Азат Перуашев ТЖМ басшысы Владимир Божконы «Азаматтық қорғау туралы» заң бойынша тікелей эфирде көпшілік алдындағы пікірталасқа шақырады

» Санат жоқ » Азат Перуашев ТЖМ басшысы Владимир Божконы «Азаматтық қорғау туралы» заң бойынша тікелей эфирде көпшілік алдындағы пікірталасқа шақырады

27.09.2013, 00:00

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 27 қыркүйек 2013 ж.
Кеше Закон.кз сайтында В.Божконың «Ақ жол» партиясының «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы бойынша ұсыныстары «азаматтарды қорғау жүйесін күйреуге» әкеледі деген мәлімдемесі жарияланды.
Бұған байланысты «Ақ жол» депутаттарының табандылықпен талап қоюының арқасында ғана заң жобасына  азаматтық қорғау саласы өкілетті органына (ТЖМ) төтенше жағдайларды жою сияқты міндеттердің енгізілгенін еске түсіруді қажет деп санаймыз. Оған дейін ТЖМ тек қана ТЖ-дың алдын алу мен ТЖ-дың салдарларын жоюмен ғана айналыспақ болған. Төтенше жағдайларды жою министрлікпен тікелей өз міндеттеріне кіретіні тіпті қарастырылмаған, заң жобасында мұндай бөлім немесе тарау, ТЖ жою деген ұғым да мүлдем жоқ болып шықты.
 «Ақ жол» ҚДП фракциясы ғана заң жобасы мемлекеттік өрттен қорғау қызметі тек мемлекеттік нысандардағы және тұрғын үй алабындағы өрттерді сөндіруді көздеп, азаматтардың тең құқықтылығын бұзатындығына назар аударған. Мемлекеттік емес және өндірістік нысандар, ТЖМ редакциясына сәйкес, өрттерден қорғану үшін коммерциялық шарттар жасауы тиіс. Нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің конституциялық кепілдіктерін сол сәтте адамның қайда болып, қандай – мемлекеттік пе немесе жекеменшік нысандарында ма жұмыс істеуіне тәуелді етіп қойған. Біздің талаптарымыздан кейін мемлекетпен өрттен қорғауға жататын аумақтар ұғымына елді мекендердің барлық аумақтары (тек тұрғын үй және мемлекеттік объектілер ғана емес) кірді, сөйтіп аталған мәселе шешімін тапқандай болды.    
 «Ақ жол» депутаттарының  бұл заң жобасы бойынша принципті және өте маңызды сипаттағы ұсыныстары жайында бұдан басқа да мысалдар жеткілікті. Мәселе мынада: біз азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруде қазіргі заманғы талаптар мен жағдайларды ескеруге ұмылсақ, ал ТЖМ өткен ғасырдың ұстанымдарынан айрылғысы келмейді. Мәселен, мұндай жағдай «Баршаның назарына» хабарлау дабылы бойынша пікірталастардың кезінде орын алды, ол бойынша тұрғындар қауіпсіздіктің бүкіл нормаларына қайшы келетініне қарамастан (электр приборларынан ажырату, қауіпсіз жерге көшіру және т.б.), радио мен теледидарды қосып қойып, нұсқаулықтар тыңдап, орындарында қалуы тиіс-тін. «Ақ жолдың» нақты дәлел-дәйектерімен тұрғындарды бұл норманы жедел хабарлаудың толық кешені кіретін хабардар етудің заманауи жүйесімен айырбастау мүмкін болды.
Заң жобасының үлкен кемшіліктерінің бірі, оның кәсіпкерлікке қарсы бағытталуы болып табылады: мемлекеттік қызметті коммерсияландыру, бизнеске басы артық қысым көрсету және бақылау функцияларының шамадан тыс кеңеюі.
Заң жобасының әлсіз әзірленгенін жалпы көлемі 107 парақ мәтінге бірінші оқылымда 1500-ге жуық түзетулер енгізілгені жайлы деректің өзі-ақ көрсетіп тұр. Басқаша айтқанда, мәтіннің әрбір парағына 12 ескертпелер мен толықтырулар болған. Мектеп оқушыларының мұндай «шығармаларына» көп ойланбай-ақ екілік баға қойылады, ал министр өз жұмысын жарамды деп санайды.    
Жұмыс тобының, «Ақ жол» депутаттарын қоса алғанда, күш-жігерімен бірінші оқылымнан кейін парламентке түскеннен мүлдем бөлек өзге құжат өмірге келді. Екінші оқылымда «Ақ жол» депутаттарымен тағы да 80-ге жуық түзетулер енгізілді, яғни бұл үдеріс жалғасуда.  
Дегенмен, В.Божко мырзаның фракция депутаттарының көптеген ұсыныстарының өтпей жатқандығын айтуы орынды. Бұл да қалыпты жәйт, өйткені «Ақ жол» парламенттегі азшылық болып табылады. Бірақ бұл шешімдердің негізділігі даулы болып жатуы да сирек емес, бұған байланысты ҚДП қоғамдық пікірге жиі жүгінеді және осы пікірталастардың барысын БАҚ-да жария етуге ұмтылады. Мәселен, тек бірінші оқылымның барысында партияның баспасөз қызметімен ондаған баспасөз баяндары таратылды, олар баспасөзде жарияланды және Интернетте кеңінен талқыланды. Біз заңды бірқатар жаңа бөлімдер мен баптармен толықтыру қажеттілігін көрсеттік, әйтпесе оны іске асыру (мәлімделген игі ниеттерге қарамастан) мүмкін емес болып қала береді.
 «Ақ жол» партиясы парламенттегі өзінің міндеттерінің бірі заң шығарушылықтың айқын және жариялы үдерісін құру деп біледі.
Жоғарыда айтылған В.Божко мырзаның мәлімдемесінің пайда болуы біздің маңызды мәселелер мен заңдарды көпшіліктің талқысына салу жолымыздың дұрыстығын растайды. Бұл бәлкім парламенттік азшылықтың ұстанымдарына байланысты парламентте заң жобаларын өткізудің қиындықтары туралы айтқан үкімет мүшесінің соңғы жылдардағы бірінші мәлімдемесі шығар.
Біздің фракцияның бұл аса маңызды құжатқа мән беріп отырғанын фракция төрағасы Азат Перуашевтің заң жобасының жұмыс тобына кіріп, оның ережелері жөніндегі пікірталастарға тікелей өзінің қатысуынан да байқауға болады және атап өткеніміздей, дауыс беру кезінде азшылықта қалып қойып жүргені де рас.  
Осыған байланысты, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» заңды талқылау кезіндегі «Ақ жол» ҚДП депутаттарының рөлін бұрмалап түсіндіруден аулақ болу үшін Азат Перуашев ТЖМ басшысы Владимир Божкоға жуырдағы аптада журналистердің қатысуымен немесе тікелей эфирде пікірсайыс форматында заң жобасын көпшілік алдында жариялы түрде және әрбір бап бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстарынан  қорғауды тікелей өзінің өткізуін ұсынады.