«Ақ жол» партиясы Ұлттық қорды «жеп қоюды» болдырмау керек деп есептейді және оны басқарудың мөлдірлігін қамтамасыз етуді ұсынады. А.Перуашевтің 2013 жылғы 23 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзі

» Сөйлеген сөздер » «Ақ жол» партиясы Ұлттық қорды «жеп қоюды» болдырмау керек деп есептейді және оны басқарудың мөлдірлігін қамтамасыз етуді ұсынады. А.Перуашевтің 2013 жылғы 23 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзі

23.10.2013, 00:00

А.Перуашевтің 2013 жылғы 23 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзі
Құрметті әріптестер!
«Ақ жол» партиясының фракциясы заң жобасын қарап шығып, келесі жағдайларды атап өткенді қажет деп санайды.
Бюджетті жоспарлау және жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық қордағы қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету қажет, себебі  оның негізгі мақсаттары Президентпен бекітілген, әлемдегі шикізат нарықтарындағы ауытқулардан қор жинау және бюджетті тұрақтандыру, (ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасының 3-бабы, 2.04.2010 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген).
            Сондықтан, Қор қаражатын өзге міндеттерге жұмсау оның стратегиялық бағытына сәйкес келмейді.
            ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы
            Жыл сайын Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде алуға болатын объективті негіздер:
            Біріншіден, бюджетке мұнайлық емес табыстардың тапшылығының салдарынан ҚР азаматтарының алдындағы (зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, кепілдендірілген медициналық көмек және т.с.с.) әлеуметтік міндеттерді орындау қажеттілігі;
            Екіншіден, шын мәнінде болашақ ұрпаққа инвестициялық жинақтар болып табылатын, экономикалық құрылымды нақты жақсартуға және мұнайлық емес түсімдерден тәуелділікті төмендетуге қабілетті ірі экономикалық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
            Сонымен қатар, халықаралық сарапшылар «Егер мемлекеттік инвестиция көлемі өте тез өсетін болса, бір елдің экономикасын шектеулі жұту мүмкіндігінің арқасында тиімсіздік тек қана арта түсетін болады деп есептейді». (Как избежать ресурсного проклятья,  М.Хамфистің, Д.Сакстің. және Д.Стиглицтің редакторлығынан, М.: Гайдар Институтының басылымы, 2011, 464 б., 208 б.)
            Соңғы жылдары Ұлттық қордан трансферттердің өсуі байқалады. 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны – 14%-ы, 2013 ж. – 1,8%-ы, 2014 ж. – 8,8 %-ы құрайды. 2013 және 2014 жылдары республикалық бюджеттің шығысының жалпы көлемінің 23,8 %-ын кепілдендірілген трансферт есебінен қаржыландыру жоспарлануда. Бірақ, қазіргі уақытта шығыстардың бағытын нақтылау тек қана мақсатты трансферттерге қатысты және онда да аса ірілендірген түрде жүргізілуде, бұл осы қаржыларды жұмсауға байланысты бақылаудың нәтижелік жүйесінің жоқтығын айғақтайды.
 
            Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде бюджеттен арнайы тарау бөлуді белгілеу қажет, онда кепілдендірілген (оның ішінде жеке-жеке облыстар бойынша), сондай-ақ мақсатты трансферттерді жұмсаудың бағыттары, объектілері, бюджеттік  әкімшілері және шараларын  нақтылаумен егжей-тегжейлі анық көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, дағдарыс кезеңінде Ұлттық қордан банктермен, квазимемлекеттік құрылымдарымен алынған ақшалай қаражаттарды, сонымен бірге мемлекеттік холдингтердің жарғылық қорын толтыруға Ұлттық қордан жыл сайын бөлінетін қаржыны қайтаруды заң жүзінде нақтылап және тәртіпке келтіру керек. Бұл шығыстар ұзақ мерзімді сипатқа ие және осы уақытқа дейін олардың мақсатты және тиімді пайдалануына байланысты нақты реттелген бақылау жүйесі жоқ.
 
            Ұлттық қордан трансферттердің мөлшері
            Мұнайдан түскен кірістерді мемлекеттің ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға пайдалану кезінде трансферттің жол берілетін мөлшерін ұтымды белгілеу бюджеттік теңгерімділікті сақтаудың маңызды шарттары болып табылады. Теориялық жағынан алғанда, мұнайдан түскен кіріс есебінен бюджетте трансферттің оңтайлы мөлшері мұнай байлығының дисконтталған құнынан кіріске тең болуы тиіс.
            Бұл қолданыстағы тәсілдемеге белгіленген азайтылмайтын қалдық параметрлеріне тиісті өзгертулерді талап етеді. Бюджетті қарау кезінде Ұлттық қордың өсу көлемін екі параметр бойынша: нақты көрсетілген салық түсімдерінің есебімен және инвестициялық кірістің өсу есебімен бекіту маңызды.
            Келешекте Норвегияның осындай қорының («Зарубежье – мемлекеттік зейнетақы қоры») жұмыс істеуінің заманауи үлгісін пайдалана отырып, негізгі капиталды жұмасудан мүлдем бас тарту қажет, онда мұнай мен газ өндіруден түскен кірістің мемлекеттік бөлігі қорда жинақталады. Үкімет негізгі капиталды жұмсай алмайды және жыл сайынғы инвестициялық кірісінің шегіндегі бөлігін ғана мемлекеттік бюджетке жібереді. Сонымен қатар, есепке таза кіріс, яғни басқару бойынша (шығыстарды) шығындарды шегергендегі құнсыздану көрсеткішіне түзетілген кіріс қабылданады.
            Мұндай тәсілдеме толық жинақтау қағидасын енгізуді қамтамасыз етеді, мұнайдан түскен түсімдердің барлығын сақтау жорамалданады және мұнай байлығын бағалауды талап етпейді.
            1996 жылдан бастап Норвегия қорында 456 млрд. доллар жинақталған. Тұрғындары 4,7 млн. адам болғанда (әлемдегі тұрғындардың мыңнан бірі -0,1% (промилле), елі дүниежүзілік құнды қағаздардың құнының 0,8 % (8 промилле) иеленеді.
Қазіргі кезде Норвегия Қорындағы жинақ елдің ІЖӨ-нен 1,3 есеге асып түседі.  Олар елдің алдағы 10 жылдықта мемлекеттік бюджеттегі 15 % мөлшеріндегі мүмкін болатын тапшылықты қаржыландыруға жеткілікті деп болжанып отыр.
 
Қор активтерін орналастырудың ашықтығы туралы
Қор қызметі жалпы жұрт үшін  қажетті деңгейде мөлдір болуы тиіс.
Мәселен, Қор операциясы үшін жауап беретін Норвегияның Орталық банкі жыл сайын қордың барлық инвестициялары жөнінде, сондай-ақ Қор меншігіндегі акциялар бойынша дауыс берудің қалай жүргізілгені туралы есеп-қисап жариялап тұрады. Қор активтерін сырттан басқаруға қатысатын мамандандырылған шетелдік компаниялардың тізімін арнайы сайтта орналастырады.
Қордың ашықтығы, сондай-ақ мұнай қорларының қаржысын инвестициялау қағидаларын ашық мәлімдейді.
Норвегияда ҰҚ инвестициялау стратегиясы қаржы салуды әртараптандыруға және тәуекелдерді барынша азайтуға негізделеді. Инвестицияның 40 % облигацияларға (еуропалық – 60%, және американдық 35%) және 60% акцияларға (еуропалық – 50% және  американдық – 35 %) жүзеге асырылады. Осы екі бағыттың әр қайсысында да салу тәуекелдері көптеген бағалы қағаздардың түрі бойынша бөлінген.  Жеке компанияның акцияларын салу мөлшеріне шектеулер белгіленген – инвестиция оның акционерлік капиталының 5 % аспауы тиіс.
Қазақстанда Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы ресми жарияланатын жыл сайынғы есеп-қисап іс-жүзінде  стандартты қаржылық есеп беруді білдіреді (түсім және шығыс, бухгалтерлік баланс туралы есеп, кіріс және залал туралы есеп, сондай-ақ ақшалай қаржының қозғалысы, ақша түріндегі таза активтердегі өзгерістер бойынша есеп). Қор активтерінің құрылымы ешқандай да таратылып көрсетілмей біріктіріліп беріледі, тұрақтандырылған және жинақталған қоржындар бойынша жалпы түрде тек пайызға бөлініп берілген. Ұлттық қорда инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібі негізінен жалпы ережелерден және сілтеме нормалардан тұрады. Басқарудың жалпы стратегиясы ешқандай да нақты шектеулерсіз, тұрақтандыру және жинақтау қоржындары бойынша бөлуді ғана болжайды.
Соңғы жылдары жоғарыда көрсетілген есеп-қисаптардың көлемі тағы да көптеген қысқартуларға душар болды. Инвестициялау қағидаларына негіз болатын уәкілетті органдардың қаржыларын, басқарушы компаниялардың тізімдерін, сондай-ақ қаражат инвестицияланған бағалы қағаздарды және өзге де активтерді  жариялауды ғаламторда орналастыру жолымен Қордың басқару жүйесін түсіндірудің бұдан да ашық үлгісіне көшу маңызды. Олардың тізімі кез-келген Қазақстан азаматына қол жетімді болуы үшін ашық болуы тиіс.
«Ақ жол» партиясы қазіргі уақытта бюджетке тұрақты қосып тұру арқылы Ұлттық қорды «жеп қоюды»,  жыл сайынғы мұнайлық емес тапшылықты қысқартуды, тиісінше  – Ұлттық қордан трансферттерді қысқарту   тәжірибесіне көшу маңызды деп есептейді.
Болжанған параметрлер сақталмаған жағдайда, Үкімет бюджетті бекіткен кезде немесе оны орындау туралы қорытындысы бойынша есеп беру кезінде орындамаудың объективті себептеріне міндетті түрде арнайы түсніктеме беруді белгілеу қажет. Толық «жинақтау» қағидасы бойынша қор қаражатын жұмсауға өткенге дейін, мұнайдан түскен кірістің есебінен мұнайлық емес ІЖӨ-ге %-ға трансферт көлемін белгілеу жолымен тапшылықты қаржыландыру мүмкін. Оны сақтау шикізат ресурстары біртіндеп сарқылған кездегі ІЖӨ-ді қоса алғанда шикізат емес ІЖӨ-нің қайтарымды үлесінің өсуін ынталандыруы тиіс, бұл «тұрақты пайдалану» қағидасына сәйкес келеді.
 
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет