07
Қазан

Санат жоқ 07.10.2013

«Ақ жол» партиясының депутаттары Алматыдағы өртенген базарлардың кәсіпкерлерімен кездесті

7 қазан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Өткен аптада «Ақ жол» фракциясының депутаттары Азат Перуашев, Меруерт Қазбекова және Алмас Тұртаев алматы базарларында болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті.
А.ж. 13 қыркүйекте Алматы қаласында 5,4 мың шаршы метр алаңды алып жатқан көтерме сауда базарларының бірнешеуінде өрт болған, ал «Ақ жол» фракциясы 18 қыркүйекте зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетуді сұрап Үкіметке үндеу жолдағанын естеріңізге саламыз.
«Айта кету керек, базарлардағы кәсіпкерлер - олигархтар емес, олар түрлі себептерге байланысты кәсіптің осы түріне ауысқан және көп жағдайда  үйлеріндегі жалғыз асыраушысы болып отырған қарапайым әйелдер, - деп үндеуде атап көрсетілген. Сонымен қатар, келтірілген шығын көлемдерінің ауқымдылығын еске алсақ, қала әкімдігі басшылығымен жүргізіліп жатқан шаралар жеткіліксіз - жүздеген зардап шеккен кәсіпкерлер бала-шағасымен далада қалып және олардың отбасылары болашаққа деген қандай да бір үмітсіз бейшара өмір сүруге ұшырау қаупінің бар екені де көрсетілген.
«Ақ жолдың» депутаттарымен кездесуге барлық: «Олжа», «Керемет», «Аян» және «Алатау» базарларынан зардап шеккендер, сондай-ақ Базарлар қауымдастығының басшылығы келді.  Зардап шегушілер депутаттарға олардың адал салық төлеп тұрғандарын және заң негізінде жұмыс істегендерін дәлелдейтін – кәсіпкерлердің жеке куәлігі, салық төлегендері туралы құжаттарын көрсетті.
«Біз жұмыссыз тұрып қала алмаймыз, себебі жылдар бойғы жинаған клиенттерімізді жоғалтамыз. Жаңа сауда орындары анықталғанша бізге бұрынғы базарларда жұмысымызды жалғастыра беруге  мүмкіндік беріңіздер! Тіпті ашық аспан астында жұмыс істеуге және өзіміз үйінділерді тазалауға қатысуға дайынбыз!», - деп мәлімдейді ашынған әйелдер.
БАҚ-да таратылған ақпараттар бойынша зардап шеккен базарлар заңсыз жұмыс жасаған, бұдан бұрын шығарылған сот шешімдеріне сәйкес жабылуға тиіс еді. «Бірақ бұл туралы біз неге білмедік? Егер де бұл базарлар заңсыз болса, патент берген кезде жұмыс орны деп осы базарларды көрсетуге неге рұқсат берді, кассалық аппараттар неге тіркеді?», - деп сұрайды кәсіпкерлер.
Өртенгендер олар үшін басқа базарлардан сауда орындарын беру мәселесін шешу туралы ресми ақпарат орынсыз деп есептейді.
«Бізге «Өжет» базарындағы сауда орыны 2200 доллар тұрады деп айтты, әкіммен кездесуге барғанда  ол 8 мың болды, ал қазір бізден нақты 12-18 мыңнан талап етіп отыр», - деп мәлімдеді З.Имралиева. Өртенгендердің ақпараттары бойынша, басқа базарлардың иелерімен байланыстағы  кейбір адамдар сауда орындарына деген жаппай сұраныстан дәмеленіп, сауда орындарын үш есе бағаға қайта сатып жүр. 
Өртенген мүлік туралы анықтамалар алу мәселесі жеке топтамамен талқыланды, онсыз несие бойынша төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді ресімдеу мүмкін емес. Зардап шегушілердің айтуынша, оны алу  үшін өрт сөндірушілерге шағымдарының жоқ екені туралы қолхат талап етіп отыр. Алайда, кәсіпкерлер мәселенің бұлай қойылғанымен келіспейді.
Кездесу бірқатар өзекті мәселелерді анықтады, кәсіпкерлер оны талқылау үшін уәкілетті меморгандардан жұмыс тобын құруды сұрайды.  «Ақ жолдың» депутаттары әкімдік және үкімет алдында бұл өтінішті қолдауға уәде берді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.