11
Қыркүйек

Санат жоқ 11.09.2013

«Ақ жол» тұрғындар үшін газдың құнын төмендетуді талап етеді

11 қыркүйек  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» тұрғындар үшін газдың құнын төмендетуді талап етеді – кеше Т.Ергалиев Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына фракцияның депутаттық сауалын жариялады.
«Қазақстан табиғи газ қоры бойынша әлемде алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Соған қарамастан кейбір облыстарда газдың бағасын табиғи газды импорттайтын елдердің бағасымен салыстыруға болады. Сонымен қатар, газдың көтерме бағасының бірдейлігіне, текше метрі үшін 85 доллар екеніне қарамастан, газбен жабдықтаудың тарифтары ОҚО - 22,9 теңгені, Алматы облысында – 21,76 теңгені, Қостанай облысында – 18,6 теңгені құрайды».
Фракция депутаттарының пікірінше, бұл «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының нормаларын бұзу болып табылады, оған сәйкес  табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тең шарттарын ұсынуға міндетті, оның ішінде реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жетімділік болуы тиіс.
Табиғи газ құнының жоғары болуы жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнының жоғарылауына әкеледі. Сонымен бірге, елдің солтүстік бөлігіндегі, мысалы, Қостанай облысындағы температураның ерекше төмендігі және ұзаққа созылған жылу маусымымен (213 күн)  ахуал қиындай түседі.
Қостанай облысындағы газдың құны көрші Ақтөбе облысымен салыстырғанда 8 есеге қымбат,  Қостанай облысының тұрғындары жылыту үшін айына 106 –дан астам теңге төлейді, яғни  екі есе, ал облыстың солтүстікте орналасуының есебінен республика тұрғындарының жылытуға орташа шығындарынан үш есе артық, бұл әлеуметтік әділеттілік қағидаларына қайшы келеді.
Сауалда орын алып отырған тұтынушылардың құқығын басқа да бұзушылықтар көрсетілген.
Мәселен, ОҚО-да әлі жеткізілмеген газ үшін күштеп алдын-ала  алым жүргізілген;  тұтынушыларға сыйақы төленбей, газбен жабдықтаушы мекеме есебіне негізсіз болып табылатын 330 млн. теңге мөлшерінде кепілдік жарналар заңсыз жиналған; тұрғындарды үй ішіндегі газ қызметін көрсетуге ақы төлеуге міндеттеген, газды жеткізу туралы шарттар тұтынушылардың пікірлерін есепке алмай жасалған.
2012 жылы желтоқсанда Жамбыл облысында  қуаттылығы жылына 462 миллион текше метр газ өткізетін, құрылыс бағасы 3,949 миллиард теңгені құрайтын  «Қордай-Шу» газқұбыры іске қосылған болатын. Алайда, тұрғын үйлерге бір орынға газды қосудың құны 390 000 теңгені құрайды, ал басқа өңірлерде осыған ұқсас қызметтердің құны бірнеше есеге төмен.
Өңірлер арасындағы газға деген бағаның үлкен айырмашылығы бизнесті дамыту үшін де теңдей жағдай жасамай отыр, себебі бизнес газдың бағасына қарай бағыт алады, газдың бағасы қайсы өңірде төмен, сол жерге жаңа өндірістерді орналастыруға ұмтылады деп көрсетеді депутаттар.
«Егер де, мұнай газын өндіру кезінде алынатын өнім - сұйытылған ілеспелі көмірсутекті газды өңдеу кезінде алау болып жанбаса, республика өзін қазіргі газды өндірудің көлемінің өзімен-ақ көгілдір отынмен 100 пайызға қамтамасыз ете алар еді, деп есептейді «ақжолдықтар» және «газдандыру бойынша іске асырылған бағдарламалардың бір де бірі  ішкі нарықтың сұранысын және еліміздің энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмады. Үздіксіз жанып жатқан алаулардың үстінде отырып көптеген тұтынушылар бұрынғысынша өздерінің баспаналарын көмірмен жылытуда. Сонымен бірге, елімізде өндіріліп жатқан сұйытылған газдың  көпшілігі шетелге кетіп жатыр, себебі ішкі нарыққа қарағанда сұйытылған газдың экспорттық бағасы табиғи газдың бағасынан әлдеқайда жоғары. Егер, орташа есеппен алғанда Қазақстанда газдың бағасы мың текше метріне 63 долларды құрайтын болса, Еуропада ол 346 долларға дейін жетеді».
Т.Ерғалиев  кеңестік дәуірдегі көршілес республикалардағыгазға қойылған бағаның жағдайы туралы мысал ретінде мәліметтер келтірді: Белоруссияда 13 теңге – тұрғындар оны импортталған бағасынан екі есеге дейін арзанға алып отыр. Ресейлік газға «еуропалық» баға төлеп отырғанына қарамастан Украинада 18 теңге. Мемлекетте іс жүзінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін бұл нарықты қаржыландырып отыр, және бұл елдерде газдың бағасы жылдан жылға бір деңгейде қалып отыр.
Фракция депутаттары өңірлер бойынша газдың құнын теңестіру жолымен тұрғындар үшін газдың құнын төмендету туралы мәселені қарауды не осы мәселені шешудің басқа да баламалы тәсілдерін табуын талап етіп Үкіметке жүгініп отыр.
          «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.