19
Шілде

Санат жоқ 19.07.2013

«Ақ жол» ҚДП-сы фракциясының мүшесі Талғат Ерғалиев Ақтөбе қаласында мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті

19 шілде 2013 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» ҚДП-сы фракциясының мүшесі Талғат Ерғалиевсайлаушыларымен кездесуін «Ақтөбе облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау» департаменті, «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы және «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жалғастырды. Сөз алған мекеме басшылары жұмыс барысын, жетістіктері мен қиыншылықтарын айтып, осы қиыншылықтарды шешу жолдарын, ұсыныстарын айтты.

Кездесу әрі қарай сұрақ жауап ретімен жалғасты. Сөз алған «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының бас маманы Аленова Роза – немересін қазақ мектебіне бере алмай жүргенін, өзі тұратын аудандағы 9 мектеп орыс тілді екенін, немересінің ана тілінде оқуына жағдай жасауын өтінді.

«Ақтөбе облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау» департаменті бастығының орынбасары Нона Валиулова - әлеуметтік қызметкерлер жалақысының өте төмендігі жұмыс барысында үлкен қиыншылықтар туғызатынын айтты.

Сондай-ақ, «Ақ жол» ҚДП-сының Ақтөбе облыстық филиалы кеңсесінде сайлаушыларды жеке сұрақтарымен қабылдады.