Қазыбек Иса Жарылқасынұлы

» Партия » Басшылық » Партия төрағасының орынбасарлары » Қазыбек Иса Жарылқасынұлы

Қазыбек
Иса Жарылқасынұлы

“Ақ жол” партиясының депутаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

1962 жылы 23 сәуірде Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Бірінші мамыр ауылында дүниеге келген.

Білімі-жоғары: 1984 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының көркем сурет-графика факультетін бітірген.

Еңбек қызметі: Еңбек жолын 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы «Қызылқұм» жалпы орта мектебі» мұғалімі болып бастады.

1991-1993 ж. ж. – республикалық «Жас қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі.

1993-1994 ж. ж. – республикалық «Өркен» газеті бөлімінің редакторы.

1994-1998 ж. ж. – республикалық «Жас қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі.

1998-2000 ж. ж. – «Қазақпарат» баспа корпорациясының вице-президенті.

2000-2009 ж.ж. – «Жас қазақ» ЖШС директоры, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторы.

2001-2021 ж.ж. – «Тұран» баспа үйінің директоры, «Жұлдыздар құпиясы» журналының бас редакторы.

2009-2013 ж.ж. – «Жас қазақ» ЖШС директоры, «Жас қазақ үні» газеті редакторлар кеңесінің төрағасы.

2012-2021 ж.ж. – «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары.

2013-2020 ж.ж. – «Қазақ үні» ЖШС президенті, «Қазақ үні» газеті редакторлар кеңесінің төрағасы.

14.01.2021 ж. бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2019 жылдан – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі. Еңбек қызметінің жалпы өтілі 37 жылды құрайды, оның 30 жылы басшылық лауазымдарында.

Марапаттары: «Парасат», «Құрмет» мемлекеттік ордендерімен марапатталды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік және «Ана тілі», «Мейірім» медальдарының иегері.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Халықаралық С. А. Есенин атындағы сыйлық – «Алтын күз» орденінің Қазақстандағы тұңғыш иегері.

«ҚР Мәдениет қайраткері», «ҚР Ақпарат саласының үздігі», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Ұлт қайраткері», «Тіл жанашыры» құрметті атақтарының иегері.

2017 жылы Моңғолиядағы Ұлан-Батырда өткен Дүниежүзілік поэзия фестиваліне қатысып, Дүниежүзілік ақындар конгресінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Астана қаласының 20 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның бас жүлдегері.

2017 жылдан бастап ЮНЕСКО Әлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі.

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.

Үйленген, төрт баласы бар.