Ақтөбе қаласында батыс өңірінің «Ақ жол» ҚДП филиалдарының жетекшілерінің аймақтық кеңесі өтті

» Санат жоқ » Ақтөбе қаласында батыс өңірінің «Ақ жол» ҚДП филиалдарының жетекшілерінің аймақтық кеңесі өтті

11.06.2013, 00:00

11 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Өткен сенбіде, а.ж. 8 маусымда партия көшбасшысы Азат Перуашев  Ақтөбе қаласына жұмыс сапары барысында,  «Ақ жол» ҚДП филиалдарының жетекшілерінің кеңесін өткізді. Кеңеске батыс өңірі филиалдарының төрағалары: Ақтөбе облысы – Асқар Садықов, Атырау – Ермекқали Юсупов, Батыс-Қазақстан – Серік Мерғалиев, Маңғыстау облысынан – Айтмұханбет Жылгелдиев қатысты.
Күн тәртібінде ұлттық мүдделерді ілгері бастыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті жұртшылықпен қарым-қатынас бойынша партия қызметінің  мәселелері болды. Сондай-ақ, заң қызметінің, фракцияның қоғамдық қабылдауларының жұмысы талқыланды.
Келесі осындай  кеңес оңтүстік өңірдің филиалдары үшін осы аптада Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының базасында өтетін болады.