ҚР Парламент депутаты Талғат Ерғалиев Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесуін өткізді

» Санат жоқ » ҚР Парламент депутаты Талғат Ерғалиев Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесуін өткізді

18.07.2013, 00:00

18 шілде 2013 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» ҚДП-сы мүшесі Талғат Ерғалиев 18 шілде күні сайлаушыларымен кездесуін «Ақтөбе қалалық халыққа қызмет көрсету орталығынан» бастады. Кездесуді осы орталықтың бастығы Руслан Ерғалиев пен «Ақ жол» ҚДП-сы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов сөз сөйлеп ашты. Одан кейін сөз алған Талғат Ерғалиев «халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне мәжілісте талқыланып жатқан, қызу пікірталас тудырған заң жобалары, оларға «ақжолдықтардың» көзқарасы туралы ақпарат берді. Кездесу әрі қарай сұрақ жауап түрінде жалғасты.
Кездесуден соң Талғат Ерғалиев «халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерінің жұмысымен іс жүзінде танысып, оң бағасын берді. «Ақтөбе қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы» халыққа көрсететін қызмет түрлерін кеңейтуге бағытталған жоспарларымен таныстырды.
Сондай-ақ, депутат Ақтөбе облысы «шаруашылық қожалықтары төрағалары» мен  «фермерлерімен», осы облыстын Қарғалы ауданының орталығы Қарғалы ауылы тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Талғат Ерғалиев сол күні Ақтөбе қалалық РИКА телекомпаниясына сұхбат берді.