Алаш жолын таңдаған ару /Мәрзия Түгелбайқызы/ – ‘Қазақ үні’ газеті

» Баспасөз жарияланымдар » Алаш жолын таңдаған ару /Мәрзия Түгелбайқызы/ - 'Қазақ үні' газеті

30.06.2014, 00:00

 Қазақ үні (Алматы), № 26 (635), 30.06.2014,т

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының мүшесі Ерғалиев Талғат Маңғыстауға келген сапарында партия қатарына Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрдың талантты жас актрисасы Дина Ахмеджанды қабылдап, партия билетін табыстаған болатын. Осылайша «Ақ жол» партиясының қатары тағы да бір енер иесімен толықты. Өрістің өңірдің киелі сахнасында ез бақытын тапқан талант иесін сөзге тарттық.

– Өзіңіз туралы, театр ұжымы туралы тоқталып өтсеңіз?

– 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген отызға жуық жас түлектің қатарында мен де қасиетті Маңғыстау өңіріне маман ретінде келдім. Құдіреті ме бәлкім, әлде жастықтың жалыны ма, тез үйренісіп, тіпті, тез баурап алды, шетте жүрсем, туған жерімдей жетуге асығатын болдым. Шын мәнінде, бірге келген әріптестерім де осы өңірдің сахнасынан оз бақыттарын тауып, жұлдыздары жанды. Бүгінгі таңда театр ұжымы толағай табыстарға жетіп, аласармас асуларды бағындырды. Әрине, мұның артында төгілген маңдай тер жатыр. Жемісті еңбектеріміздің барлығы режиссеріміз Гүлсина Бақытжанқызының арқасы десем артық айтқандық болмас. Театр өңірдегі кенже құрылған өнер ордасы болса да, әлемнің көптеген елдері танитын болды. Осы азаматшаның арқасында біздің ұжымның багы жанып, театрдың жүрегіне қан жүгірді. Қазір енер ордасында 30-ға тарта актер қызмет етуде.

– Сахнаның киесімен талантыңызды ұштастыра отырып талай кейіпкердің багын ашқан шығарсыз? Жетістіктеріңіз жайында айтсаңыз?

— Әрине, театр мен үшін үлкен мектеп болды. Осы театр қабырғасында жүріп көптеген белестерді бағындырдым десе болады. 11 жыл ішінде сомдаған кейіпкерлеріммен бірге жылап, бірге күлдім. Алғаш «Қыз Жібек» қойылымында Жібектің ролін, «Қозы Көрпеш Баян сұлуда» Баян сұлудың т.б көптеген қойылымдарда басты кейіпкерлерді сомдап, көрермен жүрегіне жол таптым. Көрерменге жүрек қақпасын ашып, құшағыңды еркін жая білсең, оларда еріксіз құшағыңа енеді екен. Әр кез жаныма жақын болған кейіпкерлеріммен және ұл-қызымның жетістіктерімен қуанышқа бөленіп жүремін. Мен тынымсыз тірліктерімнің арқасында үлкен дайындықпен 2011 жылы Италияда өткен Халықаралық вокалистер сайысында I орынды иелендім. Алғашында әлемнің төрт бұрышынан келген көптің бірі ретінде бізді елеп жатқан ешкім болмады. Кейін «Қазақстан» дегенде ғана елең етіп, «жарайсыңдар, қазақтар» деп жанды дауыста орындалған қазақ әнінің құдіретіне бас иді. Қандай мақтау-марапат алсам да туған елдің мерейі үшін деп білемін. Жемісті жылдарымның ішінде бірнеше фильмдерге түстім. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігінің арнайы тапсырысымен түсірілген «Честь офиңера» сериалы және «Кәусар», балаларға арналған «Балаша» фильмдеріндегі басты рөлдерді сомдадым және барлығы да Маңғыстауда түсірілді. Бұйырса, болашақта тамашалап қаларсыздар.

– Еңбегіңіз жана берсін! Шындыгын айтыңызшы саясатқа араласасыз ба?

– Тек сырттай бақылап отырамын. Театрдан өмірлік сұрақтарға шешім тапсаң, саясаттан да солай өміріңе бағыт табасың деп ойлаймын. Мен үнемі «Ақ жол» партиясы туралы естіп, біліп жүретінмін. Алған аяқ алысы, ұстанған бағыты ұнайтын. Партиядағы бірқатар азаматтардың терең білім мен іскерлік қабілетті ұштастыра біліп, ел игілігіне етіп жүрген қызметтерінен бастап, соз саптауларына дейін бақылап отырушы едім. Әсіресе, Азат Перуашевтың ұсынысты нақты қойып, мәселені шеше алуы біздерге тың серпін берді. Міне, осы жайттарды таразылай келе, зиялы қауым өкілі, Алаш ізбасары ретінде үлесімді қосуға бел будым.

– Сіз секілді өнер иесімен сұхбаттасып отырған «Қазақ үніне» қандай үн қосар едіңіз.

– Таланттардың өнерін бағалап, бағасын беретін оқырман. Сондықтанда көзі қарақты оқырманыңыз коп болып, Алаштың ақ жолынан таймаңыздар!

– Сұхбатыңызға рахметі