16
Сәуір

Санат жоқ 16.04.2013

«Ақ жол» ауыл зейнеткерінің баспана мәселесін шешуге көмектесті

16 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
2011 жылдың желтоқсан айында Жамбыл ауданының Тарғап ауылының тұрғыны, Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Ақмарал Сіргебаева «Ақ жол» ҚДП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге тозығы жеткен тұрғын үйін жөндеуге көмек беру өтінішімен шыққан. 3-інші топ мүгедегі жөндеуді өз күшімен және қаражатымен жасай алмаған. Қарапайым казақстандықтардың мүдделерін қорғайтын «Ақ жол» партиясы шұғыл түрде зейнеткердің өтінішіне ілтипат білдірді. Парламентке сайланғаннан кейін, демократтар көшбасшысы Азат Перуашев бірден осы мәселені шешуге көмектесу туралы облыс әкіміне хат жолдады. Зейнеткердің апаттық жағдайда тұрған үйіне барған депутаттар Нұрлан Жазылбеков пен Азамат Әбілдаев осы мәселе бойынша мемлекеттік органдардардың өкілдерімен жеке кездесті.
Ағымдағы жылдың ақпан айында зейнеткердің атына Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының қолы қойылған жауап келді, онда осы айда ол үшін жаңа үйдің құрылысы басталатыны туралы хабарланған.
 ««Ақ жол» партиясының шынайы ниетпен араласуының арқасында үйімді жөндеу туралы байырғы мәселем күтпеген жерден жаңа үйге иемденуіме жол ашты. Мен сияқты қарапайым адамдарға жанашырлығы үшін шын жүректен  біздің депутаттарымызға алғысымды айтқым келеді»,- деп көрсеткен Ақмарал Сіргебаева ҚДП төрағасы Азат Перуашевтің атына жіберген хатында.

 

           «Ақ жол» ҚДП фракциясы қарапайым қазақстандықтардың құқығын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.