31
Мамыр

Санат жоқ 31.05.2013

Азат Перуашев: Бір де бір директорлар кеңесі жеке компания басқармасының 2012 жылдың қорытындысы бойынша үкімет ұсынғандай есебін бекітпес еді

31 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Бір де бір директорлар кеңесі, бір де бір акционерлердің жиналысы жеке компанияның атқарушы басқармасының мұндай есебін бекітпес еді – Азат Перуашев кеше Мәжілістің пленарлық отырысында 2012 жылдың қорытындысы бойынша  үкіметтің есебін талқылау барысында мәлімдеді.
«Менеджмент заңы бірдей екені белгілі. Қазіргі бюджеттің айналасындағы пікір таласты жеке бизнес менеджерлері таңқалып бақылап отыруға мәжбүр, - деп атап өтті «Ақ жолдың» көшбасшысы. - Әрине, мемлекеттің бизнестен айырмашылығы жай ғана ақша табуды мақсат етіп қойып отырған жоқ, сондай-ақ оның ауқымды  әлеуметтік міндеттері бар».
«Бір де бір басшы мемлекеттік қаржымен тәуекелге баруға құқығы жоқ, - дейді сенімді түрде «ақжолдықтар». Әкімшілер мемлекеттік қызметке қайта келу құқығынсыз жетекшілік лауазымдарынан босатуға дейін жауапкершілікке тартылуы тиіс – олар бәсекелестік ортада  өз табыстарын табуға үйренсін»