20
Маусым

«Ақ жол» партиясы азаматтардың жеке автокөліктері үшін техникалық байқауды жоюды талап етеді-А.Перуашевтің Мәжіліс отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау бойынша сөйлеген сөзі

А.Перуашевтің Мәжіліс отырысында
                                                             «Жол жүрісі туралы» заң жобасын
                                                              талқылау бойынша сөйлеген сөзі
 
Құрметті әріптестер.
«Ақ жол» фракциясының азаматтардың жеке автокөліктері үшін міндетті техникалық байқауды жою туралы сұрағына ІІМ берген жауабы, жұмсартып айтқанда, қулық.
Техникалық бақылаудың арқасында жол жүрісі  қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр деген және т.б. қызыл сөздер – біздің қойған сұрағымызға қатысы жоқ.
Себебі ешкімде көліктің барлық түрлері үшін техникалық бақылауды жоюды ұсынып отырған жоқ, келіңіздер осыны анықтап алып, бұдан әрі бір-бірімізді қорқытып үрей туғызбайық.
Бірінші. Біз тек қана азаматтардың жеке иелігіндегі жеңіл автокөліктер үшін техникалық байқауды жоюдың қажеттілігі туралы айтып отырмыз.
Неге бұл маңызды: себебі жол полициясының өзінің мәліметтері бойынша барлық жылдар бойынша авткөліктердің техникалық жарамсыздығының себебі бойынша жасалған ЖКО 0,3 %-дан аспайды. Тіпті осы 0,3 %-дың өзі - бұл қоғамдық және жүк көліктері, яғни автобустар және жүк автокөліктері.
Жеке автокөліктердің жарамсыздығының себебі бойынша бірде-бір жол-көлік оқиғалары жоқ деуге болады! Сондықтан да, табиғатында жоқ тақырып туралы дауласып отырмыз.
Екінші. Техникалық байқау сыбайлас жемқорлықтық және барлық мағынасынан айырылған рәсімге айналғаны баршаға мәлім. Оны жеке қолға бергеннен кейін құны 3 есеге өсті. Теникалық байқауды бұрынғыша өтпей-ақ қоюға болады, ақша және кейде сол автокөліктің суретін беріп жіберсең де жеткілікті. Мұны, айта кетейін мыңдаған адамдар істеп жатыр. Сонда ешкім ешнәрсені бақыламайды, есесіне бөтен кісілерге төлей бастады.
Үшінші.  Техникалық байқауды адал өткеннің өзінде, ол автокөліктің жарамдылығына кепіл бере алмайды. Техбайқау орталығының қақпасынан шыға бере автокөлік бұзылып қалуы мүмкін, бұру шамы сынады, басқару тұтқасы үзіледі... Ал құжаттар бойынша әлі бір жыл бойы жарамды болып есептеледі.
Жай ғана есептеңіздер: егер жылына 365 күн болса, техбайқау бір күнді алады, ал бүкіл қалған күндері автокөлік жолда жүреді, техбайқаудың тиімділігі 0,3 %-дан да аз.
Қызметтің мұндай көрсеткіштерімен кез-келген жүйені лақтырып тастауға болады.
Ал өндірушінің кепілдігі көбірек сенімге лайық, әсіресе қазіргі кезде, көптеген әлемдік автоконцерндер өз өнімдерінің жарамдылығын өздері бақылап және қажет болған жағдайда алдыртып, күмәнді тораптарын және тетіктерін ауыстырып береді.
Сондықтан егер техникалық байқауға жеке көлікті тартатын болсақ, онда тек 5 жылдан жоғары, мысалы пайдаланылған 7-ші жылынан бастап өткізуге болады.
Төртінші. Егер техбайқауды өткен автокөліктің өзі техникалық жарамсыздығының себебінен ЖКО жасаса, ол орталықтың мамандарына сеніп, ол үшін ақысы төленгеніне және жарамдылығы техбайқаумен ресми расталғанына қарамастан, осы ЖКО-на барлық жауапкершілік оның иесіне жатқызылады!
 Қазір ІІМ министрі заң жобасына техбайқау орталықтарына осындай жағдайларда әкімшілік жауапкершіліктер енгізгенін хабарлады.
Бірақ, бұл мәселені шешпейді. Біріншіден, әкімшілік жауапкершілік бойынша айыппұлдар  автокөлік иесіне емес, мемлекетке түседі. Екіншіден, осындай ЖКО нәтижесінде үшінші тұлғаға келтірілген залалды өтеу тіпті қарастырылмайды.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің осы барлық тәуекелдері осылай  автокөлік иесіне қалады. Онда ол не үшін төледі?
Осы мәселелер үшін орталықтың тікелей қаржылық жауапкершілігін енгізіңіздер.
Бесінші. Техбайқаудың кінәсінен ЖКО жасау фактісінің өзін дәлелдеу өте қиын. БАҚ құралдарының хабарлауы бойынша, техникалық байқау орталықтарының иелерінің 70 %-на жуығы бұрынғы жол полициясының  осыған ұқсас қызметтерінің қызметкерлері болып отыр. Тек бұрын ақша мемлекеттің кірісіне түссе, ал енді – жеке соларға түседі. Қатардағы азаматтардың есебінен сыбайластық үшін кепілді шырғалаңдарға алғышарттар пайда болатыны түсінікті. Ал есеп тым аз емес – елімізде 3 миллионнан астам автокөлік бар – енді оны техбайқаудың құнына көбейтіңіздер – миллиардтар туралы сөз болып тұр.
Интернет-дауыс беру кезінде – азаматтардың 95 %-дан көбі техбайқауды жоюды қолдауы кездейсоқтық емес, айта кетейін, мұны «Ақ жол» емес, ал тәуелсіз сайттар өткізген. Ал «Ақ жол» партиясы осы бастаманы қолдауға 200 мыңға жуық қол жинады және  әрі бұл азаматтардың – жеке куәлік, телефон және т.б. жеке мағлұматтарын көрсетумен жасалды.
Сондықтан да кейбір әріптестеріміз техбайқау керек деп мәлімдегенде – біз және мыңдаған қазақстандықтар: МҰНДАЙ техникалық байқау керегі жоқ деп қарсылық білдіреміз!
Осы мәселеге қоғамның көзқарасын, онық жемқорлықтық, сондай-ақ азаматтарға салынатын қаржының ақталмайтын мөлшерін ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы осы заң жобасын қолдаудан бас тартады.