрын осы инвестициялардың мониторингін және бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган іске асыру керек болса, енді мониторингті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің өздері іске асыратын болады.
Алайда, бұл тәсілдеме бюджеттік қаражаттармен де, сол сияқты оларды пайдалануды бақылаумен де, әр түрлі айла-шарғылар үшін  мүдделердің және мүмкіндіктердің шиелінісін құрады, себебі анау да, мынау да бір қолда болып табылады. Әсіресе мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде мұндай бастама, оны кеңінен пайдалану мүмкіндіктерін ескере отырып маңызды мәселелерді туындатады.
Ақырында, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге  шығыстардың жаңа түрлерін енгізу жобаланады. Заң жобасына түсініктеме жазбада, осы нормалардың негізділігіне дәлел ретінде бұл жалпы концессиялық құжаттардың және концессиялық жобаларды дайындаудың  сапасының төмендігіне байланысты қажет деп көрсетіледі. Меморгандар үшін жобаларды сүйемелдеу жөніндегі құзыреттілігімен ҚР Үкіметі сенім көрсеткен заңды тұлға қарастырылады. Ол потенциалды инвесторлармен, сондай-ақ халықаралық институттармен ынтымақтастықта келісімдер жүргізу, бір орталықта білімді шоғырландыру, кәсіби сарапшыларды тарту жолымен жобаларды сапалы тұжырымдама жобасын құрудан бастап концессия шартын бекітуге дейін жобаларды сапалы дайындауды жүзеге асыратын болады.
Ал, енді Үкіметтің немесе концессияшылардың өзінде, осы рөлді атқаратын кәсібиліктің немесе білікті кадрларының жетіспегені ме? Жобаны дәйекті дайындауға қабілетсіз, осындай біліксіз органдар немесе инвесторлар  не үшін керек?
Жалпы алғанда, заң жобасындағы мәлімделген сөзсіз оң және өзекті мақсаттарды орындау үшін, ондағы ұсылынған құралдар ондағы қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейді.
Сондықтан да, ұсынылып отырған новеллаларды нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін нақты жетілдіру деп мақұлдау мүмкін болар ма екен.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы осы заң жобасын қолдамайды.