04
Мамыр

Санат жоқ 04.05.2013

«Ақ жол» Жеңiс Күніне арналған «Бiз есте сақтаймыз, бiз мақтан тұтамыз» атты патриоттық акциясын бастайды

4 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» партиясының Жеңiс Күніне арналған «Бiз есте сақтаймыз, бiз мақтан тұтамыз» атты патриоттық акциясы Астана, Алматы қалалары,  Қазақстанның облыс орталықтарында өтедi. Бұл акция - Отан соғысында  ұрыста құрбан болғандарды есте сақтап, жеңіс үшін жанын аямаған ардагерлерге құрмет көрсету болып табылады.
 Бұл Жеңiс Бауыржан Момышұлының, Төлеген Тоқтаровтың, Нүркен Әбдіровтің, Талғат Бигельдиновтың, Рахымжан Қошқарбаевтың, Қасым Қайсеновтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметовалардың ерлiктерінiң арқасында Қазақстан халқының да Жеңісі болды. Бiздің  сол ауыр күндер туралы,  әкелеріміз бен аталарымыздың ерлiгі туралы ұмытуға қақымыз жоқ.
«Ақ жол» партиясы әлемді фашизмнен азат еткен ардагерлерін еске алып, мәңгілік ризашылығымыздың белгісі ретінде акцияға қосылуға  және батыл қайсарлық, ер жүректілік және жанқиярлықтары, көрсеткен даңқты ерліктері үшін 1943 жылы  құрылған Орденнiң кiшкентай бөлiгi – Даңқ лентасын өзiнің киiмі жағасының қайырмасына, қолына, сөмкесiне немесе автокөлiктiң антеннасына тағуға шақырамыз, - деп атап өтті партияның көшбасшысы Азат Перуашев.
Партия белсендiлерi Жеңiс күнi қарсаңында Ұлы Отан соғысының батырларын еске алып құрметтеуді  қалайтындардың барлығына Даңқ лентасын таратады. Іс шара тұрғындар көп жиналатын орындарда ұйымдастырылатын болады.
Даңқ Орденiнiң қара-қызғылт сары лентасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс туралы естеліктің белгісі болып табылады. Лентаның қара және қызғылт сары түстерi 'түтiн және жалынды' білдіреді және жауынгердің соғыста көрсеткен жеке ерлігінің белгісі болып табылады.