«Ақ жол» ҚДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды

31.03.2014, 10:01

31 наурыз 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» ҚДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды.
А.ж. 30 наурызында, өткен жексенбіде Ақтөбе облысының 12-ші ауылшаруашылық сайлау округінде сайлау өтті.
Дауыс берудің қорытындылары бойынша сайлаушылардың 87 % дауысын жинаған Асқар Садықов облыстық мәслихаттың депутаты болды.
«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевтің жаңа сайланған мәслихат депутатының атына жолдаған құттықтау жеделхатында «Жаңа жауапты қызметте Сіздің күш-қуатыңыз және кәсіби біліміңіз Қазақстанның өркендеуіне және Тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталатынына сенеміз. Сізге денсаулық, береке-бірлік, сәттілік тілеймін», – деп айтылады.
Садықов Асқар Аманбайұлы, 1969 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр. Еңбек жолын 1992 жылы Орынбор қаласында «Орынбор монтаж зауытының» ҚМБ-1 тресінде монтажшы қызметінен бастаған. «Жан» фирмасының директорының орынбасары, «Ата-Дәуір» АҚ-ның вице-президенті, «А-Г және компания» ЖШС-нің Бас директоры, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-де құқықтық қамтамасыз ету және корпоративті басқару бөлімінің бастығы, «Асель-Қазақстан» ЖШС-нің қадағалаушы кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ҰЭКП-ның Ақтөбе филиалының директоры болып жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап – «Ақ жол» партиясының облыстық филалының төрағасы. «Құрмет» орденімен марапатталған.