18
Желтоқсан

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды екінші оқылымда талқылау кезінде Мәжілістің пленарлық отырысында А.Перуашевтің сөйлеген сөзі

Құрметті  әріптестер,
«Ақ жол» партиясының депутаттары бірінші оқылым барысында осы заң жобасын қолдаудан бас тартқанын өздеріңіз білесіздер, өйткені ол үкімет ұсынған редакцияда ұлттық бизнестің мүдделеріне айтарлықтай қауіп келтірген.
Біз бүгін екінші оқылым барысында қаржы министрлігінің атынан заң дайындаушылардың біз көрсеткен кемшіліктерді жоюмен жақсы, тіпті мен айтар едім үлгілі түрде жұмыс істегенін атап өте аламыз. Оңай болмаған пікірталастың қорытындысында Қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бөлігіне қатысты «Ақ жолдың»  принципті ұстанымдарының барлығына дерлігі ескерілген; ал осы заң жобасында ескерілмей қалған мәселелер бойынша қаржы министрлігінің басшылығы біздің фракцияға қаңтар айында басталатын жаңа заңды әзірлеу барысында олар іске асырылады деген жазбаша міндеттеме берді.
Сонымен бірге, осы нәтижелер үкіметті босаңсытпауы тиіс, олармен тоқмейілсіп кетуге болмайды.
Пікірталас барысында белгілі болғандай, Кедендік одақ шеңберінде мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы (2011 жылы 8 шілдеде  алдыңғы шақырылымдағы Парламент бекіткен)  Келісім нормаларымен біздің жақсартуға салған бар күшіміз «жоққа» шығарылады.
Мысалы, осы келісімнің шарттары тек мемлекеттік сатып алуларға ғана емес, қазақстандық өндірушілерді қорғауды қалдыра салып, мұнда біз аттап өтуді жоспарлаған квазимемлекеттік секторға да таратылады.
Одан басқа, біздің техникалық реттеу шаралары арқылы қазақстандық мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділікті қалыптастыруға тырысқан әрекеттеріміз іске аспай қалады, себебі көрсетілген келісіммен КО-қа өзге елдерден өнім берушілердің қатысуына тыйым салатын  құжаттарды қолдануға жол берілмейді.
Сонда, бұл Келісім ұлттық бизнестің мүдделерін мүлдем ескермейді. Осыған байланысты, отандық кәсіпкерлердің пікірін есепке алмай жасалған осы құжатқа деген наразылығымды білдірмей тұра алмаймын және бұл заң жобасымен атқарған қазіргі жұмысымызды жоққа шығарады. Екі апта бұрын ғана, бізге интеграция мәселелері жөніндегі министр (Ж.Айтжанова) оның ведомствосының Кедендік одақ және ДСҰ бойынша келіссөздерде Қазақстанның экономикалық мүдделерін қалай алға бастыратыны туралы өте әдемі суреттеп берген еді  - міне сол жұмыстардың бар құны осы болды.
Біз үшін Келісіммен рұқсат берілген өзіміздің өндірушілерімізді қорғайтын жалғыз мүмкіндік  - бұл мемлекеттік сатып алу барысында өнімдердің нақты атаулары бойынша  2 жылдық өндіруді алу.
Сондықтан, бүгін «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметті босаңсымауға шақырады.  Біздің кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуға шығаруға мүмкіндігі бар өнімдер бойынша тез арада ұлттық бизнеспен кеңесулерді бастауы, нақты алынатын өнімдердің дәл тізімін белгілеуі, содан кейін қалған екі жыл ішінде ұлттық экономикалық мүдделерді және мемлекеттік сатып алу саласында қазақстандық компаниялардың ұстанымдарын қорғау бойынша шараларды жүргізу қажет.
Біз осындай шарттармен ғана талқыланып отырған заң жобасын  қолдай аламыз және осындай міндеттемелерді үкіметтің атынан алдық. Осы заңды қабылдай отырып біз үкіметке ерік береміз, алайда жағдайды одан әрі дамыту үшін оған түсетін жауапкершілік туралы ескертеміз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет.