02
Шілде

Мақсат Жақау, «Ак жол» ҚДП төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы: Ұлттық мүдде ұмыт қалмасын! - 'Қазақ үнi' газеті

Казак yнi (Алматы), № 26 (635), 30.06.2014 ж.

Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҮ) - сауда-саттық пен отандық өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін жасақтауда құшақ жайып, басымыздан сипай қоятын мекеме емес Сол себептен, таэа экономикалық мүддеде ауыртпалықсыз халықаралық экономикалық жүйеге енудегі бүгінгі Еуразиялық одақтың бастамасы да осы. Бүл, біздіңше, ұлттық дамудағы баспалдақ.

Одан соң экономиканы либералдандырмай, өзбек пен түркімен елдері секілді есік-терезені тарс жауып, дамусыэ өз қазанында қайнай берсе — өсу емес, өшуге апаратын тұйық жол іспеттес. Сондықтан, көршілерімен Еуразиялық одақты құрған интеграциялық бастамадан бас тартсақ, тұрғындарымыздың сапалы өмір сүруін қамтымаған ел, уақыттың талаптарына жауап бере алмаған ұлт ретінде көрінеріміз анық. Интеграциялық бастама - теориялық және практикалық тұрғыдан өзін ақтайтын қадам.

Қазақстан бүгінде инвестициялық тартымдылығының деңгейі жөнінен - Орталық Азияда бірінші және ТМД елдерінде екінші мемлекет. Бұл соңғы жылдардың нарықтық талаптарға ұмтылған еліміздің шетел инвесторларының алдындағы көрсеткіші. Сонымен катар, еліміздің транзиттік әлеуетінің мықты мүмкіндігі бар, сөзсіз - кедендік одақ аясында, ЭКСПО-2017 қарсаңында үлкен экономикалық табыстарға жол ашады. Қарапайым мысал, кезіңде Бельгия екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мүшкіл жағдайына қарамастан, Экспо көрмесін бес рет өткізді. Сөйте тура, Еуропалық экономикалық қауымдастыққа, Еуропа Кедендік одағына, артынша Еуропалық одаққа ойланбай кірді. Қазір Бельгия транзиттік-логистикасы күшті дамыған әлемнің үздік үштігіне кіретін мемлекет.

Екіншіден, одаққа кірдік, енді не істемек керек? Осы тұрғыда, мемлекеттік органдарымыздың, атқарушы биліктің жауапкершілік мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс. Әрбір іс-әрекет басымен жауап беретін дәрежеде, экономикалық қылмыстар жасалғанда қатаң жазаларды қолдануға дейін апарсақ та артық етпейді. Бүл жерде коғамдық, партиялык-фракциялық бақылауларын объективті жасақтап, жүргізу қажет. Төле бидің «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иыан жоқ» деген қағидасы заң мен сот биліктерінің мәртебесін, жергілікті маслихаттың міндеттерін жетілдіруді де назардан тыс қалдырмау қажет. Барлығымызға тиесілі азаматтық жауапкершілікті күшейту — басты парызымыз.

Үшіншіден, А.Байтұрсыновтың ұстанымымен айтсақ, «басқалардан кем қалмауымыз үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз» керек. Біздің түбімізге жететін нәрсе, тағы да сол, кәсіптегі жалқаулық болып шығуы да ғажап емес. Біз кәсіп ашудың орнына әрбір бастаманы әңгімеге, өсекке, халықты дұрыс бағыттан азғырып, қоғамдық пікірін өзгертіп, әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында кәсіби сарапшынын көзқарасынсыз, былайша айтқанда, жөнсіз байбалам салуға өте әуеспіз. Сондықтан, бетті дәкемен тұмшалап алып білгішсу емес, қайтсек аяққа тұрамыз, қай кәсіптің көзін табамыз, мемлекетке салық төлей отырып, елге қандай жұмыс береміз деген мәселемен бас қатырсақ, әлдеқайда қисынды болмақ.

«Ак жол» фракциясы отандық кәсіпкерлеріміздің мүддесін одақтың басты құжатында орын алуына, отандық тауар мен қызмет көрсету, өндірістік күштердің табиғи бәсекеге қабілеттілік құқықтары мен қағидаларының қорғалуына алаңдаушылық білдірді. Ешқандай саяси амбициялардың орын алып кетпеуін, саяси шарттарды болдырмауды қолдады.

Төртіншіден, басты факторларды геосаяси және қауіпсіздік себептерін де естен шығармаған абзал. Біз тұтас елдің бір-ақ күнде құрдымға кетіп, артынша 40-50 жылға дейін есеңгіреуге апаратын ірі алпауыт елдердің геосаяси ықпалына түспеуді, аймақтық тұтастығымызды ойланғанымыз дұрыс. Десе де, ресейлік тауарларының 70 пайызын, ақпарат құралдарының 80 пайызын, діни православиелік уағызының 30 пайызын, ресми сөйлеу тілінің 40 пайызын ескергенде, тізгінді бос қоя беруіміз үлкен қателік болады. Ол кезде «пәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр тиын да жоқтың» кебін киіп қалмас үшін, отандық бизнесті, ақпараттық саясатты, идеологиялық бағытты 100 есе күшейтуіміз керек. Ұйқыда жатқан басқармаларымызды оятып, науқаншыл флеш-мобтарды, орынсыз жиын-отырыстарды жасауды, жосықсыз той-тойлаумен айналысуды қойып, нақты стратегиялық ұлттық жобаларды қолға алғанымыз ләзім.

Қалай десек те, интеграция ұлттық дамудың сапасы мен бағытына оң әсер етеді. Одақ бізді Ресеймен табақтас болуға емес, өзімізді, ез ұлттық жолымызды табуға бағыттайды. Еуразия одағы Кеңестік өткенімізді пайымдауды, одақ ішінде ысылып-күресуді, бәсекелесуді үйреніп, намысымызды қайрау үшін қажет.

Елдің дамуына интеграциядан басқа балама жоқ.

Елбасымыздың сөздерімен қорытындыласақ, «Қандай одақ болса да, Тәуелсіздігімізді ешкімге бермейміз, сәл күдік болса, одақтан сол сәтте шығып кетеміз!»