03
Қазан

Санат жоқ 03.10.2013

Құрылысқа рұқсат беру рәсімдері екі жылға дейін созылуда - тапсырыстарды қараудың мерзімдерін қысқартумен келісу органдарының тізімін барынша азайту қажет және «бір терезе» қағидасы бойынша электронды түрде берудің мүмкіндігін қарастыру керек

3 қазан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Құрылысқа рұқсат беру рәсімдері әр кәсіпкердің орташа есеппен 18 айдан 2 жылға дейінгі уақыттарын алады – бұл туралы Талғат Ерғалиев Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына жазылған фракцияның депутаттық сауалында мәлімдеді.
«Бизнесті құру және жүргізу кезінде кәсіпкерлердің қолдануы тиіс күрделі және ашық емес рәсімдері  экономикалық өсуге өте үлкен  кедергісін тигізіп отыр», - деп есептейді фракция депутаттары.
Олар қалада құрылыс жүргізу кезіндегі келісулерден өту және құжаттарды ресімдеудің егжей-тегжейлі тәртіптерін мысал ретінде келтірді.
Құрылысты бастардың алдында кәсіпкер жергілікті атқарушы органға жер телімін бөлу үшін өтініш беруі тиіс, оны қарау орташа бір ай уақыт алады. Жер телімі бөлінгеннен кейін, құжаттар «Қалалықсәулет» ЖШС-нің жергілікті бөлімшесінде, «Басжоспар» ЖШС-нің, «Сәулет басқармасы»  МБ-ның, «Жер қатынастары басқармасы» МБ-ның бөлімшесінде, ТЖМ-нің өңірлік бөлімшелерінде, экология, санитарлық-эпидемологиялықбақылаудепартаменттерінде және қаланың бас сәулетшісінде келісілуі қажет.
            Т.Ерғалиевтің пікірінше, аталған ведомстволардың басшыларының әрқайсысының өзінің қабылдау уақыттары бар, сондықтан көрсетілген келісу рәсімдерін өтуге кеткен уақытты есептеу мүмкін емес. Бастапқы кезеңді  өткеннен кейін, бөлінетін жер телімі бойынша мәселені шешу қала әкімінің орынбасары төрағалық ететін комиссияның қарауына арнайы қаулы шығару үшін енгізіледі.  Белгіленген тәртіптерден одан әрі өту үшін «Сәулет басқармасы» МБ-нан сәулет-жоспарлау тапсырмасын, кешенді есепті, жобалау кезеңінде жер телімін игеру шартын, жердің телімдерге бөлінген координаттарын, топографиялық суретін сұратуы қажет. Коммуникация желілеріне рұқсат алу үшін осындай сауалдар өңірлік энергетикалық компанияларына, сумен және жылумен жабдықтайтын ұйымдарға  жіберіледі. Коммуналдық ұйымдардың әрқайсысынан техникалық шарттарды алу үшін жарты айдан астам уақыт кетеді.
«Жер ресурстары және жерге орналастыру қалалық ғылыми-өндірістік орталығында» екі аптаның ішінде жер телімін 6 айға жалға алу туралы шарт дайындалады. Мұнымен қатар, сыртқы желілерді жобалау үшін жол сұлбасына және қайтадан  топографиялық суретке тапсырыс беріледі. Одан әрі жобаның алғашқы нұсқасына тапсырыс беріледі. Жұмыс жобасы және мемлекеттік сараптамаға тапсырыс әзірлеу үшін құжаттар алдын ала және қала құрылысы кеңестеріне қарауға жіберіледі. Сосын, алынған барлық құжаттар инженерлік-геологиялық  зерттеулердің материалдарымен бірге жоспарлау мекемесіне  жіберіледі, олар 6 айдан 2 жылға дейінгі мерзім аралығында дайындалады.
Көрсетілген  рәсімдердің барлығын өтіп болғаннан кейін, сараптама қорытындысы және жобаның нұсқасы жер комиссиясына беріледі, оң шешім қабылданған жағдайда тиісті қаулы шығарылады.
«Мысал ретінде келтірілген рәсімдер, құжаттарды дайындау кезінде қандай-да бір қате жіберілмеген болса, әр кәсіпкердің орта есеппен алғанда 18 айдан 2 жылға дейін уақытын кетіреді, ал дәл осындай рәсімдер Еуропаның экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкердің асып кетсе екі ай уақытын алады, - дейді «Ақ жолдың» депутаттары. - Бұл рәсімдер өндірістерде шығындарды өсіреді, кәсіпкерлердің нарыққа шығуын шектейді, бизнестің дамуын тежейді және бәсекелестікті әлсіретеді, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік береді».
Осыған байланысты, «ақжолдықтар» Үкіметке тапсырыстарды қараудың мерзімдерін қысқарта отырып, келісу органдарының тізімін барынша азайтуды, сондай-ақ бұл қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша электронды түрде көрсетудің мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және отандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.