04
Маусым

Санат жоқ 04.06.2013

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қазақстан-латвия бизнес-форумына қатысты және латвиялық бизнесмендердің тобын қабылдады

4 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кеше Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов және  Латвия Президенті Андрис Берзиньштың қатысуымен болған форумда екі елдің сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастардың қорытындылары және келешегі талқыланды.
Форумнан кейін ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев экономиканың әртүрлі салаларынан латвиялық бизнесмендердің тобын қабылдады. Кездесуге сондай-ақ халықаралық байланыстар және  кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, сонымен бірге қазақстандық кәсіпкерлер қатысты.
       Латвиялық басқарушы партия «Виенотибамен» ҚДП әріптестік байланыс орнатқанын еске саламыз. «Ақжолдықтар» сияқты латыштық әріптестерде өз елінде бизнестің мүддесін қолдайды.
       «Ақ жол» ҚДП кеңсесінде болған кездесу шеңберінде өзекті мәселелерді талқылау жалғасты: республикалардаға бизнес-ахуал жайғдайлары, инновациялық жобалар және т.б. Қазақстандағы ауылшаруашылық саласындағы латыштық инвестор - «Ламмерц Групп» компаниясы – Қазақстандағы бизнесті жүргізудің жағдайлары және қолдауы жайында айтып берді. «Дорес Фабрика» кәсіпорны Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту және ЕХРО-2017 қарсаңында ерекше маңызы бар экологиялық тұрғын үй салу жобасын ұсынды.
Латвияның Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-перзиденті Айгерс Ростовский латыштық жоғары оқу орындарындағы практикалық бизнес-білім бағдарламалары туралы айып берді.
Кездесудің қорытындылары бойынша екі елдің бизнесмендерінің іскерлік қарым-қатынастарының бірқатар нақты жобаларының нұсқалары жасалды.