24
Қыркүйек

Санат жоқ 24.09.2013

Азат Перуашев: «Қазақстан аумағына кірген кезде адамдар ведомстволық эмблемаларды емес, біздің мемлекеттік рәміздерді көруі тиіс»

 24 қыркүйек  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
- Қазақстан аумағына кірген кезде адамдар ведомстволық эмблемаларды емес, біздің мемлекеттік рәміздерді көруі тиіс – бұл туралы кеше Азат Перуашев қаржы министрі Болат Жәмішев және Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың қатысуымен өткен кедендік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі үкімет сағаты барысында мәлімдеді.
- Неге кедендік өткелдердің жанында  - Ресеймен немесе оңтүстік шекара жағында – Қазақстан туының жанында тағы бір ту тұрақты түрде ілініп тұрады!?  Көгілдір-жасыл сияқты! Шамасы бұл біздің кедендік қызметтің туы болуы керек.  Кейде Қазақстан Республикасының елтаңбасы болмаса да, осы эмблема міндетті түрде тұрады. Негізінде Қазақстанға келетін адамдар, ведомствоға емес мемлекетке кіреді, - деді мәжілісмен және:
- Менде біздің еліміздің кіреберісінде мемлекеттік рәміздермен қатар кейбір  ведомстволардың белгілерін пайдаланудың негізділігі туралы сұрақ туындайды, - деп толықтырды сөзін.
Қаржы министрі жауап орнына кешірім сұрады және мұны ретке келтіруге уәде берді. Бірақ, кеден мекемесінің басшысы кешірім сұраудың керегі жоқ, себебі «Азат Тұрлыбекұлы  шындыққа сәйкеспейтін нәрсені айтуы бірінші рет емес» - деп мәлімдеді.
- Дәлірек айтыңызшы, нақты қай бекет туралы әңгіме болуда, жалау қайда ілініп тұр? – деп ашуланды Мәжит Есенбаев.
Азат Перуашев тиісті түсірілімдерді беруге уәде берді және бас кеденшіге назарын аударып, бұдан кейін оған  парламенттің ресми отырысында депутаттың атына айтылған «шындыққа сәйкеспеу»  туралы сөзін кері алуға тура келетінін айтты.

Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі жұртшылықтың және М.Есенбаевтың назарына келесі суреттерді ұсынады.

Қазақстан Республикасы аумағына өтетін басқа да көптеген бекеттерде Республиканың Мемлекеттік туымен қатар ведомстволық көгілдір-жасыл туларын осыған ұқсастырып іліп қойғандарына сіздерді сендіре аламыз.

 

                       

                                                    Батыс Қазақстан облысы
                       

                                                             Жамбыл облысы