Үкіметтің және Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті орындау бойынша талқылауда сөйлеген сөзі(2013 жылғы 30 мамырдағы Мәжілістің пленарлық отырысы)

» Сөйлеген сөздер » Үкіметтің және Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті орындау бойынша талқылауда сөйлеген сөзі(2013 жылғы 30 мамырдағы Мәжілістің пленарлық отырысы)

30.05.2013, 00:00

«Ақ жол» фракциясыҮкіметтің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп тауып, бюджетті орындау бойынша есепті қолдаудан бас тартты
  А.Перуашев

Үкіметтің және Есеп комитетінің 2012 жылғы бюджетті орындау бойынша талқылауда сөйлеген сөзі
(2013 жылғы 30 мамырдағы Мәжілістің пленарлық отырысы)
 Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер!
Мен өз сөзімде 2012 жылға бюджетті орындау бойынша «Ақ жол» ҚДП фракциясының ұстанымын баяндап бергім келеді.
 
1.      Кіріс бөлімі
Үкіметтің әкелген есебінде бюджеттің  негізгі кіріс көрсеткіштері айтарлықтай сенімділік тудыра қоймайтындай көрінеді, және шын мәнінде, бұл экономикалық құлдырауды айғақтайды.
Мәселен, инфляцияны есепке алғанда өнеркәсiп өнiмдерiнің көлемі 2%,
ауыл шаруашылығында 20%, сауда 6%-ға дерлiк, байланыс 4%-ға азайған. Тек қана құрылыс және көлiк қызметтері көлемдерiнiң, оның өзінде шамалы-ақ  – 1, 5-2%-ға өскені байқалады.
2011 жылмен салыстырғанда импорттан түскен түсімдер 11% -ға көтерілген болса, ал iшкi өндiрiстiк қызметтерден және тауарлардан түскен түсімдер 8 %-ға төмендеп отыр.
Бұл мәлiметтердің нақты салаларды ықшамдау және iшкi нарықтың импортқа бағыныштылығының өсуі туралы айтатыны анық.
Мұны басқа да мәліметтер айғақтап отыр. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар 17 %-ға, жеке кәсіпкерлер 10,5 %-ға қысқарған.
Есеп комитетінің Есебінде көрсетілгендей, 2012 жылы ірі салық төлеушілерден түсім өткен жылмен салыстырғанда 21 %-ға (336 млрд.тг), азайған, ал олардың ішінде 12-сі бойынша бюджеттен ҚҚС-ты қайтару  туралы сомасы, олармен бюджетке төленген салықтың сомасынан 23,0 млрд. теңгеге асып түседі.
Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерден салық түсімдерінің деңгейінің, бүкіл жүйе (21 ЕДБ) бойынша бар болғаны 59 млрд. құрайтыны да, сұрақтар туындатады.
Есеп комитетінің мәліметтеріне сәйкес 01.01.2013 жылға  тек «БТА банк» АҚ бойынша ғана күмәнді борыштар бойынша провизиялар 17 трлн. теңгеге дейін жетіп қалған, оларды салық салынатын кірістен шегеру КТС бойынша 3,376 трлн. шамасында теңгенің кем төленгенін білдіреді. Салыстыру үшін, Есеп комитетінің мәліметтері сәйкес ҚҚС бойынша ауылшаруашылығын өңдеушілер үшін (оны жою ұсынылып отыр) жеңілдіктер бюджетке салықты 7 млрд.теңгеге жуық мөлшерінде кем төлеуге әкеледі. Сонда, қазіргі қолданыстағы салық салу  үлгісінде барлық ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін  қоса алғанда, тек қана БТА банкке бюджет 500 есе көп жоғалтады.
Осы арада, шағын және орта бизнес үшін жалпы құны (нақты секторлардың шеңберінде)  246 млрд. теңге деңгейінде бағалауға болатын жеңілдіктерді жою туралы  Қаржы министрлігінің ұсыныстары  күмәнді көрінеді. Бұл сандар бюджеттің тек қана БТА банкінен жоғалтқанынан 7 есеге аз,  ал экономикада шағын және орта бизнес рөлінің жүйелік маңызы  кез келген жеке банктен өлшеусіз жоғары тұр.
Сондықтан, банктерге және шикізат секторындағы салық салудың үйлеспеушіліктерін түбегейлі қайта қарауды қажет етеді.
Сондай-ақ , тапсырылатын статистикалық есептердегі әдептілік деңгейін едәуір көтеру қажет, себебі келтірілген мәліметтерді бұрмалау ақырғы нәтижесінде бюджеттік саясатта өтірік пайымдауларды құрайды.  Мысалы, Есеп комитетінің есебінде, жалған кәсіпорындардың  қызметтерінің нәтижесінде және олардың контрагенттерінің бюджетке түспей қалған салықтарының сомасы 63,0 млрд. теңгені құрайтыны көрсетіледі. Сонымен қатар біздің фракцияның өткен жылғы қыркүйектегі сауалына Қаржы министрлігі, жалған кәсіпорындардың контрагенттерін салықтық тексерулер бойынша 2012 жылғы алты айға төленген салық сомасы тек 0,7 млрд. теңгені құрайды деп жауап берген.
Мұндағы әдістемелік «тұзақ», салықшылардың ешкім кінәлі деп танымаған адал кәсіпкерлердің ішінен олардың контрагенттеріне есептеулер әдісімен КТС және ҚҚС-ын жалған кәсіпкерлерден келген зиян сомаларына қосатыны болып табылады.
Демек, жалған кәсіпкерлердің өздері төлемеген салық төлемдері бюджетке өндіріліп алуға жатуы тиіс. Жалған кәсіпкерлердің басым көпшілігі ЖК түрлерін және арнайы салықтық режімді (АСР) қолданып әрекет ететіндігі туралы сол  мәліметтерді ескерсек,  олардан бюджетке өндіріп алу 2 млр. теңгені құрайды, әрине бұл жоғарыда көрсетілген Қаржы министрлігінің  берген жауабына сәйкес келеді.
Сондықтан,  ең дұрысы жасанды (2-ден 63 млрд.-ға дейінгі) «көпірген» сандар жалған кәсіпкерлікті жою жөніндегі пікір талас шеңберінде қоғамның санасына әсер ету мақсатында болып отыр, бірақ нақты жағдайды көрсетпейді.
Бұл туралы кездейсоқ айтып тұрғаным жоқ. Бюджеттік табыстың құлдырауының себептерін бағалаудағы әдістемелік қателіктер, оны қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды бағалауда да осындай қателіктерге әкеледі. Мәселен, бюджетке төлемдердің көбеюін салықтық әкімшілікті күшейту шараларымен  қамтамасыз ету ұсынылады.
Мұндай пайымдауды жөнсіз деп бірден айтуға болады. «Ақ жол» партиясы сындарлы әкімгершілікті бизнесті басқарудың алдын ойламайтын  және біліксіз қысымымен айырбастау жүріп жатыр деп есептейді. Мысалға, айыппұлдардан түсімдер 145 % деңгейінде орындалған, немесе күтілгеннен 1,5 есе жоғары! Іс жүзінде, сауатты фискальдық саясатты айыппұлдар алмастыруда. Бұл кірістің экономикасы емес, айыппұлдардың экономикасы.
Осылайша шырғалаң шеңбер пайда болады, мемлекеттік органдардың біліксіз іс әрекеттері салық салынатын базаны қысқартып, қалған бизнеске  жоғалтқандарын өндіріп алу үшін олар тағы да құқықсыз қысымды күшейтеді, бұл қосарланған  салық салуға, тиімсіздікке және жабылуға әкеледі, ал шеңбер жалғаса береді. Бұлай үздіксіз жалғаса беру мүмкін емес.
Және, мұның бәрі үкіметте экономикалық, индустриялдық және фискальдық саясатты теңестіру үшін, ұлттық деңгейде және өңірлерде жеке бизнесті қолдауға және қорғауға жауапты біраз министрліктер және ведомстволар құрылғанына қарамастан болып жатыр.
Біз, бюджеттің кірісін көтерудін басты шарты айыппұлдар емес, ал жаппай жаңа кәсіпкерлердің пайда болуының және ШОБ-тің табыстарын көтеру үшін жағдай жасау есебінен салық салынатын базаны кеңейту болып табылатынына сенімдіміз.
 
2. Шығыс бөлімі
 
Енді бюджеттің шығыс бөлімін орындау бойынша.
 
Біздің пікірімізше, үкіметтің басты мақсаты бюджеттік қаражатты өз өзінен жұмсай беру емес, экономиканы көтеру және қатардағы қазақстандықтардың өмірін жақсарту болуы тиіс.
2012 жылы Есеп комитетінің бағалауы бойынша 219 млрд. теңге тиімсіз пайдаланылған.
Мысалға, 2012 жылы ҮИИДМБ  іс шараларын жүзеге асыруға  842 млрд. теңге немесе бюджеттік шығыстардың 14 % бөлінген болатын.
Осындай аса қомақты шығындар бара-бар нәтиже беруі тиіс сияқты. Бірақ біз тура кері нәтижені көріп тұрмыз: өнеркәсіптік өнімдер нақты көлемінің индексі 3 % артық (103,7-ден 100,5 %) төмендеген. Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индесі – тура 7 % (107,7-ден 100,7 %-ға дейін) түсіп кеткен.
Бюджеттен барлық триллиондаған шығындардың өзінде, өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі үш жыл бұрынғы деңгейде қатып қалған. Өңдеуші өнеркәсіп жұмыс орындарының саны да өзгермеген.
Есеп комитетімен экономиканы жаңғыртуға бағытталған қаражат, оның әртараптандырылуына әсерін тигізбеген деген біржақты тұжырым жасалған.
Басқа мысал: Жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасын іске асыруда 39 млрд. теңгеге (45 %) бұзушылықтар анықталған. Бұл бағдарламаға көптеген миллиардтардың құйылғанына қарамастан, Есеп комитетінің мәліметтері бойынша 2012 жылы 32 мың адамға жұмыссыздардың саны өскені көрсетіледі,  бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп болып тұр.
Сонда, жұмыспен қамту бағдарламасы да, ҮИИДМБ сияқты болып, кері әсер береді: шенеуніктер 90 млрд. теңгені сарп қылған, ал жұмыссыздар саны болса тек өсіп келеді. Мүмкін, бұл бағдарламаларға мүлдем ақша бөлмеу дұрыс шығыр?
Есеп комитетінің есебінде мұндай бюджеттік қаражаттардың ешбір қайтарымсыз сіңіп кетіп жатқаны жайлы мысалдар – өте көптеп кездеседі. Алайда, бюджетті орындаудың тиімділігін бағалау, қаржылық қаражаттарды игерудің деңгейі бойынша жүргізу жалғастырылуда. Есеп-қисап жағынан қарағанда барлығы да сонша жаман емес: қаржылар игерілуде, есептер жіберіліп жатыр. Бірақ осы шығындардың экономикаға, бизнес жағдайларына және қарапайым адамдардың өміріне әсері – ең төменде қалып тұр.
Тегінде бұлай болмауы керек: егер бюджеттік қаражат бөлінсе және игерілсе, онда ол бір жерден – жаңа өнеркәсіп және жұмыс орындары түрінде ме, немесе  – басқа жақтан, мысалға Кипрден, Вирджин аралдарынан немесе басқа оффшорлық аймақтардан шығуы тиіс қой. Мұны мен айтып тұрғаным жоқ, бұл материяны сақтаудың физикалық заңдылығы.
Бүгін бізге бюджетке «түзетулер» енгізу ұсынылды. Бірақ, 20 % дейінгі ауытқулармен бірнеше рет қайта қарауларды «түзетулер» деп айту қиын. Жалпы алғанда бұл нағыз секвестрлеу болып табылады.
Бұндай секвестрлер 2008-2010 жылдардағы дағдарыстың қызған кезінде де болған жоқ. Сондықтан, ол оны жоспарлағандардың және орындағандардың кәсіби біліктіліктерін (ал анықырағы, біліксіздік)  өте жағымсыз түрде сипаттайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, «Ақ жол» фракциясы келесі ұсыныстарды енгізеді:
1. Үкіметтің қызметінің тиімділігінің негізгі бағасы, ағымдағы режімдегі бағдарламалардың мақсатты көрсеткіштерінің жетістігі болуы тиіс. Мысалға, ҮИИДМБ өңдеуші өнеркәсіптердің ЖІӨ үлесін арттыруды тек 2015 жылға (12,5 % ) емес, әрі оның нақты жыл сайынғы өсуін (мысалға – 2,5 %) қарастыру  қажет.
2. Осылайша, бюджетте Ұлттық қордан трансферттерді пайдалану нәтижелері көрсетілуі және қадағалануы тиіс.
3. Индикаторлармен екі жыл қатарынан орындалмаған бағдарламалар мағынасыз шығындарға жол бермеу үшін жабылуы керек. Олардың әкімшілері, жетекшілік лауазымдарынан босатуға дейін, мемлекеттік қызметке қайта келу құқығынсыз жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Мемлекеттік қаржылармен тәуекелге барғанша, бәсекелестік ортада  өз табысын табуға үйренсін.  
Менеджмент заңы бірдей екені белгілі. Біздің Үкіметтің түсінуі тиіс, қазіргі бюджеттің айналасындағы пікір таласты жеке бизнес менеджерлері таңқалып бақылап отыруға мәжбүр. Бір де бір кеңес директорлары, бір де бір акционерлердің жиналысы жеке компанияның атқарушы басқармасының мұндай есебін бекітпес еді. Әрине, мемлекеттің бизнестен айырмашылығы жай ғана ақша табуды мақсат етіп қойып отырған жоқ, сондай-ақ оның ауқымды  әлеуметтік міндеттері бар.
Бірақ, бұл «Ақ жол» партиясының Үкіметке қойған мәселелерін алып тастамайды.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.