Үкімет жауаптары – кеңсешілдік сырғытпа жауаптар – ‘Қазақ үнi’ газеті

» Баспасөз жарияланымдар » Үкімет жауаптары - кеңсешілдік сырғытпа жауаптар - 'Қазақ үнi' газеті

28.03.2014, 00:00

Қазақ үнi (Алматы), № 11 (620), 18.03.2014

Бұған жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовке Депутаттық сауал

Құрметті Серік Нығметұлы!

«Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы 2013 жылғы 15 желтоқсанда Сізге фракцияның депутаттары көтерген мәселелерге Үкіметтің берген формалды жауаптарына байланысты депутаттық сауалмен шыққан.

Өкінішке орай бұл тәжірибе ағымдағы жылы да сақталып тұрғанын атап айтуға тура келеді.

Мәселен, а.ж. 29 қаңтарда «Ақ жол» партиясының фракциясы Президент Н.Назарбаевтың Үкіметке ҮИИДБ-ның бірінші бес жылдығына қатысты нақты тапсырмаларын орындау барысы және нәтижелері туралы депутаттық сауалын жолдаған.

Мәселен, біз:

– ҮИИДБ 2010-2013 жылдардағы (әр жылға жеке) орындалу барысы туралы, оның ішінде Мемлекет Басшысымен 2009 жылы 15 мамырдағы «Нұр Отан» партиясының съезінде белгіленген индикаторлар бойынша ақпаратты сұрадық.

Президент сол кезде:

– 2015 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенінде, экспорттың жалпы көлеміндегі ауылшаруашылық өнімдерінің үлесін 8 пайызға дейін жеткізуді;

Ең жақын арада (яғни 2012-2013 жылдарға) агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құнын кем дегенде 16 пайызға арттыру, 10 мыңнан астам жұмыс орындарын құруды.

2015 жылға қарай құрылыс индустриясына, құрылыс материалдар нарығының қажеттерінің 80 пайызынан астамын ішкі өндірістің есебінен қанағаттандыруды тапсырғанын еске аламыз.

Құрылыс кешенінің жалпы қосылған құны кемінде 76 пайызға өсірілуі тиіс болатын.

Мұнай өңдеу саласында 2014 жылға қарай (яғни, бүгінгі күнге) отандық мұнай өңдеуші зауыттар бензин және авиакеросин сияқты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен ішкі қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру;

Отын-энергетикасы кешенінде жалпы қосылған құнды кемінде 30 пайызға көтеру мәселесін қойған.

2015 жылға қарай металлургияда өндіріс көлемін және металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығаруды 2 есеге арттыру;

Металлургияда жалпы қосылған құн кемінде 107 пайызға өсуі тиіс деп жорамалданған.

Фармацевтика саласына 2014 жылға қарай дәрі-дәрмектер құралдарын ішкі тұтынудың 50 пайыздан астамын отандық өндірістің есебінен және т.б. қамтамасыз етуді тапсырғанын да естеріңізге саламыз.

Көріп отырғанымыздай, тапсырмалардың орындалу мерзімдері 2015 жылға, ал кейбір жағдайларда – басталған 2014 жылға қойылған, яғни ендігі орындалуы тиіс еді. Сондықтан, а.ж. 29 қаңтарындағы сауалда біз Үкіметтен Президенттің нақты тапсырмаларын орындау бойынша хабарлауды сұрадық.

А.ж. 28 ақпанында Үкімет бізге ресми жауап берді. Бұл жауапта біздің сауалға қатысы жоқ, жалпы ҮИИДБ-ын іске асыру барысындағы қол жеткізген бағыттар бойынша жетістіктері ғана баяндалған.

Бірақ, келген жауапта Президенттің аталған бағдарламаға рұқсат беру кезіндегі сөйлеген сөзінде нақты мақсатты міндеттер ретінде қойған көрсеткіштерінің бір де бірі туралы сөз айтылмаған.

«Ақ жол» ҚДП фракциясы сондай-ақ, ҮИИДБ шеңберінде қаржыландырылған, оның ішінде жобадағы қуатына шықпаған, тұрып қалған немесе жұмысын тоқтатқан жобаларды көрсетіп, индустриялық жобалардың тізімін беруді сұраған.

Үкіметтің жауабында нақты жобалардың тізімінің орнына – дәйек сөз келтіремін! – «жобаларды іске асыруда және қуатын жүктеуде пайда болған мәселелер бойынша» «үнемі жиындар өткізіледі», – деп хабарлайды.

Осындай жағдайда, нақты жобаларды және салалық бағдарламалардың орындалмағаны үшін Үкімет мүшелерінің және өзге лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат беру туралы біздің нақты сұраққа, Премьер-Министрдің жауабында 20 «жауапты тұлғаның» тәртіптік жазаға тартылғаны туралы айтылады, олардың аты-жөні және лауазымы көрсетілмеген.

Сонымен қатар, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстан кейін, өткен жылғы күзден бастап үкіметтік бағдарламалардың орындалмауына кінәлілерді министрлердің қатарынан емес, әкімдік және жергілікті басқармалардың деңгейінен іздеу үрдісін есепке ала отырып, Үкімет мүшелері нақты біздің қойған нақты мәселелеріміз бойынша қандай жауапкершілікке тартылғаны түсініксіз.

Оның үстіне, Үкімет құрылымында тікелей ҮИИДБ-ын жүзеге асыру үшін жауапты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атты мемлекеттік орган бар. Бізді жауапкершілікке тартылған облыстардағы және аудандардағы кейбір атаусыз қызметкерлер емес, осы органның басшылығы мүшелері туралы мәліметтері қызықтырады.

Біздің сұрақтарға тікелей жауаптың орнына, ешқандай да қатысы жоқ және керек емес көптеген ақпараттар келтірілген Үкіметтен келген жауапқа «Ақ жол» ҚДП фракциясының тағы да бірқатар талаптары бар. Мысалы,

Үкіметтің –дәйек сөз келтіремін – «қажетті заңдар қабылданды» дегеніне – бұл Конституцияға қарама-қайшы келеді, себебі заңдар Парламентпен қабылданады және Президентпен қол қойылады.

Немесе «Экспортер 2020» және «Бизнес жол картасы» бағдарламаларының ахуалы туралы. Не инновациялық-белсенді компаниялардың (болмашы 1,5 % өскен және сондықтан табыс көрсеткіші болып қызмет ете алмайтын) үлесінің өсуі туралы, немесе инновациялық өнімдердің 3 есеге көбейгені туралы (ол да іс жүзінде жоқтан бар болып отыр). Әсіресе, оларға салынған мемлекеттік қаржының көлемінің қомақтылығына сәйкес мұндай нәтижелердің маңыздылығы жеке сауалдарға тақырып та болуы мүмкін.

«Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметтің мұндай жауабын кеңсешілдік сырғытпа жауап дегеннен басқаша атау мүмкін емес деп есептейді. Мәжіліс депутаттары өз деңгейінде оны шешуге жәрдемдесе алатындай ҮИИДБ-на, оны жүзеге асыру бойынша проблемаларға маңызды талдау жасаудың орнына, бізге кезекті «жарнамалық анықтамасын» жіберіп отыр.

Бірақ, біздің депутаттық сауал бұл туралы емес еді, іс жүзінде ол көптеген сұрақтар бойынша жауапсыз қалды.

Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясының фракциясы Үкіметтің мұндай жауабымен мүлдем келіспейді, және Мәжілістің Регламентіне депутаттардың мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдарына формалды жауаптарын қабылдамау құқығын енгізуді ұсынатын болады.

Сондай-ақ біз, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сауалына жауапты әзірлеу кезінде лауазымдық міндетіне үстірт және жауапсыз қарағаны үшін Үкіметтің осы жауабын әзірлеген жауапты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қоямыз.

Одан басқа, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы Үкіметтен 2013 жылғы 15 желтоқсандағы біздің депутаттық сауалды қайта оралып қарауды және оған нақты жауап беруді сұрайды.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары А.Перуашев Е.Никитинская А.Әбілдаев М.Қазбекова Н.Жазылбеков А.Тұртаев Т.Ерғалиев С.Қадралиева