22
Мамыр

Санат жоқ 22.05.2013

«Ақ жол» партиясы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-імен бірлесе отырып инновациялық жобалар форумын өткізді

2013 жылдың 22 мамыры, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі  
 
«Ақ жол» ҚДП Жастар қанатымен өткен сәрсенбіде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Менің жобам – болашаққа инвестиция» ғылыми-көрмелік форумы болып өтті. Іс-шараға «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Преуашев, ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары Екатерина Никитинская, Алмас Тұртаев, Нұрлан Жазылбеков, Меруерт Қазбекова, сондай-ақ ЕҰУ басшылығы, астананың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, бизнесмендер қатысты.
Форум энергия үнемдеу, «жасыл» техногологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, тамақ өнеркәсібі, металлургия және т.б. салаларда отандық инновациялық зерттемелердің көрмесін ашты. Бір есте қаларлығы, «Ақ жол» депутаттарына ұсынылған инновациялардың ішінде бекіре шаруашылығы бойынша жоба бар болып шықты, оны дамыту бойынша мемлекетік бағдарлама қабылдаудың қажеттігі  туралы осы күнгі таңертеңгілікте ғана Меруерт Қазбекова Үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатын. Сонымен бұл тақырыптың өзектілігі көрнекілікпен расталғандай болды.
Көрменің қорытындылары бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді, онда депутаттар, ғалымдар және кәсіпкерлер ғылым мен өндірістің өзара әрекеттестігі мәселелерін талқылады.
- Бизнес үшін аса маңызды мәселе іргелі зерттеулерді мемлекеттің тікелей қолдауы қажет болып отырған кездегі бұл саладағы инновациялық зерттемелердің коммерсияландырылуы болып қалып отыр, - деп атап өтті Азат Перуашев,- Мұндай факторларсыз өзіміздің өндіріске, біздің халқымыздың еңбегі мен талантына негізделген технологиялық экономиканы құру өте күмәнді.
Талқылауға қатысушылармен  «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге ерекше мән берілді.
- ЕХРО-2017 инновациялық құралдарды мемлекеттік қолдауға жаңа серпін беруге, озық идеялар мен жобаларды іске асыруға қозғау салуға тиіс, - бұған ҚДП жетекшісі сенімді – тек осындай жағдайда ғана мұндай аса қымбатқа түсетін іс-шара біздің экономика және қарапайым азаматтардың өмірі үшін ұзақ мерзімді сапалы тиімділік әкеледі.
«Ақ жол» партиясының атынан Азат Перуашев кездесуге қатысушыларды инновациялық қызметті қолдайтындығына сендірді және үдемелі индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасы аясында әлеуеттігі бар нақты зерттемелерге жәрдемдесуге дайын  екендігін білдірді.
«Ақ жол» партиясы сайлауалды бағдарламасын орындау, ғылыми және кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша жұмысын жалғастыра береді.