17
Сәуір

«Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшiсi Азат Перуашевтың ҚР Парламенті Мәжiлiсiнің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында сөйлеген сөзі

17сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 
«Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы! Қымбатты әріптестер!
 
Бiздiң елде зейнетақы жүйесiне реформа жасалғанына 15 жыл өттi.
Осы уақыт арасында шешуді қажет ететін қателесулер және проблемалар жиналды.
Ұлттық Банк және Үкiмет ешқандай да проблемалар жоқ деп сендіргені рас.
Алайда жинақтаушы зейнетақы қорларының төменгі табыстылығы мiне бірнеше жыл қатарынан тiптi құнсызданудың деңгейiн де жаппағаны басқа жәйтті аңғартады.
Бұл мәселеде, проблемалар да, қателер де жетеді және бұл қателерді кім жіберді, олар да бар.
Осыған байланысты, бiртұтас мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптастыру туралы шешiм, менiмше, дұрыс.
Бiрiншiден, қаржыларды мемлекеттiк қорда топтастыру әкiмшiлiк шығыстарды азайтуға мүмкiндiк бередi, ал ең бастысы - азаматтардың жинақтарының сақталуына кепiлдiк береді және оларды құнсызданудың әсерінен қорғайды.
Екiншiден, бұл қаржыларды барынша үнемшiлдiкпен пайдалану экономика үшiн айтарлықтай инвестициялық маңызды болуы және болашақ зейнеткерлер үшiн қосымша табыстармен қамтамасыз етуі мүмкін.
Сонымен қатар, жаңартылған зейнетақы жүйесi уақыт өте, оның қаржылық көрсеткiштерін көтеретін және отандық қор нарығын нығайтатын бұдан да жоғары және өркениетті деңгейде бәсекелестік қағидаттарына қайта оралуына үмiттенемiн.
 Бұл бiртұтас мемлекеттiк жинақтаушы қорды құруға қатысты.
 
               Ендi зейнетақы жасын бiрегейлендіру мәселесіне тоқтасам деймін.
Мен жаңа зейнетақы жүйесiнің жұмысқа қабілетті және барынша  ұзақ кезеңге тиiмдi болғанына бәрiміз де мүдделіміз деп ойлаймын.
Бұл тиiмдiлiкті тек, алдыңғы қатарлы еуропалық елдердiң үлгісі бойынша жинақтаушы, сондай-ақ ынтымақтас жүйенің де элементтері кіретін аралас жүйе ғана қамтамасыз ете алады.
Аралас жүйеде еңбекке жарамды азамат тапқан табысына сай зейнетақы алады. Бiрақ,  бұл ретте лайықты қарттыққа өздігінен табыс таба алмаған отандастары үшін мемлекеттен жауапкершiлiк алынып тасталмайды.
Зейнетақының бұл бөлiгi бюджетке, ал дәлірек айтқанда - жұмыс iстейтiн салық төлеушiлерге түседі.
Егер жинақтаушы жүйе үшiн тұрақтылық сақтаудың кепiлдiктерімен қамтамасыз етілетін болса, онда ынтымақтастық бастамасының тиiмдiлiгі  бір ғана экономикалық жағдайда: бiр жұмыс iстейтiн салық төлеушiге зейнеткерлердiң саны бөлінгенде, орнын басу коэффициенті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесiне тең болғанда, қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұл көрсеткiштер (зейнетақының жалақыға қатынасы, зейнетақы жарнасының мөлшерлемесi және жас мөлшерінiң коэффициенті) өзара тікелей байланысты.
Сондықтан,  жұмыс iстейтiн салық төлеушiлерiн санын көбейтпейінше және/немесе ынтымақтастық бөлiкке олардың аударымдары өспейінше, зейнетақы мөлшерiн, немесе зейнетақының алушылардың санын көбейту мүмкiн емес.
Бiздiң елде, әлемнiң көптеген басқа елдерiндегі секілді тұрғындардың қартаю процесі жүруде. Барлық болжамдар бойынша 2050 жылға Қазақстанда адамдардың  30 %  астамы 60 жастан үлкен болады.
 Басқа еңбекке жарамсыз санаттарды (балалар, мүгедектер) және қолы бос тұрғындарды есептегенде, бiр жұмыс iстейтiн салық төлеушiге 3 және одан да көп әлеуметтiк клиенттен келеді.
Демек, ынтымақтастық жүйе бойынша қысқаратын түсімдерді өсiп келе жатқан алушылардың санына бөлуге тура келедi. Ал бұл, сөзсiз зейнетақылардың мөлшерiн қысқартуға апарады және оны бүгiнде де лайықты деп атауға болмайды.
Бұл беталыс тек өсетін болады, оны адал мойындау керек. Бұл экономика, қазіргi жүйеде басқа нәтижені күтуге де болмайды.
Әрине, қауіп төнгенде басын құмға тығатын түйеқұс сияқты және  түк болмағандай отыра беруге болар еді. Бiрақ, бұл - нарық жолы емес және отандастарымызға қатысты сатқындық болар еді. Өйткенi бұл жағдайда «күйреу» күні күтпеген жерден келеді және грек немесе кипрлік апатқа ұқсас экономикалық коллапсқа ұшыратады. Әсiресе бiздiң сұрақтарға алынған жауаптарды ескерсек, бұл елді үрейлендіру емес, көріп тұрғанымыздай, өмір шындығы.
Мен үкіметтің шын мәнінде болып жатқан осы жағдайды азаматтарға және бізге, депутаттарға ұзақ уақыт бойы айтпай келгеніне таңғаламын.
«Ақ жол» фракциясы бүгінгі айтылған сұрақтардың барлығын заң жобасының бірінші таныстырылымынан бастап Ұлттық Банктің басшысы Григорий Марченкоға да, вице-премьер Қайрат Келімбетовке де, министр Серік Әбденовке де қойған. Осыған қарамастан, бүгін ғана нақты деректер айтылды.
Және бұл жауаптардың күтпеген және айқын дәлелді болғаны соншалық, маған өз ұстанымымды қайта қарауға тура келді. Жалпы мен басқа сөздi дайындаған едім.
Қазір менің сұрағыма Марченко мырза жақын арадағы 10 жылда зейнетақы төлемдері бойынша бюджет жетіспеушілігі 19, 6 млрд. АҚШ долларын құрайды деп жауап берді. Бұл сома, тіпті біздің азаматтарымыздың өткен 15 жыл ішінде жинаған барлық зейнеткерлік жинақтардың сомасымен бара-бар! Басқаша айтқанда, біздің мақтап жүрген зейнетақы жүйесі нақты банкрот болудың және  әлеуметтік күйзеліс қаупінің алдында тұр!
Біздің қойған сұрақтарға сондай бір икемсiздікпен жауап бермей кеткілері келгендері, мүмкін, 1997 жылғы зейнетақы реформасының авторларының ынтымақты зейнетақының маңыздылығының төмендеуіне және жинақтау жүйесiнің халықты қамтуына қатысты өз қателіктерін мойындағылары келмеуіне байланысты болған шығар.
Қолайлы режімде ұтымды зейнетақы жүйесiне өтуге, аяқ астынан мыңдаған жаңа жұмыссыздарды далаға тастамай, алдын ала әрекет қылуға және өспелі тәуекелдерді бағалауға және соған сай шаралар қабылдауға мүмкiндiк беретiн тек нақты сандар ғана, сондықтан да біз өз сұрақтарымызға жауап алуда табандылық таныттық.
Келесінің де маңыздылығы кем емес  – егер үкімет бүгін осындай нұсқа ұсынса, онда ол өзіне жүздеген дәстүрлі «әйелдер»  істейтін салалық кәсіпорындарды – бұл тоқыма, тігін, тамақ өнеркәсіптерін, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығын қолдау үшін жауапкершілік алуға міндетті.
Үкімет ондаған мың  жаңа жұмыс орындарын құруға, денсаулығы нашар немесе жұмысқа қабілеттілігі төмен сияқты объективті себептермен жұмыс істей алмайтын егде адамдарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсету үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс.
Осындай жол ғана, бiздiң азаматтарға түсiнiктi зейнетақы процесiнiң толық құқықты қатысушылары болуға және өзiн лайықты қарттығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 Бізге және біздің зейнеткерлерімізге аспаннан ешнәрсе өзі келіп түспейді. Тұрақты экономикада ауадан төлеу пайда болмайды, олар еңбекпен және сындарлы қаржылық саясатпен қалыптасуы керек.
Бұны көрмеу және түсінбеу – қазіргі мемлекеттiң дамуына және өрлеуіне мүмкіндік беретін тек қана нарықтық экономиканың негізі екенін  түсiнбегендік.
Бұны көріп тұрып, бірақ басқалардан жасыру – бұл екіжүзділік көрсету және жалған күтулерді мадақтау.
Айтылғандарға сүйене отырып, бiздiң әрiптестеріміз айтқан ескертулерін ескеріп және Үкiметпен жұмыспен қамту және жеткілікті қамтамасыз етілмегендерге әлеуметтiк қолдаудың арнайы бағдардамаларын жедел қабылдауы шартымен осы заң жобасын мақұлдауды орынды деп есептеймін. Қолдауларыңызды сұраймын».