31
Мамыр

Санат жоқ 31.05.2013

Азат Перуашев: Банктерге салық салудың қазіргі үйлеспеушіліктері түбегейлі қайта қарауды қажет етеді

31 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Банктерге салық салудың қазіргі үйлеспеушіліктері түбегейлі қайта қарауды қажет етеді – Азат Перуашев 2012 жылғы Үкіметтің Есебін талқылау барысында банктерге салық салу тәсілдерін сынға алды.
«Екінші деңгейдегі банктерден салық түсімдерінің деңгейінің, бүкіл жүйе (21 ЕДБ) бойынша бар болғаны 59 млрд. құрайтыны да, сұрақтар туындатады, - деді ол. Есеп комитетінің мәліметтеріне сәйкес 01.01.2013 жылға  тек «БТА банк» АҚ бойынша ғана күмәнді борыштар бойынша провизиялар 17 трлн. теңгеге дейін жетіп қалған, оларды салық салынатын кірістен шегеру КТС бойынша 3,376 трлн. шамасында теңгенің кем төленгенін білдіреді.
Депутат салыстыру үшін, Есеп комитетінің мәліметтеріне сәйкес ҚҚС бойынша ауылшаруашылығын өңдеушілер үшін (оны жою ұсынылып отыр) жеңілдіктер бюджетке салықты 7 млрд. теңгеге жуық мөлшерінде кем төлеуге әкеледі.
«Сонда, қазіргі қолданыстағы салық салу  үлгісінде барлық ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін  қоса алғанда, тек қана БТА банкке бюджет 500 есеге жуық көп жоғалтады», - деп атап көрсетті «Ақ жолдың» жетекшісі.
Осыған байланысты Азат Перуашев шағын және орта бизнес үшін жеңілдіктерді жою жөніндегі Үкіметтің жоспарын сынға алды: «жеңілдіктердің жалпы құнын (нақты секторлардың шеңберінде)  246 млрд. теңге деңгейінде бағалауға болады. Бұл сандар бюджеттің тек қана БТА банкінен жоғалтқанынан 7 есеге аз.
Экономикада шағын және орта бизнес рөлінің жүйелік маңызы  кез келген жеке банктен өлшеусіз жоғары тұрғанын ескеріп, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы банк секторлары үшін салық салу жүйесін қайта қарауды талап етеді.