12
Тамыз

Санат жоқ 12.08.2013

«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының кеңсесінде Нұрлан Жазылбековтың Қоғамдық қабылдауы өтті

12 тамыз 2013 жыл, «Ақжол» партиясыныңАлматы қалалық филиалыныңбаспасөзқызметі.
Ағымдағы жылдың 10-тамызында «Ақ жол» ҚДП-ның Алматы қалалық филиалының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбековтың Қоғамдық қабылдауы өтті.
          Қоғамдық қабылдауда - шарауашылық қожалығын ашудағы кедергілер, қарттар үйіне тұрғызудың қиындықтар, көп балалы ананың құқықтық көмек сұрауы және және т.б. мәселелер фракцияға түскен 9 жолдау қаралды. «Бес Тұлға» тұрғын үй кешенінің үлескерлер тобы тұрғын-үй құрылысының аяқталмай қалу жөніндегі мәселелерімен ұжымдық арыздарымен келді. Тұрғынүйқұрылысжинақ банк салымшысы банктің жоғары комиссиялық жинақтары туралы арызымен келді. Атап айтқанда, бұл салымшы, Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінен 5 жылдық мерзімде тұрғын-үй ала алатынына үмітін үзіп, басқа екінші дәрежелі банктен ипотеканы рәсімдеген. 
         Депутаттың атына жолданған тұрғындардың тоғыз арызбен танысып шыққан халық қалаулысы, өз тарапынан кейбір мәселелердің жергілікті шешімін табуға мүмкіндік бар екендігін, көп жағдайда тиісті органдардың жауапкершіліктеріне салғырт қарайтындығына назар аударды. Сондықтан, Нұрлан Жазылбеков қаперіне халықтың мұң-мұқтаждықтарын, талап-тілектерін ала отырып, депутаттық фракция жұмыс топтарында, Парламент қабырғасында құзырлы министрліктер мен лауазымды тұлғаларға арнайы депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келгендерге алдағы қыркүйек айында жаңа депутаттық жұмыс маусымында депутаттық демалыста қордаланып жиналып қалған арыз-шағымдармен дереу айналысатындығына уәде берді.    
   
 
 
 

 

«АҚ ЖОЛ» ҚДП

Алматы қалалық филиалы

тел: 390 09 79;   ф:390 09 49

akzholalmaty@mail.ru