Азат Перуашев: Ауыл шаруашылық министрлігі ауыл шаруашылығының қызметкерлерін емес, жалған есеп беруге итермелейтін әкімдерді жазалауы тиіс

» Санат жоқ » Азат Перуашев: Ауыл шаруашылық министрлігі ауыл шаруашылығының қызметкерлерін емес, жалған есеп беруге итермелейтін әкімдерді жазалауы тиіс

20.05.2013, 00:00

20 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Ауыл шаруашылық министрлігі ауыл шаруашылығының қызметкерлерін емес, жалған есеп беруге итермелейтін әкімдерді жазалауы тиіс – мұндай мәлімдемені «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев 16 мамыр күні  астық нарығын қалыптастыру мәселесі жөніндегі заң жобасын  талқылау бойынша өткен «дөңгелек үстелде» жасады. Кездесуге «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары, ауыл шаруашылық вице министрі Мүслім Өмірияев, «Қазагромаркетинг» АҚ және «Азық-түлiк корпорациясы» басшылығы, бизнесмендер және фермерлер қатысты. ҚДП орталық кеңсесімен филиалдар, оның ішінде еліміздің ірі астықты өңірлері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары тікелей байланыста болды.
ҚДП депутаттары заң жобасының бірқатар нақты нормаларына қарсылықтарын білдірді. Мәселен, «ақжолдықтар» элеваторлардың уақытша әкімшілігіне кәсіпорындардың активтерін соттан тыс жүзеге асыру құқығын беруге бірден қарсы шықты.
– Демократтар уақытша әкімшіліктің АҚК мүлкін сатуына заң жүзінде  тыйым салу қажет, – деп есептейді. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін қолда бар активтері жетпеген жағдайларда қаржылық сауықтыру және конкурстық басқарудың рәсімдерін қосу қажет. Қаржылық сауықтыру иелері ауысқанның өзінде тек қарыздарын жауып қана қоймайды, әрі қолданыстағы экономикалық субъектілерді де сақтап қалады.
Уақытша басқарушаларға АҚК және астық қоймасын іс жүзінде таратып,  шаруашылық кешенін бөлшектеп жаппай сатып жіберуіне жол беруге болмайды – деп атап көрсетті «Ақ жолда» – құрал-жабдықтарын тот басып, ал жүздеген адамдары жұмыссыз қалған, табысты өндірістен тек қаңырап қабырғалары қалғаны туралы мысалдар жеткілікті. Экономика өндірістен, жұмыс орындарынан, салықтардан айырылады.
Бұған байланысты маңызды сәт, сондай-ақ элеваторлардың борышын өтеу тәртібі болып табылады. Мәселен, Ауылшаруашылығы министрлігі астық қолхаттары бойынша қарыздарды бірінші кезекте өтеуді ұсынып отыр.
– Ал еңбек ұжымының, регрессниктер, басқа несие берушiлердің мүдделері ше? – деп келіспеді Азат Перуашев. Банкроттық және оңалту жөніндегі заңнамасымен бiрiншi кезекте әлеуметтiк мiндеттемелер бойынша борыштарды өтеу ережесі белгіленген. Осы ережемен жүру керек, велосипед ойлап табудың керегі де жоқ.
Демократтардың пікірінше, осы олқылық заң жобасының нормаларын оңалту және банкроттық туралы заңнамаға қосуға қажеттiлiкті тағы да растай түседі.
Кәсiпкерлердiң партиясы құжат кәсiпорындардың мүлкiне нұқсан келтiргені үшін уақытша әкімшіліктің жауапкершiлiгін қарастырмағанына да назар аударады. «Ақжолдықтар»  кәсiпорынға аса iрi мөлшерде шығын келтiргені үшін қылмыстық жауапкершiлiктер енгiзуді ұсынады.
Сондай-ақ талқылау барысында Азат Перуашев АҚК қызметкерлерінің статистика органдарына есептерін уақытында тапсырмағандары немесе күмәндi мәлiметтердi бергендері үшін айыппұлдарды өсірудің орынсыздығы туралы мәлімдеді.
– Жергiлiктi әкiмдердiң  бұйрығымен шаруашылықтар тым көтермеленген,  «жоғарғы» ойдан шығарылған  есептерді беретіні ешкімге де құпия емес.  Ал заң дайындаушылар  тағы да ауылдықтарға айыппұлдық санкцияларды үш есеге – 20 АЕК дейiн өсіруді ұсынады. Мұндай сомалар ауыл шаруашылық қызметкерлерінiң еңбекақысымен салыстыруға келе ме? – деп ашынды «Ақ жол» партиясының көшбасшысы,- Сіздер ауыл еңбекшілерін емес, жалған есеп беруге итермелейтін әкімдерді жазалаңыздар.
 «Ақ жолдың» депутаттары бұрын да Ауылшаруашылық министрлігінің осы заң жобасында электрондық астық қолхаттарын енгізу туралы бастамасын сынағанын атап өтеміз. ҚДП пайымдауынша қолхаттардың электрондық форматы, ауылда ақпараттық жүйелердегi жаңылыстардың (сбой) себебi бойынша астық иелерiнің құқығына қысым жасауға апарып соғуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық вице министрі Мүслім Өмірияев хабарлағандай, жұмыс тобындағы пікір таластан кейін бұл пікір ескерілген, оның орнына астық қолхаттарын ұстаушылардың электронды Тізілімі құрылады. Демократтардың көшбасшысы Азат Перуашев мәселенің осылай шешілгеніне ризашылығын білдірді, себебі  іс жүзінде бағалы қағаздардың бірі болған ұстаушылардың тізілімі жалпы нарық қорларын әкімшілендірудің қалыптасқан нысаны, әрі оны астық қолхаттары нарығында қолдану әбден дұрыс.
Пікірталас барысында  Ауыл шаруашылық министрлігі «Ақ жолдың» тағы басқа бірқатар түзетулерін қабылдады. Пікірталасқа заң жобасы туралы өздерінің пікірлерін білдірген және салалардағы проблемалармен бөліскен партияның өңірлік филиалдары, кәсіпкерлер және фермерлер белсенділікпен қатысты.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы кәсіпкерлерді қолдау бойынша және Қазақстанның қатардағы азаматтарының мүдделерін қорғау жұмысын жалғастыра береді.