Үкімет пен Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті орындау жөніндегі Есептерін талқылау кезінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің дайындаған сөзі

» Сөйлеген сөздер » Үкімет пен Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті орындау жөніндегі Есептерін талқылау кезінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің дайындаған сөзі

14.06.2013, 00:00

 
Бүгінгі ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті орындау жөніндегі Есептерін талқылау кезінде парламенттік оппозиция өкілдеріне сөз берілген жоқ. 30 мамырдағы Мәжілістің отырысында осы есепке айтылған сындарды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің дайындаған сөзінің толық мәтінін жариялайды
 
А.Перуашев, 14 маусым 2013 ж.
Азат Перуашевтің парламенттің бірлескен отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті атқару жөніндегі Есептерін талқылау барысында  сөйлеген сөзі
 
            Құрметті әріптестер!
            Екі апта бұрын, мәжілісте 2012 жылғы бюджетті атқару жөніндегі Үкімет пен Есеп комитетінің Есептерін талқылау барысында «Ақ жол» ҚДП фракциясы экономиканы дамытудағы анықталған жағымсыз беталыстар туралы айтып та қойған.
            Мәселен, көрсетілген мерзімде инфлянцияны ескере отырып өндірістік өнімдердің көлемі 2 %, ауылшаруашылық 18%-ға, сауда 6 %-ға жуық, байланыс 4 %-ға азайған.
            Ішкі өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің түсімі 8 %-ға төмендегенде, импорттан түскен түсім 11%-ға өсіп тұр, ІЖӨ-ге өндірістік тауарлардың жалпы қосымша құн салығының үлесі 2,5  %-ға қысқарған.
            Келтірілген мәліметтер нақты салалардың қысқарғаны және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігінің өскені туралы, сол сияқты кәсіпкерлікке қысымның да артқанын көрсетеді.
Бұның барлығы, экономиканың шикізат бағыттылығының еңсерілмеуімен бірге бюджетті де 20 %-ға дейін «түзетулерге» әкелді, жалпы алғанда бұл нағыз секвестрлеу болып табылады, бұндай секвестрлер 2008-2010 жылдардағы дағдарыстың қызған кезінде де болған жоқ.
Ол бюджетті жоспарлағандардың және орындағандардың кәсіби біліктіліктерін (ал дәлірек айтсақ, біліксіздік)  өте жағымсыз түрде сипаттайды деп қосуға болады.
«Ақ жол» фракциясының пайымдауынша, бағдарламалардың нәтижелілігінің төмен болуының негізгі себебі бюджетті әкімшілендіру жүйесін жүргізудің нақты әлеуметтік-экономикалық міндеттерден қол үзіп қалғандығы болып табылады.
Бюджетті жоспарлайтындар қатардағы қазақстандықтардың өмірі мен экономика туралы, тек қана жеке кабинеттерінің терезесінен қарап-ақ анықтайтындай әсер қалдырады.
Үкімет есебі әрбір мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін және оның әкімшілерін шынайы бағалауға мүмкіндік бермейтін қолданылатын индикаторлар жүйесінің және онымен қоса жалпы жұмсалған бюджеттік қаражаттардың тиімділігінің де аса шартты және формальды сипатын көрсетеді.
Бірнеше мысалдар:
– Соңғы нәтижесі ретінде – жұмыспен қамту Орталығына келген қатысушыларды қамту сияқты көрсеткіштер қарастырылған,  «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде»
128 бағдарламасы бойынша шығындар 45 млрд. теңгені құрады,.
            Жұмыспен қамту Орталығына келгендер, егер де олар сол жерге жүгінген болса, онда ол онсыз да бағдарламамен қамтылған болып есептеледі деп ойлау керек.
            Алайда, жұмыссыздықты төмендету түріндегі ең басты өлшем қайда?
            Есесіне Есеп комитеті бұл Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 39 млрд. теңге (45%)  сомасына бұзушылықтар болғанын анықтап отыр.
            Осы бағдарламаға 90 миллиардтық құйылымдарға қарамастан, 2012 жылы жұмыссыздар санының 32 мың адамға, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскені байқалған.
«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» сияқты бағдарламаның бағыттары бойынша өткен жылмен салыстырғанда қатысушыларды қамту  15 %-ға төмендеген, ал шығындары  40%-ға өскен. Егер 2011 жылы бұл бағдарлама бойынша бір қатысушыға 180 мың теңге жұмсалған болса, ал 2012 – тіпті 290 мың, яғни 60 %-ға көп жұмсалған болып тұр. Осының өзінде жұмыссыздардың саны екі есеге өскен.
Осындай бағдарламаларға бюджеттік қаражаттан қаншалықты көп салынса, соншалықты нәтижесі төмен болып, керісінше тәуелділік пайда болады.
Ал ресми өлшемдер бойынша бағдарламалар сәтті орындалған  болып есептеледі!
Тағы бір мысал – «ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын өсіру» 062 бағдарламасына екі жылда 1 миллиард 400 млн. теңге бөлінген.
Мұнда ақырғы нәтиженің көрсеткіштері сатып алынған акциялардың (389 541) санымен анықталған.
Ақшаны жұмсау, оны жұмсау үшін қажет болып табылады және нәтижеге қол жеткен болып есептелінеді! Әйтсе де, біздің пікірімізше денсаулық сақтау жүйесіне қаржыны жұмсаудағы міндеті ауыру-сырқауды төмендету, тұрғындарды медициналық мекемелердің қызметімен қамтамасыз етуді көбейту, сырқаттанып жіберген күндерден шығынын және отбасылық бюджетке дәрі-дәрмек алғаннан келген экономика шығынын қысқарту болуы керек емес пе…
Тіпті, республикалық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау квази-мемлекеттік секторлардың кәсіпорындарына тән ерекшелік болып алды. Есеп комитетінің Есебінде көрсетілгендей, мемлекеттің қатысуымен АҚ және ЖШС-дің 38 %-ы залалды болып табылады, ал олардың залалдарының сомасы миллиардтап есептеледі. Бірақ, оларды қаржыландыруды қысқартудың орнына  тек көбейтіп келеді, соңғы үш жылдың ішінде осы мақсаттарға ғана салық төлеушілердің 985 млрд. теңгесі шығындалды. Ал бүгін бізге кезекті мемлекеттік АҚ құру бойынша жоспарларын жариялады.
Осындай тиімсіздік басқа да мемлекеттік менеджменттің бүкіл қалған салаларында да байқалады. Әсіресе, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін анықтауда осындай бейберекеттіктер үстем болып тұр. Мәселен:
 – неге екенін белгісіз Экономика министрлігі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды одан әрi жетiлдiрумен айналысады,
– Индустрия министрлігі есірткі бизнесімен күрес жүргізеді, бұл ретте оның айқындалған міндеті спорттық-бұқаралық және туристік іс-шаралар өткізу болып көрсетілген.
Бүгінгі таңда, Президенттің саясатының арқасында, кәсіпкерлікті қолдау тақырыбы аса әйгілі болып тұр, министрліктер бірінен кейін бірі осыны перде қылып игеру үшін,  бюджеттен қаражат сұрайды.  Әйтсе де, бұл функцияға уәкілетті  орган біреу ғана, ол Өңірлік даму министрлігі.
Дегенмен, кәсіпкерлікті оқыту бағдарламасын Еңбек министрлігі де іске асыруда, әрине тағы да мемлекеттің есебінен.
Алайда, сайып келгеде мұның бәрі жалған: өзі ешқашан кәсіпкер болып көрмеген, бизнесте бір тиын да таппаған адам қалайша бизнесті оқытуы мүмкін?!
Жұмыспен қамту бағдарламасы осылайша, жұмыс орындарын құрудың орнына  жасырын жұмыссыздықты жаңғыртады.
Ал адамдар ары қарай да жұмыс іздемесін, зейнеақы жинақтамасын, өз шаруашылығымен күнін көрсін деп, бюджеттік қаражат желге лақтырылады. Дәл осы уақытта жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздық мәселелерін нақты шешетін кәсіпорындар қолдау іздеп, мемлекеттік органдардың есігін тоздырып жүреді.
Осындай көзқарастардан кейін, бюджеттік бағдарламалардың мақсаттылығы мен мағынасы жоғалады, ал қатардағы қазақстандықтардың өмірінің сапасына олардың орындалуы немесе орындалмауы әсер етпейді деуге болады.
Мысалы, біздің фракцияның игерілмеген 5 млрд-тан астам теңгенің себеп және салдарлары туралы  сұрағына жауап бергенде, ТЖМ министрі осыншама қомақты сома сапасыз дайындалған құжаттардың себебінен игерілмей қалды деп мойындады.
Бірақ, ТЖМ басшысы тиісті бағдарламалардың орындалмауы біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне еш әсерін тигізбеді деп сендірмекші болады. Сонда олардың ештеңеге де әсері болмаса, біз не үшін миллиардтарды бөлеміз?
Бізге ұсынылған мағлұматтардың орындылығына қатысты сұрақтарымыз бар. Мәжілістегі Есебінде Үкімет 2012 жылы индустрияландыруға 842 млрд. теңге жұмсалды деп мәлімдеді, бірақ кешірек индустрия министрлігі тек 70 млрд.-ты мойындады.  Осындай өте үлкен  сомаға айырмашылықтың себебі неде деген менің сұрағыма, вице-премьер Исекешев жауап та берген жоқ.
Нәтижесінде ауқымды бюджеттік қаражаттың шығыны нақты жағдаймен байланыспаған және бара-бар қайтарым алмайды, демек экономиканың өсуіне жағдай жасалынбайды.
Соңғы жылдары жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар 17 %-ға, жеке кәсіпкерлер 10 %-ға қысқарғаны кездейсоқтық емес.
Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі – толық 7 %-ға түсті, ал экономиканың осы секторында жұмыс істеп жатқандар үш жыл бұрынғы деңгейде қалып отыр.
Бюджеттендірудің әдістемелік қателіктері оны жақсарту бойынша шараларды таңдағанда да осындай қателіктерге әкеледі. Мәселен, ауылшаруашылығына, нақты секторларға және ШОБ-ке жеңілдіктерді жою және салық салымдарын қатайту арқылы бюджетке төлемдерді көбейтуді қамтамасыз ету ұсынылады.
Мұндай тәсілдің қате екенін біздің әріптестеріміз айтып кетті.
Мысалы, екінші деңгейдегі банктердің барлығын қоса алғанда (21 ЕДБ) бюджетке бар болғаны 59 млрд. немесе барлық салық түсімдерінің тек 2 %  төледі,  іс жүзінде  ЕДБ-нің кірісі болып табылатын негізгі қарызының сомасын бірнеше  рет қайта жабатын бүкіл бизнес несиелер бойынша қомақты пайыздарды төлейді.
Сондықтан да, Есеп  комитетінің Есебінен банктердің активтерінің 900 млрд. теңгеге (+ 7%)  өскенін байқаймыз, ал мемлекеттік қаржы институттарының және екінші деңгейдегі банктердің есеп шоттарында республикалық бюджеттің қаражатынан айтарлықтай қалдықтар пайда болады.
Есеп комитетінің мәліметтері бойынша 01.01.2013 жылға тек «БТА банк» АҚ бойынша ғана күмәнді борыштар бойынша провизиялар 17 трлн.теңгеге дейін жетіп қалған, оларды салық салынатын кірістен шегеру КТС бойынша 3,376 трлн. шамасында теңгенің кем төленгенін білдіреді.
Салыстыру үшін, Есеп комитетінің мәліметтері сәйкес ҚҚС бойынша ауылшаруашылығын өңдеушілер үшін (оны жою ұсынылып отыр) жеңілдіктер бюджетке салықты 7 млрд.теңгеге жуық мөлшерінде кем төлеуге әкеледі.
Шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерінің жалпы құнын (нақты секторлардың шеңберінде)  246 млрд. теңге деңгейінде бағалауға болады.
            Сонда, бюджет қазіргі қолданыстағы салық салу  үлгісінде ,тек қана БТА банкке бүкіл ауылшаруашылығын қоса алғанда 500 есе және шағын және орта бизнесті қоса алғаннан да 7 есеге көп жоғалтады.
Енді, өндірістік және қаржы секторларындағы салық салудың осы үйлеспеушіліктерін қысқарту емес, ал тиісті салық жеңілдіктерін жою жолымен көбейту ұсынылып отыр.
Бұл туралы сындарлы салықтық әкімгершілікті – бизнеске қысыммен және жаппай көбейіп келе жатқан айыппұлдармен айырбастау практикасы айғақтайды: айыппұлдар бойынша болжамдар күтілгеннен 1,5 есе және 18 млрд. теңгеден асып түсті.
Біз ашық және табанды түрде кірістің экономикасының орнына айыппұлдардың экономикасы құрудамыз. Үкіметте экономиканың теңгерімді дамуын бақылауды біреулер жүзеге асыра ма? – деген сұрақ туындайды. Алып қарасақ, бұл қызмет экономика министрлігінікі, бірақ ол тиімсіз атқарылуда.
«Ақ жол» партиясы бюджеттің кірісін көтерудін басты шарты кәсіпорындарға қатысты жазалау тәсілі емес, жаппай жаңа кәсіпкерлердің пайда болуы және ШОБ-тің табыстарын көтеру үшін жағдай жасау есебінен салық салынатын базаны кеңейту болу керек деп есептейді.
Үкімет қызметінің басты мақсаты бюджеттік қаражатты өз өзінен жұмсай беру де емес, олардың экономиканы көтеруге және қатардағы қазақстандықтардың өмірінің жақсаруына тигізген әсерін сезілуі тиіс.
Осыған байланысты, бюджетті жоспарлау индикаторлар жүйесін тәртіпке келтіру және түбегейлі қайта қарау, оларды нақты әлеуметтік-экономикалық міндеттермен және объективті динамиканы табу үшін тұрақтылыққа қол жеткізумен байланыстыру керек.
Ақырында, бюджетті қалыптастыруда қойылатын маңызды талаптар, оның орнықтылығы мен теңдестiрiлуi болуы тиіс. Мемлекет басшысы әрдайым мұнай және табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетін түсімдердің рөлін біртіндеп түсіретін өнімді экономика жасау міндеттерін қойып жүр.  Үкімет оның орнына 2011 жылы ІЖӨ-нен 6,4 % (1,776 трлн.тг) құрған, ал 2012 жылы 7,6 %-ға дейін (2,286 трлн.тг) өскен мұнайлық емес тапшылықты өсіруде.
Бұл шикізаттық емес сектордың әлеуеті өте әлсіз іске қосылғанын дәлелдейді. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы осыған байланысты нақты мұнайлық емес секторларды дамытудағы айқын экономикалық тоқырауға байланысты, бюджет тапшылығының бастапқы мәнін 3 % деңгейінде заң жүзінде белгілеуді ұсынады.
Тапшылықты мұндай шектеу халықаралық институттар да, сондай-ақ ЕврАзЭс талқылауындағы ережелерде қарастырады.
Бұл шектеудің себебі мынада, бюджет тапшылығын жабу, көбінесе ақша көлемін өсіру есебінен жүргізіледі, бұл инфлияциялық процестердің күшеюіне және ұлттық валютаның құнсыздануына әкеліп соғады. Соңғы құнсыздану кезінде негізгі ауыртпалықтың қатардағы азаматтарға және шағын бизнеске түскенін ұмытпауымыз керек.
Сондай-ақ, дәл осы бюджеттік тапшылықты  3 %-дық шегінен асуынан Кипр және Греция сияқты елдерде ұлттық дефолттың құлдырауының басталғанын  еске салуға болады. Ал бізде, айтып өткеніміздей мұнайлық емес тапшылық  7 %-дан асып кетті.
Біздің Қаржы министрлігі айыппұл салуға құмар жеке бизнесте, мұндай нәтижелер үшін жалдамалы менеджерді әуел баста-ақ еңбек биржасына басқа жұмыс іздеуге жіберуші еді.
«Ақ жол» парламенттік фракциясы бізбен қойылған сұрақтар талқыланудағы Үкімет пен Есеп комитетінің Есептерін жеткілікті түрде айқын сипаттайды деп есептейді.
Көңіл қойғандарыңызға рахмет.
 
Мәлімет үшін:  талқылаудың қорытындысы бойынша «Ақ жол» парламенттік фракциясы 2012 жылға арналған үкіметтің есебін бекітуге ҚАРСЫ дауыс берді.