«Ақ жол»: Тауарлық бекіре шаруашылығы бағалы балықтардың популяциясының жоғалып кету қауіпін азайтуға және елдің батыс өңіріндегі әлеуметтік айырмашылықты төмендетуге қабілетті

» Санат жоқ » «Ақ жол»: Тауарлық бекіре шаруашылығы бағалы балықтардың популяциясының жоғалып кету қауіпін азайтуға және елдің батыс өңіріндегі әлеуметтік айырмашылықты төмендетуге қабілетті

16.05.2013, 00:00

16 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол»: Тауарлық бекіре шаруашылығы бағалы балықтардың популяциясының жоғалып кету қауіпін азайтуға және елдің батыс өңіріндегі әлеуметтік айырмашылықты төмендетуге қабілетті – кеше Премьер-министрдің атына «Ақ жол» ҚДП фракциясының тиісті сауалымен депутат Меруерт Қазбекова шықты.
Соңғы жылдары Орал-Каспий  бассейнінде  – бағалы бекіре тұқымдас балықтардың санының азаюы апатты сипат алып бара жатқаны белгілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының алқа отырысында айтылған ресми мәлiметтері бойынша бекірелердің  популяциясы 2006 жылы 61 миллион данадан 2012 жылға 1 миллионға дейін, яғни 60 есеге азайған!
Браконьерлiк, сондай-ақ бекіре балықтардың табиғи тiршiлiк ету ортасының ластануы және таяздауы популяцияның жойылып кету қаупін туғызады. 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі мерзімде тек Атырау облысында заңсыз айналымнан 440 тоннадан артық балық және 8 700 заңсыз аулау құралдары алынды. Орал өзені жайылмасының қазақстандық бөлiгiнiң жағалауында  бұрын бекіре тұқымдас балықтардың  табиғи уылдырық шашатын жерлерi 90 болса, бүгiнде 18 ғана қалды.
– Мұндай үрдіс сақталынатын болса 4-5 жылдың ішінде бекіре балық жоғалып кетеді,  – деп алаңдайды «Ақ жолда». Осыған байланысты браконьерлiкпен күресуді күшейту және  уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды техникалық жабдықтау бойынша жедел шаралар қажет.
Сонымен қатар, демократтардың пайымдауынша, тауарлық бекіре шаруашылығын дамыту қажет, бұған бекіре шаруашылығының  биотехнологиясын белсенді түрде ендіріп отырған АҚШ, Израил, Иран және Батыс Еуропа елдері сәтті мысал болады. Бұл бағыттағы бірінші орынды жылына 25 мың тоннадан астам бекірені өндіріп отырған Қытай алады.
Тауарлық бекіре шаруашылығын дамыту,  бұл Мемлекет басшысы бірнеше мәрте айтқан, осы қағида «Ақ жол» партиясы сайлауалды тұғырнамасында да мәлімделген  экономикалық дамудың  басымдылықтарының  бiрi болып табылатын жұмыс орындарын құру және кедейлер мен байлардың арасындағы әлеуметтік алшақтықты қысқартуда  маңызды шешім болып табылар еді.
– Бәрімізге белгілі, бұл жағынан еліміздің батыс аймағында әлеуметтік айырмашылық айқын байқалады: ең жоғары орташа жалақы дәл осы жерде,  бiрақ та мұнда, жергiлiктi тұрғындардың арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші де өте жоғары – деп нақтылайды депутаттар. – Ал жеке компаниялар үшін бекіре балықтарын аулауға тыйым салу енгізілгеннен кейін,  көптеген тұрғындар дәстүрлi қызметтің түрінен айырылды. Бұл ретте табиғи-климаттық жағдайлар Атырау және Манғыстау облыстарында ауылшаруашылығының басқа бағыттарын енгізуге мүмкіндіктерін шектейді.
– Сонымен қатар, тауарлық бекіре шаруашылығы сайма-сай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген жағдайда, шағын және орта бизнеске де қол жетімді болуы мүмкін екеніне, – демократтар сенімді, – ол еліміздің батысы үшін  жаңа жұмыс орындарымен және дәстүрлi экономика секторындағы жаңғыртуды қамтамасыз етуге қабiлеттi.
Мұның басты қиындығы бекіре шабақтары тауарлық салмақты тіршілігінің 7-ші жылында жинайды, сондықтан мұны саланы қолдаудың құралдарын таңдауда ескеру қажет.
Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы Үкіметке «Даму» және «ҚазАгро» Қорларының балама бағдарламамаларына ұқсасжабдықтардың лизингiн, бекіре балықтар фермасын өсіп келе жатқан шабақтармен, бiрiншi өндiрiстiк оралымға салықтық қолдауды,  кәсiпкерлердiң шығындарын субсидиялауды қамтамасыз етуді ескеріп тауарлық бекіре шаруашылығын дамыту Бағдарламасын дайындауды ұсынады.
 – Бағдарламаны іске асыру батыс облыстарды мұнай саласына баламалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, кәсіпкерлікті дамытуға, экономиканы әртараптандыруға және өндірісте экспортқа бағдарланған ішкі және сыртқы нарықта сұраныстағы уылдырық және бекіре тұқымдас балықтар түріндегі өнімдерді шығаруды дамытуға мүмкіндік береді, – деп қорытындылайды демократтар.
Саланың экспорттық қарымы өзінен өзі-ақ айтып тұр: егер жергілікті нарықта қара уылдырықтың килограмы 200 доллар шамасында болса, ал Еуропада оның бағасы 3-4 мың долларға жетеді.
Сауалға «Ақ жол» фракциясының депутаттары  М.Қазбекова, А.Перуашев, Н. Жазылбеков, Е.Никитинская, А. Әбілдаев, Т.Ерғалиев, А.Тұртаев қолдарын қойды.
ҚДП Парламенттік фракциясы кәсіпкерлікті дамыту және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.