Жұмабаева Айгүл Қызырқызы

» Партия » Басшылық » Орталық аппарат » Жұмабаева Айгүл Қызырқызы

Жұмабаева
Айгүл Қызырқызы

“Ақ жол” партиясының депутаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

1967 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Ресей Федерациясының Свердловск қаласында М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген (1990).

1990-1993 жылдары – ҚР Ғылым академиясының Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері.

1993-2008 жылдары – кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2008-2011 жылдары – «Атамекен» ҰКП департамент директоры, басқарма төрағасының орынбасары.

2011-2012 жылдары – «Ақ жол» ҚДП қоғаммен байланыс жөніндегі директоры, партия төрағасының кеңесшісі.

2012 жылдан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция аппаратының басшысы, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2019).

Қызы, екі ұлы, екі немересі бар.