21
Шілде

Санат жоқ 21.07.2014

«Ақ жол» ҚДП-ның Парламенттік фракциясының мүшелері өңірлерге сапарларын жалғастыруда. Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда облысында болды.

            2014 жылдың 21 шілдесі, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев 'ДАМУ' кәсіпкерлікті дамыту қоры' АҚ Қызылорда облыстық филиалы жұмысымен танысты
Кездесу барысында филиал директоры  Жансұлтан Орынбекұлы «Даму» қорының облыстағы атқарып жатқан келелі жұмыстарының барысымен таныстырып, облыста шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі басым екендігіне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде Алмас Ұзақұлы, филиалдың жұмысына оң бағасын беріп, кәсіпкерлік бағытындағы бірлескен іс-әрекетті күшейту қажеттігін атап өтті.
            
 

Тұртаев Арал ауданындағы кездесуді аудандағы «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен өз кәсібін ашып, халықты жұмыспен қамтыған шағын кәсіпкерлік нысандарын аралаудан бастады.

Алдымен Айару орталығында болып, жұмыс барысымен танысты. Орталықта тігін шеберханасы, шаштараз, дүкен және шағын наубайхана жұмыс жасауда. Жалпы саны 15 адамды жұмыспен қамтыған кәсіп иесі орталықтың қызмет ету аумағын кеңейту жоспарымен бөлісіп, мемлекеттік бағдарламаның көмегі мол екендігін айтып, Елбасына ШОБ қолдауына алғысын жеткізді. Келесі нысан бағдарлама аясында ашылған «ALTAIR» қонақ үйінің жұмыс барысын көрді. Депутат ауданның туристік ауқымы қарқынмен дамуда, қонақ үй тапшылығы байқалатынын тілге тиек етіп, ендігі кезекте бұл мәселе оң шешімін тапқанына жоғары баға берді. Бағдарлама жемісін көріп, халыққа қызмет жасап жүрген «Аралдент» тіс емханасының жұмыс барысын бағамдаған Алмас Тұртаев, ШОБ дамуына елдегі атқарылып жатқан келелі жұмыстардың барысымен таныстырып, фракция депутаттарының кәсіпкерлік бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

                

Шағын кәсіпкерлік шысандарының жұмысымен танысқаннан кейін, Арал аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында кәсіпкерлермен қорытынды кездесу өткізді. Еркін пікір-алмасу бағытында өткен келелі жиында аудандағы кәсіпкерліктің даму барысы сөз болды. Кәсіпкерлер ШОБ тексеруге мараторий жариялау туралы Елбасының бастамасына алғыстарын жеткізді. Дегенмен кедергілердің әлі де көптігі, екінші деңгейлі банктердегі несие пайызының жоғары екендігі, кепіл қою мәселесі алаңдататыны айтылды.

Алмас Ұзақұлы Тұртаев банк саласындағы кедергілерді азайту барысында арнайы жұмыс тобы құрылып жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етіп, фракция депутаттарының осы бағытта ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар әлемдік тәжірбиелердің озық үлгілерін Қазақстанға да енгізіп, экономиканың қозғаушы күші ШОБ дамуына қолдаудың тоқтамайтынын, кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілетінін жеткізді.

 

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың Қазалы ауданындағы сайлаушыларымен кездесулері жаңадан ашылған Сауда орталығының жұмысымен танысудан басталды. Аталған сауда орталығы мемлекеттік бағдарламаның көмегімен іске асырылған. Сауда орталығында наубайхана, ардагерлерлерге арналған асхана сонымен қатар дүкен қызмет атқаруда. Келесі нысан, «Қазалы конфеті» цехының жұмысымен танысумен жалғасын тапты. Цех 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өз өнімдерін тек облыс көлемінде емес, республиканың басқа да аймақтарына экспорттауды жоспарлауда. Одан әрі, наубайхана жұмысын көрді. Аталған шағын кәсіпорын наубайхана айналасынан дүкен, басқа да өнім түрлерін шығаратын шеберхана салу жоспарында бар екенін айтты. Алмас Ұзақұлы несие көлемін көбейту мәселесі қаралып жатқанына тоқталып,  алдағы уақытта бұл мәселе де шешімін табатынын тілге тиек етті.

            

 Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаның жемісін көріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған «Балық Қызылорда» ЖШС-де болды. Аталған кәсіпорын балықты өңдеп, әр-түрлі бағыттағы өнімдерін экспортқа шығарып отыр. Жалпы саны 50 адамды жұмыспен қамтыған.

Қазалы темір-бетон зауыты да назардан тыс қалмады. Барлық нысандарды толықтай аралап, жұмыс барысымен танысқан депутат аудандағы ШОБ даму қарқынына оң бағасын беріп, әлде де бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын кеңейту керек екендігін айтты.


            

Келелі қорытынды жиын аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Аудан облыс көлемінде ШОБ дамуы бойынша алдыңғы қатарда. Кәсіпкерлер өз кезегінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.


Алмас Тұртаев аталған ұсыныстардың ескерілетінін жеткізіп, фракция депутаттарының кәсіпкерлік бағытындағы жұмыс барысын жан-жақты саралап, ШОБ банкроттау және оңалту мәселесіне кеңінен тоқталды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.