12
Маусым

Санат жоқ 12.06.2013

Азат Перуашев «Аламан» бәйге жеңімпазына автокөлік сыйлады

12 маусым, 2013 жыл. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ақтөбеде 8 маусымда қала күні мерекесі аясында ұлттық ат спорты түрлері бойынша, атап айтқанда, Аламан бәйге, құнан жарыс, жорға жарыстары өткізілді. Оған еліміздің өзге де аймақтарынан атбегілер, шабандоздар келді.
            Ақтөбе қаласындағы іссапардың екінші күні «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ат спортын дамытуды көздеген, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы ізгі қадам болып табылатын осы маңызды іс-шараға қатысты.
Қала іргесіндегі ипподромда өткен дүбірлі додадағы Аламан бәйгеде бірінші келген арғымақты баптаған Нұрлыбек Балымбетовке, ат құлағында ойнаған шабандоз Тұрақбай Дамирге «Ақ жол» көшбасшысы бас жүлде – бүгінгі заман тұлпары – автокөлік сыйлады.
Жалпы Ақтөбедегі ат бәйгесі қызықты да тартысты өтіп жиналған жұртшылықты үлкен әсерге бөледі.