«Ақ жол»ҚДП фракция депутаттары: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жауабы біздің депутаттық сауалда айтылған ақпараттарды растайды

» Санат жоқ » «Ақ жол»ҚДП фракция депутаттары: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жауабы біздің депутаттық сауалда айтылған ақпараттарды растайды

26.06.2013, 00:00

25 маусым 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің БАҚ-да таратылған жауабымен танысып шығып, «Ақ жол»ҚДП фракция мүшелері түсніктеме беруге мәжбүр болып отыр, бұл құжат сырттан қарағанда жақсы әсер қалдырғанмен,  мазмұны бойынша бізбен қойылған сұрақтарға жауап бермей ғана қойған жоқ, әрі онда айтылған қауіптерді растайды.
            Тармақтар бойынша:
1. Мәселен, «Қол жетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасына қатысушыларды несилендіру үшін қарастырылған қаржының игерілуінің төмендігіне түсіндірмеде банк пайдалануға берілген пәтерлердің санына сілтеме жасайды.
Сонымен қатар, қолда бар ақпараттар керісініше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өзі бағдарламаға қосымша тұрғын үйлерді қосуға кедергі жасайтынын айқындап отыр. Бағдарламаның шарттары бойынша банкке жергілікті атқарушы орган тұрғын үй құрылысының объектілерін ұсынады, ал ТҮҚЖБ-нің өзінің клиенттеріне пәтерлерді сату туралы, осы объектімен шартқа отыра ма немесе жоқ па таңдауға құқығы бар.
Мәселен, кейбір мәліметтер бойынша, Алматы қаласында 2012 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне Рысқұлов көшесіндегі, құны ш.м. 108-112 мың теңге болатын 1000-нан астам пәтерді іске асыру ұсынылған болатын. Бірақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шарт жобасын ұзақ қарағаны сонша, салушыларға бұл банктің қызметінсіз пәтерлерді сатып жіберу жеңілдеу болды. Нәтижесінде арзан тұрғын үйге мұқтаж Тұрғын үй құрылыс жинақ банк клиенттерінің мүдделері жапа шекті, олармен басшылық есептесуді қажет деп таппады.
Есесіне банк осы қаладан әлдеқайда беделді ауданнан (Әль-Фараби даңғылы бойынан) дайын болған және бағасы жоғарырақ ш.м. 148 мың теңгеден, яғни бірден 35 %-ға қымбат объект сатып алды! Кейінірек белгілі болғандай, бұл кешендегі кейбір пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылары мен олардың туыстары арасында бөлінген болатын.
Қатардағы қазақстандықтардың қалтасына ш.м. 148 мың теңгеден гөрі  112 мың теңге көбірек ыңғайлы болар еді, сондықтан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі өзінің шешімімен қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін елемеді деп сенімді түрде айтуға болады.
Басқа себептер бойынша: егер пәтер саны жеткілікті, бірақ банкте тұрғын үйді сатып алуға пулды уақтысында қалыптастыра алмауға тәуекелдер пайда болғанда; егер пәтер саны шектеулі, бірақ пулды қалыптастыру кезінде бопсалаушылық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүмкіндік туғызатын айқай-шу пайда болғанда ТҮҚЖБ-нің іс-әрекетін түсінуге болады. Бұл туралы ғаламтордағы көптеген түсініктемелерден де оқуға болады. Бірақ,  онсыз да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің пулды қалыптастырудағы қызметтері клиенттерге арзан болып тұрғаны шамалы:
1) ТҮҚЖБ өтінішті қабылдағаны үшін (өтініштің автоматты түрде жазылатынына қарамастан) 5 мың теңге мөлшерінде комиссия алады, сонымен қатар тұрғын үй сатып алушылардың пулына қатысу үшін клиент тұрғын үй құрылыс жинағы туралы Шартқа отыруы тиіс, Шартқа отырғаны үшін тағы да Шарттың сомасынан 0,55 % комиссия алынады (яғни, егер пәтердің орташа құны 7 млн. теңге болса, онда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің комиссиясы 38 мыңнан астам теңгені құрайды).
2) Клиентті сатып алушылардың пулына қосқаннан кейін қарызды рәсімдегенге дейін, Бағдарламаға қатысушы ай сайын тұрғын үй құрылыс жинағындағы шотына банкпен белгіленген соманы салып тұруға міндетті. Сонымен қоса, егер клиент сатып алушылардың тізіміне кірмей қалған жағдайда, өтініш бергені және Шартқа отырғаны үшін төленген комиссия кері қайтарылмайды.
3)  Егер клиент сатып алушылардың тізіміне кірмей қалса, оған барлық рәсімдерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің комиссияларын төлей отырып қайта өтуге тиіс.
Міне, «Қол жетімді тұрғын үй» Бағдарламасы бойынша қаражаттың аз игерілуінің нақты себептері.
2. Сондай-ақ, ТҮҚЖБ-нің жауабында «Қол жетімді тұрғын үй» Бағдарламасы шеңберінде несиелер бойынша төмендетілген мөлшерлемелер туралы банктің  тұрғындарды ақпараттандырудан бас тартқаны туралы ақпарат жоққа шығарылған жоқ. Жарияланымдар және баспасөз-конференцияларының саны аталған, бірақ нақты БАҚ-ның атауы, мұндай материалдардың күні мен атауы көрсетілмеген.
3. Төмендетілген мөлшерлемелермен несие алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты азаматтардан  жасырып қалғаны туралы көрсеткен хаттың көшірмесіне қатысты, ТҮҚЖБ бұл құжатты жалған деп жорамалдайды. Сонымен қатар, банк «Қол жетімді тұрғын үй» 21 маусымда бекітілген болатын, ал 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді, яғни, бұл тақырыпқа 4 наурыздағы хаттың пайда болуы мүмкін емес деп көрсетеді.
Дегенмен, «Ақ жол» партиясының депутаттары өзінің сауалында бізге келіп түскен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқармасының төрайымы Н.С.Наурызбаеваның банк филиалдарына 4 наурыз емес, 4 қыркүйектегі бұйрығының көшірмесіне сілтеме жасайды. Бұл қателік бізбен өткенде анықталып, әрі сауалға тиісінше толықтыру Үкіметке және Бас прокуратураға жіберілген болатын. Таңқаларлығы, банктің өзінде сауалға тіркелген өзінің хатының көшірмесі бола тұра, ондағы мағлұматтарды салыстырмастан бірден жалған деп мәлімдеді.
Бірақ, ТҮҚЖБ оның растығын анықтау бойынша Алматы қаласының ІІД-не жүгінді, онда бізде тергеудің нәтижесін күтетін боламыз.
Қандай жағдай болса да, «Қол жетімді тұрғын үй» Бағдарламасы 4 қыркүйекте  жұмыс істеп тұрды, ал хаттың мазмұны -төмендетілген мөлшерлемелермен несие алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты азаматтардан  жасырып қалудың – осы бағдарламаны жүзеге асыруға тікелей қатысы бар.
4. Сонымен қатар, ТҮҚЖБ басшылығымен оларды салымшылардан жасыру жолымен, бөлінген мемлекеттік қаражатты  одан да жоғары пайыздар үшін пайдалану мәселесі бойынша банктің берген жауабы да «Ақ жол» ҚДП фракциясын  иландырмайды.
Банк өз мәлімдемесінде мемлекетпен бөлінген қаржының тек қана 8 %-н пайдаланғаны туралы мәліметті растайды. Онда олардың берген жауабындағы 4-тармақ сауалға сәйкес келмейді және мәселенің мәнін өзгертеді. Егер қаржының 8 % ғана (анау-мынау себептермен) сұраныста болған болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ол несиелердің мөлшерлемелерін төмендету үшін арналған мемлекеттік қаражаттың  92 % қалай пайдаланады, соны ғана хабарлауы тиіс. Оларды басқа қаржы құралдарына орналастырудан түскен пайданы банк өзінің кірісіне ала ма, және нақты қандай жағдайда?
5. Фракция депутаттары банктің шарттарды бұзу үрдісі күш алып келе жатқанын «өмірдегі жағдайлармен» байланыстыруға талпыныстарымен де келіспейді. Келісесіздер ғой, дерексіз субъективті жағдайлар үшін 59 мың көптеу. Біздің пайымдауымызша, тұрғын үй құрылыс жинақтау  туралы 59 411 бұзылған шарттар – бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне және оның жүзеге асырып жатқан бағдарламаларына сенімсіздік білдірген 59 411 адам.
6. Банк жұмысындағы көрсетілген проблемаларды ескере отырып, Демократиялық фракция, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің, оның басшылығының жылдық қорытынды бойынша алған сыйлықақылары мен бонустары бойынша түсініктемелерін дәрменсіз деп есептейді.
Жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымының орынбасарларының ай сайынғы жалақысын, емделуге жәрдемақыны, еңбек демалысына төлемдерді және т.б. қоспағанда  әр қайсысы  10 миллион теңгеден, Басқарма мүшелері  – 75 млн. теңгеден астам бір жолғы сыйлықақы алды. Банк бұл сандарды жоққа шығаруға талпынбайды да.
«Ақ жол» партиясының депутаттары мұндай төлемдерді орынсыз деп есептейді. Егер банк өзінің басты мақсаты – қарапайым азаматтар үшін тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз етуді орындамаса, қандай дивидендтер туралы сөз болмақ? Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жинақтаулар бойынша төменгі мөлшерлемелер арқылы азаматтардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, мемлекеттік қаржыландыру алғысы келеді, – және бұл өкілеттілікті өзінің коммерциялық пайдасы ретінде қарайды.
Онда, пайдаға коммерциялық банк сияқты иелік ету үшін, банктен мемлекеттің қатысуын және қаржыландыруды алып тастау қажет  және салымшыларға салымдар бойынша толыққанды пайыз төлеуді міндеттеуі тиіс. Ал, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өзі басқа екінші деңгейдегі банктердің барлығымен бірдей адал бәсекелестікке түсуі тиіс.
7. ТҮҚЖБ басшылығының пәтер алу мәселелері бойынша түсініктемесі тіпті наразылық тудырады.
Сонымен, баспасөз-қызметінің хабарламасында банк қызметкерлеріне жеңілдік жағдайлар  қолданылмаған деп сендіреді, ал банк басшысы Н.Наурызбаева Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері «өздерінің қызмет бабын пайдаланған жоқ, отбасына бір пәтерден артық пәтер сатып алған жоқ» деп сендірді.
Осылайша, ол банк қызметкерлерінің банк бағдарламалары бойынша пәтерлер алғандарын мойындады. Н.Наурызбаева тек олардың бір отбасына бірнеше пәтерден алғандарын ғана жоққа шығарғысы келеді.
Алайда бұл өзі-ақ түсінікті. Банк басшыларының кейбіреуі өздеріне бірнеше пәтерден алған жоқ, ал өздерінің туыстарының отбасылары үшін бірнеше пәтерден алған. «Ақ жолдың» депутаттары бізге келіп түскен ақпараттарды жариялады, банктің алматыдағы филиалының жетекшісінің туыстары үш пәтер алған, басқа да мұндай мысалдар жеткілікті. Сондай-ақ Наурызбаеваның өзі, оның орынбасарлары және банктің ішкі аудит директоры өз банктері арқылы пәтер алған. Иә, банк басшыларының әрбірінің отбасы  және олардың туыстары бір-бір пәтерден артық алған жоқ. Бірақ, олар аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекетпен белгіленген жеңілдіктерді пайдаланды.
«Жеңілдік жағдайларына» қатысты – осы түсініктеменің 1-тармағында айтылғандай ТҮҚЖБ Алматының «беделді емес» объектілерінен мақсатты түрде бас тартты (немесе оларды қарауды созып жүрді). Осы себеппен банк 1000-нан артық арзан пәтерлерді алмады. Есесіне беделді объектілердегі тұрғын үйден пәтерлерді банк басшылығы мен қызметкерлерінің өздері бөлісіп әкеткен. Оларға тағы қандай жеңілдіктер керек? Олар мемлекеттік банк арқылы жаңаларын алуға асығатындай, Банк басқармасы төрайымының және банк басқарма мүшелерінің осы уақытқа дейін пәтерлері болмаған ба?
Яғни, Н.Наурызбаева ханым біздің айтқан ақпараттың шындық екенін мойындады. Ал бұл шындық заңдарға, іскерлік этикалық, және қарапайым адамгершілік нормаларына қайшы келеді.
8. ТҮҚЖБ-нің баспасөз-қызметі  банктің ақталмаған шығындары туралы да сұрақтарға жауап бере алмады.
Бірақ бар жауап тек қана CRM және ААЖ жүйелеріне келіп тіреледі, депутаттық сауалда сондай-ақ:
1. 504,7 млн. теңгеге Алматы қаласындағы ТҮҚЖБ филиалының ғимаратын;
2. 607,5 млн. теңгеге Астана қаласындағы ТҮҚЖБ филиалының ғимаратын;
– сондай-ақ телефон байланыстары бойынша резервтік орталықта мәліметтерді өңдеуге шығындар; ЛВС және IP  телефониясына  коммутациялық жабдықтарды алуға, т.б. жұмсалған шығындардың негізділігінің де күдіктілігі қойылған болатын.
Оның өзінде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тағы да сол бір CRM-жүйесіне, оның үстіне оның өз құнынан асып түсетін (бастапқы 91 млн. теңгеге қарсы 97 млн. теңге) қаржы шығындарын жоспарлап отырғандары туралы деректі жоққа шығармайды. Оның орнында, бұл қайталанған шығындарды «қайта түзеу» емес, ал «функцияларын көбейту» деп атауды талап етеді. Алайда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  жүйені жеткіліксіз функцияларымен не үшін сатып алғанын түсіндіргісі келмейді.
Сонымен қатар, баспасөз-қызметінің «Клиенттердің карточкаларының ішінара қайталану мәселесін Банк қызметкерлерінің өздері дер кезінде тапқан» сияқты пікірі – аса күмәнді болып көрінеді. Себебі, біздің (ақпандағы) бірінші Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметі туралы сауалымыздан кейін, «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен болған кездесуде бұл туралы естіген Басқарма төрайымы Н.Наурызбаева таң қалған. Тек, осыдан кейін ғана банк төрайымы ханым тиісінше аудиторлық тексеру жүргізуге нұсқау берген болатын.
Бірқатар БАҚ-ның сұраулары бойынша банк ақпараттарына осы түсініктемелерді жібере отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы соңғы инстанцияның ақиқатына үміткер ретінде көрінгісі келмейтінін атап  өтуді қажет деп есептейміз.
Бұл түсініктемелердің алдыңғы депутаттық сауал сияқты, ТҮҚЖБ қызметі айналасындағы қалыптасқан ахуалды айқындаудан басқа мақсаттары жоқ. Оларға біз сауал жіберген уәкілетті органдар, Үкімет пен Бас прокуратура ғана толық жауап бере алады, себебі олардың бастапқы құжаттарға қолжетімділігі бар.
Сонымен қатар, банк басшылығының қоғамдық назардан және бақылаудан тасалануға талпынысын атап көрсетпеуге болмайды – мәселен, бұл туралы банк басқармасының БАҚ-на «ақпараттың жайылып кетуі» туралы деректер бойынша ішкі тергеу жүргізу туралы мәлімдемесі айғақтайды.
Екінші деңгейдегі жеке банктердің қызметінде мұндай жабықтық (оның өзі өне бойы емес) мүмкін орынды болар. Мемлекетпен нақты әлеуметтік міндеттерді шешу үшін белгіленген банкпен болған жағдайда – жабық (банк салымдарының құпиясынан басқа) тақырыптар, әсіресе азаматтардың заңды құқықтарын жүзеге асыруға ықпал ететін мәселелер бойынша болмауға тиіс, мұндай институттардың Қызметтері ашық және жария сипатта болуы тиіс. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметі туралы қажетті ақпараттарға жұртшылық және депутаттар ие бола алады және солай болуы тиіс деп есептейміз.
Оның үстіне, «Ақ жол» ҚДП қажеттілігін әрдайым талап етіп келген, нақты осындай өзекті және қолдау тапқан тақырыптар парламенттік тергеудің мәні болуы тиіс.