27
Қыркүйек

Санат жоқ 27.09.2013

Азат Перуашевтің кедендік бақылау комитетінің «беделімізге нұқсан келтірді» деген айыптауларына түсініктемесі

27 қыркүйек  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
            Кеше Кедендік бақылау комитеті парламентте үкімет сағаты барысында енді бұрынғы КБК-нің басшысы  Мәжит Есенбаевқа менің қойған сұрағыма байланысты осы ведомствоның «беделімізге нұқсан келтіреді» деп мені айыптаған ақпарат таратты.
            Сонымен бірге, жауапты құрастырушылар, тіпті менің қойған сұрағымның негізділігін дәлелдейтін  суреттерді көрсетемін  деген әлдебір «қаһарлы уәделер» бергені үшін мені қысып алғысы келген қызбалықтарын тежей алмапты.
            Осыған байланысты, қаржы министрлігінің кедендік әкімшілендіру саласындағы жұмысы туралы есебіне арналған ресми отырыс барысында ҚР парламентінің депутаты міндеттерін атқару аясында қойылған сұрақ екенін авторлардың естеріне салуды қажет деп санаймын. Шенеуніктерге тек жағымды сұрақтарды ғана емес, кей кездері ыңғайсыз сұрақтар қою - менің тікелей міндетім. Бұл тікелей мемлекеттік билік тармақтарын бөлудегі конституциялық қағидадан шығады.
            Сонымен қатар, Кедендік бақылау комитеті шамасы өздерінің жауаптарына ыңғайлы болуы үшін, менің сөздерімді бұрмалаған. Алайда мұндай айла-әдістердің барлығы да отырыстың бейнежазбасы және стенограммасымен өте оңай әшкереленеді.
            Мәселен, КБК түсініктемесінде, «Қайрақ» өткеліндегі ахуал туралы мәселеге өте көңіл бөлінген, оған Есенбаев мырза жауап берген сияқты көрсетеді. Дегенмен, менімен «Қайрақ» өткелі туралы сұрақ қаржы министрі Болат Жәмішевке қойылған болатын,  ол мұны реттеуге уәде берген.
            Есенбаев мырзаның өзіне мен: Қазақстанның барлық  кедендік өткелдердің жанында  - Ресейден бастап оңтүстік шекараға дейін – республиканың Мемлекеттік туымен қатар ведомствоның көгілдір-жасыл жалауын пайдалану неге негізделінген? - деген тек бір ғана сұрақ қойдым. Кеден комитетінің баспасөз-қызметі  «Ресейден» деген сөзден кейінгі  дәйексөзді әдейі алып тастаған, бұл оларға  тек қазақстан-ресей шекарасындағы, Кедендік одақ құрылғаннан кейін ол жерден кедендік бекеттер алынып тасталған өткелдер туралы жауап беруіне мүмкіндік берді. Сонысымен, КБК  менің БАҚ-на «Қарасу»  кедендік бекетінен (Жамбыл облысы)  жіберген суретті елемеуге тырысты, онда ҚР Мемлекеттік туымен ҚАТАР қойылған кеден комитетінің жалауы айқын көрінеді.
            Бірақ істің мәні мынада, Ресеймен шекара бойындағы өткелдерде де ҚР Мемлекеттік туының қасында кеден комитетінің көгілдір-жасыл жалауы ілінген. Бұл Батыс Қазақстан облысы Сырым өткеліндегі суреттен айқын көрінеді.
            Бұл ретте, Есенбаев мырза Қазақстан Республикасы аумақтарында қандай да бір ведомстволық белгілердің бар болуын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Оның үстіне,  ол мені мәліметтердің дұрыс еместігімен айыптады, сөзбе-сөзбе айтсақ: «Азат Тұрлыбекұлы  шындыққа сәйкеспейтін нәрсені айтуы бірінші рет емес» - деп мәлімдеді.
            Сондықтан да, мен өткелдерден түсірілген суреттерді көрсетуге уәде бердім, және келесі күні Ресей және Қырғызстан өткелдеріндегі ҚР Мемлекеттік туымен қатар қойылған ведомстволық белгілер мен жалаулардың суреттерін таратып, мұны орындадым. Алайда, бұл ретте мен  кеденнің «беделіне нұқсан келтіру» емес, өз сөзімнің негізділігін дәлелдеуге тырыстым.
            КБК баспасөз-қызметінің үкімет қаулысына сілтемесінде,  ведомстволық жалау «кеден органдарының қарамағындағы өзен, теңiз кемелерiнде және кеден органдары мекемелерiнде қолданылады» деп белгіленген –  ал «МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ» деген тек менің күмәнімді айғақтайды, себебі бұл – кабинеттерде, холлда және т.б. дегенді білдіреді. Ешқандай да ғимаратта емес, оның үстіне ҚР Мемлекеттік туымен қатар емес.
            Егер, Мәжит Төлеубекұлы өзінің жауабында айқын нәрсені жоққа шығармаса (оның үстіне парламент депутатын алдады деп айыптамаса), ал көрсетілген қаулыға сілтеме жасаса – осы болған дауға ешқандай себеп  болмас та еді. Ең дұрысы, шамасы, шындығына келгенде ол қойылған сұрақтың жауабын білмеді, бірақ бұл оған мені әріптестерімді алдады деп жазғыруға құқық берген жоқ. Өкінішке орай, кейбір кезде қызбалық осындай тәжірибелі басшының өзін де ұятқа қалдырып жатады.
Кеше КБК басшысы ауысқаны белгілі болды. Бұл рәсімнің біз дауласқан кезде болғаны мен үшін өкінішті, себебі мен Мәжит Төлеубекұлын адал адам, ақылды кәсіпқой ретінде сыйлаймын.  Шын жүректен оған өмірде табыс тілеймін және олардың болатынына күмәнданбаймын.
            Сондай-ақ, жаңа төрағаны – Госман Кәрімұлы Әмринді қызметке тағайындалуымен құттықтаймын, көптеген кәсіпкерлер оны бір талай мемлекеттік бағдарламаларға жүйелі сипат берген, ШОБ және инновациялық сектордың нақты қалыптасуына жәрдемдескен шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі құрылымдардағы жұмысы бойынша біледі. Ол сондай-ақ жаңа қызметте де ұлттық бизнестің сыртқы экономикалық қызметін дамытуға, Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін іске асыруда  табысты жәрдем көрсете алады деп үмітенемін.
            Ал жоғарыда айтылған КБК баспасөз-қызметінің менің жеке басыма қатысты қисынсыз айыптауларына байланысты түсініктемелеріне, кез келген мекеменің беделі кімнің болса да сөзіне емес, нақты атқарған істеріне және қоғамдағы шынайы беделіне байланысты екенін еске салуды қажет деп санаймын