03
Маусым

Санат жоқ 03.06.2013

«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп есептейді

3 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің 2012 жылғы жұмысын қанағаттанарлықсыз деп есептейді. Өткен бейсенбіде Мәжілістің пленарлық отырысында Азат Перуашев жуырдағы партиянының өңірлік филиалдарының қатысумен болған «Ақ жол» ҚДП-ның кеңейтілген бейне-конференциясында  қабылданған фракцияның ұстанымын жария етті.
         Ол ұсынылған есепке сәйкес бюджет бөлігінің кірістік көрсеткіштері экономикалық құлдырауды, ал шығыс бөлігі – бөлінген қаржылардың тиімсіз пайдаланғандығын көрсетіп тұрғандығын атап өтті. 
«Мұндай аса қомақты шығындар бара-бар нәтиже беруі тиіс сияқты. Бірақ біз тура кері нәтижені көріп тұрмыз, - деді «Ақ жолдың» көшбасшысы. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы  өнеркәсіптік өнімдердің  көлемі 3 % артық төмендеген, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің көлемі – тура 7 % түсіп кеткен.
Бюджеттен триллиондаған шығындар болып жатқан кезде (мысалға, 2012 жылы ҮИИДМБ  іс шараларын жүзеге асыруға  842 млрд. теңге немесе бюджеттік шығыстардың 14 % бөлінген) өңдеуші өнеркәсіптердің ІЖӨ үлесі 2010 жылғы деңгейінде қалып отыр. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасына көптеген миллиардтардың құйылғанына қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда 32 мың адамға жұмыссыздардың саны өскені көрсетіледі,  бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп болып тұр. Сонда, жұмыспен қамту бағдарламасы да, ҮИИДМБ сияқты, кері әсер береді: шенеуніктер 90 млрд. теңгені сарп қылған, ал жұмыссыздар саны болса тек өсіп келеді. Мүмкін, бұл бағдарламаларға мүлдем ақша бөлмеу дұрыс шығар?» - деп сұрайды «Ақ жолдың» депутаттары.
Есеп комитетінің мәліметтері бойынша 2011 жылмен салыстырғанда импорттан түскен түсімдер 11% -ға көтерілген болса, ал iшкi өндiрiстiк қызметтерден және тауарлардан түскен түсімдер 8 %-ға төмендеп отыр. «Ақ жолдықтар» бұл сандарды - нақты секторларды ықшамдаудың және iшкi нарықтың импортқа бағыныштылығының өсуінің айғағы деп есептейді.
Мұны басқа да мәліметтер айғақтап отыр. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар 17 %-ға, жеке кәсіпкерлер 10,5 %-ға қысқарған. 2012 жылы ірі салық төлеушілерден түсім өткен жылмен салыстырғанда 21 %-ға (336 млрд.тг) азайған, ал олардың ішінде 12-сі бойынша бюджеттен ҚҚС-ты қайтару  туралы сомасы, олармен бюджетке төленген салықтың сомасынан 23,0 млрд. теңгеге асып түседі.
Демократтар көшбасшысы сондай-ақ айыппұлдарды көтеру мақсатында жалған кәсіпкерлік бойынша берешекті (2-ден 63 млрд.-ға дейін)  Қаржы министрлігінің жасанды түрде «өсіріп жазған» сандарын әшкереледі: - Айыппұлдардан түсімдер күтілгеннен 1,5 есе жоғары жиналған! Бұл кірістің экономикасы емес, айыппұлдардың экономикасы! – деп ашынды Азат Перуашев, - шырғалаң шеңбері құрылған, мемлекеттік органдардың біліксіз іс әрекеттері салық салынатын базаны қысқартады, қалған бизнеске  жоғалтқандарын өндіріп алу үшін олар тағы да құқықсыз қысымды күшейтеді, бұл қосарланған  салық салуға, тиімсіздікке және жабылуға әкеледі, ал шеңбер жалғаса береді. Бірақ мұның үздіксіз жалғаса беру мүмкін емес – міне сіздерге кірістің құлдырауы.
«Ақ жол» төрағасы Үкіметтің бюджетті қысқарту тәсілдерінің орындылығына күмән келтіретінін білдірді:  20 % дейінгі ауытқулармен бірнеше рет қайта қарауларды «түзетулер» деп айту қиын. Жалпы алғанда бұл нағыз секвестрлеу болып табылады. Бұндай секвестрлер 2008-2010 жылдардағы дағдарыстың қызған кезінде де болған жоқ. Сондықтан, ол оны жоспарлағандардың және орындағандардың кәсіби біліктіліктерін (ал дәлірек айтсақ, біліксіздік)  өте жағымсыз түрде сипаттайды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары Үкімет қызметіне теріс баға берді және 2012 жылға арналған бюджетті орындау бойынша Үкіметтің Есебін қабылдауға қарсы дауыс берді