04
Шілде

Журналистер мерекесіне орай 'Ақ жол' ҚДП-ның құрметті сыйлығы берілді - 'Қазақстан-ZAMAN' газеті

Қазақстан-Zaman (Алматы), № 26 (999), 03.07.2014 ж.

Құттықтаймыз! 

Қазақстан Республикасы Журналистер мерекесіне орай, ұжымдық әріптестеріміз 'Қазақстан-ZAMAN' халықаралық газеті Тілшілер қосыны бастығының орынбасары Нағашыбай Қабылбекке 'Ақ жол' демократиялық партиясының 100 000 тг құрметті сыйлығы берілді. Аймақтық тілшілер - Жұлдыз Тойбек (Орталық Қазақстан облысы) 'Hұp Отан' партиясының ұйымдастыруымен жыл сайын өтіп келе жатқан 'Hұp Сұңқар' республикалық байқауында номинация иегері атанса, ал Дахан Шөкшір (Ақмола облысы) 'Алтын Қалам' алды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алда да халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүре беруіне тілектеспіз.