ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ

» Партия » ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының
САЯСИ БАҒДАРЛАМАСЫ

Партияның кезектен тыс ХVІ құрылтайында бекітілген.

19.11.2020 ж

Соңғы кездегі бірқатар оқиғалар тізбегі – былтыр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекет билігін өркениетті түрде жаңа басшыға тапсыруы дер кезінде болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Н.Назарбаевтың президенттік жүйесі еліміздің тәуелсіздік бастауында мемлекеттік институттардың қалыптасуында, түбегейлі нарықтық және қоғамдық реформаларды жүргізуде және басқа елдермен қарым-қатынас орнатудағы тарихи миссиясын орындады.

Келесі кезеңге Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде аяқ басты. Ал ендігі мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдер керек. Мемлекет басқару ісіне қоғам жан-жақты араласуы және оны бақылауы қажет. 

Мысалы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері болып жатқан оқиғалар вертикалды басқару жүйесінің кемшіліктерін әшкерелеп көрсетті.  Ал қоғамда шиеленіскен пікірталастар ел тәуелсіздігінің басты қауіп-қатерлерінің ауқымын ашып көрсетті, олар:

– бюрократия мен сыбайлас жемқорлық,

– әлеуметтік әділетсіздік және байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық,

– экономика мен билікті монополияландыру.

Жарты жылдық карантин кезінде халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Шағын және орта бизнес құлдырады. Бюджет қана емес, сондай-ақ Ұлттық қордың трансферттері қазіргі қажетілікке  жұмсалып, соның өзінде талан-таражға салынуда. Қоғамда мемлекеттік институттарға сенімсіздік күшейіп, халық билік монополиясынан қажи бастады.  

Елімізге әлеуметтік-экономикалық салада, саяси жүйеге де түбегейлі өзгерістер қажет.

Аталған өзгерістерді тым соза берудің қауіптілігі сонда, бұл – Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Ал, Тәуелсіздіктің ең басты кепілі қару емес, өз мемлекетін сыйлайтын, бағалайтын азаматтық қоғам болуы керек.

Сондықтан, қазіргі билік моделіне бір ғана балама бар – ол терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыруы қажет. 

«Ақ жол» демократиялық партиясы ЖАҢА ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАНҒА апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынады.

  1. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ «АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық мүдделер – мемлекеттің негізгі басымдықтары. XX ғасырдағы «Алаш» ұлттық автономиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан: «Мемлекеті жоқ халық – жетім» деді.

Ал, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздік үшін құрбандыққа аянатын ештеңе жоқ» деп атап өтті.

Қазақ РеспубликасыныңТәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау – өзін республика азаматы санайтын кез-келген адамның парызы. Тәуелсіздік – ол біздің еліміз, жеріміз, тіліміз бен діліміз. Тәуелсіздік біздің өз жолымызды өзіміз таңдау мүмкіндігіміз, келешек ұрпақтың болашағы үшін біздің жауапкершілігіміз.

● Тәуелсіздік пен еліміздің тұтастығы, әрбір адамның өмірі, құқығы және бостандығымен қатар тұратын басты құндылық.

● Тәуелсіздік бастауында – қазақ халқының еркіндігі мен елдігінің негізінде «Алаш» ұлттық идеясы жатыр. Қазақ елі үшін Алаштан артық идея жоқ.

«Ақ жол» демпартиясының депутаттары 2007 жылдан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның парламенттік мінбесінен Алаш ұстанымдарын мемлекеттік деңгейде көтеріп келе жатыр.  

● Тәуелсіздігіміздің ең маңызды жетістігі –мемлекетімізде өмір сүретін барша этностардың бір-бірінің ұлттық сезіміне, тілі мен мәдениетіне өзара сыйластықпен қарауы.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуды қолдайды. Қазақ тілін экономикамен қаржы саласына, мемлекеттік басқару мен шетелдік инвесторлардың жұмысына мемлекеттік мәртебесіне сай енгізуіміз керек

«Ақ жол» партиясы депутаттарының фракциясы 2012 жылы дайындаған осындай заң жобасын Үкімет тарапынан тоқтатылды. Партия Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жуық арада қайтадан ұсынатын болады.

● Биыл «Алаш» автономиясынан бастау алатын және қазіргі Қазақстанның негізін қалаған Қазақ республикасына 100 жыл толды.

Алдымен қателесіп «Қырғыз» автономиялық республикасы деп аталып, 5 жылдан кейін Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Жалау Мыңбайұлы және де басқа тұлғалардың арқасында республикамызға ұлтымыздың төл атауы қайтарылды.

Өткен жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы үкіметке бұл тарихи датаны ресми атап өтуді және «Қазақстан» атымен қатар, тоталитарлық кеңес билігінің өзі мойындаған «Қазақ Республикасы» атауын қолдану туралы мәселені көтерді. Бұл бастаманы Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты да қолдады, бірақ біздің шенеуніктер үнсіз қалды.

Сонда да «Қазақстан» атаумен қатар, біз тарихи бірегейлігімізді білдіретін Қазақ Республикасы мемлекеттік атауын қайтаруды жөн деп санаймыз.    

● Биыл мамыр айында «Ақ жол» демократиялық партиясы Президент Қ.Тоқаевтың сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шарасын жалғастыру туралы тапсырмасына қолдау білдірді. Біз кеңестік тоталитарлық биліктің қазақ халқына әдейі жасалған Ашаршылықты халықаралық деңгейде зұлмат деп тануға шақырдық. Большевиктер әскерлерінің коллективизация кезіндегі жүздеген қазақ көтерілістерін жаншып басуын, өз ауылдарын құтқарамын деп, басын өлімге тіккен батырлардың ерлік істерін  қайта қарау керек деп санаймыз.  

Тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін, біз де-коммунизация саясатын партиямыздың ресми бағытарының бірі деп жарияладық.

● Жер – «Алаш» ұлттық идеясының ең өзекті мәселесінің бірі болды. Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы шетелдіктерге жерді беруге қарсы шыққан көптеген митингілерден кейін жерді сатуға жарияланған мораторий мерзімі аяқталады.

Осы кезде «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің жер комиссиясына – сепаратистік пиғылдарды болдырмау мақсатында шетелдіктерге жерді сатуды ғана емес, біздің елмен шектесіп жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді жалға беруге де тыйым салуды ұсынды.

Алайда шенеуніктер осы ұсынысты комиссияның қорытынды хаттамасына енгізбеді.

Осыған байланысты мораторияның аяқталуы қарсаңында біз тағы да Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттердің азаматтары мен компанияларына жерді сатуға және жалға беруге тыйым салуды үзілді-кесілді талап етеміз.

2020 жылғы сәуір айындағы Үкімет сайтына шыққан ЕАЭО елдері кәсіпорындары үшін, олар орналасқан жерді жекеменшікке беру мәселесі туралы заң жобасы дайындалуда деген ақпаратқа «Ақ жол» партиясы бірден қарсылық білдірді: «Қазақ жерін меншікке беруге байланысты, «Ақ жолдың» ұстанымы: сепаратизмді болдырмау үшін, шекаралас елдердің азаматтары мен компанияларына жерімізді беруге болмайды»-деп мәлімдеді. Сонымен бірге, партия төрағасы тиісті министрліктің басшылармен осы мәселе бойынша келіссөзінен кейін, шенеуніктер бұл идеядан бас тартып, Үкімет сайтынан да аталмыш ақпарат алынып тасталды.

● Қандастырымызды тарихи отанына қайтару, елге оралған бауырларымыз бен қарындастарымызды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету және көмек көрсету, олардың Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары ретінде тезірек бейімделіп кету жөніндегі жұмыстарды күшейту керек деп санаймыз.

2017 жылы «Ақ жол» партиясының өкілдері Бейжіңге ресми сапары барысында Қытай Компартиясы басшылығына отбасы мүшелерінің хабарлауынша Қытайда тұтқындалған 112 оралманның тізімін тапсырды. «Ақ жол» басшылығы олардың заң жүзінде тұтқындалғанын тексеруді талап етті. Нәтижесінде тізімдегі 79 азамат босатылып Қазақстанға оралды.

● Қазақстан азаматтығын, сондай-ақ шетелдік жұмысшылар үшін ұзақ мерзімді визаларды беруді ҚР Конституциясының, мемлекеттік тілдің және Қазақстандағы дәстүрлі тәртіп ережелерінің негізгі талаптарын білуге арналған емтиханды тапсырғаннан кейін ғана заңды түрде бекітуді ұсынамыз. 2019 жылы Атырауда орын алған жағдай сияқты шетелдік жұмыскерлердің қазақстандықтардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын, қадір-қасиетін және ұлттық құндылықтарды құрметтемеуі біздің елден дереу депортациялауға негіз болуы тиіс.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдайды және қоғамның рухани саласын жат секталар мен экстремистік ағымдардың ықпалынан қорғауға ұмтылады. Сонымен қатар, діннің саясатқа, білім беруге және мемлекеттік басқаруға ықпалы тимеу керек; сондай-ақ мемлекеттік органдардың дін ісіне араласуына да жол берілмеуі керек деп деп санаймыз. «Егер қазақтар өздерінің рухани-діни істерінің өркендеуін қаласа, мешітті мемлекеттен бөліп алу керек», – деп Әлихан Бөкейхан жазып қалдырған.

● Біздің осы және көптеген басқа да ұсыныстарымыз «Алаш» қайраткерлерінің ұстанымдарынан туындайды, және бүгінгі жағдайда қолдануға лайықты деп санаймыз.

2012 жылдан бері «Ақ жол» демократиялық партиясы, міне 9 жылдан бері жас ғалымдардың «Алаштың XXI ғасырдағы Ақ жолы» ғылыми конференциясын жыл сайын өткізіп келеді. Онда қазіргі мәселелер Алаш идеологиясының контексінде талқыланады.    

Біз «Алаш» саяси мұраларын Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идеясы ретінде қараймыз және олардың мұраттарын мемлекеттік құрылыста, экономика және қоғамда табандылықпен жылжытатын боламыз.

Алашорда қайраткерлері армандағандай Қазақстанның 20-25 жылдың ішінде өзінің қоғамы мен экономикасын жаңғыртуға және әлемде лайықты орнын алуға барлық мүмкіндігі бар дегеніне сенеміз. Бұдан бір ғасыр бұрын оларға Жапон тәжірибесі бағдар болса, қазір оларға Оңтүстік Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа қосылды.

Ол үшін табиғи байлық пен егемендік қана емес, парламентаризм, адал бәсекелестік, ресурстық ұлтшылдық, жаңғыру, ашық және зайырлы мемлекет сияқты түпкілікті қағидаттарға сүйене отырып өзгертуге және өзіміз өзгеру үшін саяси жігер керек. «Алаш» қайраткерлерінің «Жеріміздің әрбір түйір тасы қазақтың кеудесіне түйме болып тағылып, әрбір уыс жүні – иығына тоқыма болып киілуге тиіс» деген ұраны әлі де өзекті.

● Сондықтан біздің жұмысымыздың ең маңызды бөлігі – қоғамға және ең алдымен жастарға – озық білім мен мәдениетке, соның ішінде саяси мәдениетке баулу.

 «Алаш» идеясы әр қазақтың туа біткен табиғи төл байлығы мен қазынасы.

«Ақ жол» демократиялық партиясы басқа да қоғамдық-саяси күштермен бұл идеяны бірлесіп жүзеге асыруға дайын. Біздің партияны қоса алғанда, бірде-бір ұйымның «Алаш» идеологиясына «айрықша құқығы» жоқ, өйткені біз дем алатын ауаға және туғаннан бастап бізде бар бостандыққа біреудің құқығын мәлімдеу мүмкін емес.

  1. ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

Қазіргі барлық олқылықтарды жоятын бірден-бір құрал – мемлекеттік органдарды қоғамға бағындыру, өкілетті органдардың, яғни парламенттің алдында есеп беруі.

Парламентаризмнің негізгі институттары – Парламент пен жергілікті мәслихаттары. Демократия дегеніміздің өзі – парламентаризм. 

II.1. «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентаризм институттарын күшейтуді және мықты президенттік жүйеден Парламенттік Республика жүйесіне біртіндеп көшуді көздейді.

Қазіргі кезең Парламенттік Республикаға жоспарлы түрде көшуге және тікелей қатаң билікті тежемелер мен теңестірмелермен ауыстыруға мүмкіндіктер туғызды, ол мемлекет мәселелерін шешуде баламалық пікірлерді ескеруге мүмкіндіктер береді.

● Қазақстанға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ғана емес, сонымен бірге Ұлттық Сенім Үкіметі де керек.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес Президент биліктің барлық тармақтарының өзара үйлесіп жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Бұл, Президент – Парламентпен де, Үкіметпен де тең қарым-қатыныста болуы керек деген сөз.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің құрамын Мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия құруы керек деп санайды, партия қоғам алдында өзі құрған үкіметінің жетістіктері мен сәтсіздіктері үшін жауап беретін болады. Дамыған елдер демократиясындағы тәжірибе осындай.

●  Бұл процесстер қисынды жалғасы ретінде қала (оның ішінде мегаполистер) және басқа да елді-мекендер әкімдерін халық партия мен азаматтық қоғам өкілдері арасынан тікелей дауыс беру арқылы сайлауы керек.

● Билік партиясының филиалдарын әкімдер басқаратын тәжірибеден арылу, тіпті оған заң жүзінде тыйым салу керек. Бұл билікті монополияландырудың ең айқын мысалы. Әкімдер шенеуніктің жеке мүдделеріне емес, бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс.

● Парламент пен мәслихаттардың бақылау функцияларын кеңейтіп, қоғамдық резонанс тудырған оқиғаларды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын, билік құрамындағы жемқорлық фактілерді бойынша парламенттік тергеулерді жүргізу құқықтарын беру қажет.

● Мемлекет мүмкіндіктері кез-келген мәселелені шешу кезінде бюджетке байланысты. Сөйткенмен мемлекет қаржысының едәуір бөлігі бюджеттен тыс шығындарға жұмсалады және қоғамнан жасырылады. Сол кезде заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық дамиды. Сондықтан, ең басты міндет – Парламентке барлық мемлекет қаржысының жұмсалуын бекіту мен бақылауды тапсыру маңызды.

● Біріншіден, бұл ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетіне қатысты. Олардың көбі мемлекеттік бюджет қолдауынсыз өмір сүре алмайды. Оның үстіне шет елдерден де несие алатындары бар. Бұл қаражат қоғамнан жасырын пайдаланылған соң, сол жерлерде жемқорлыққа жол ашылады. Сондықтан да ұлттық компанияларды, олардың «еншілес» компанияларын, министрліктер мен әкімдіктер жанындағы әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, «СК-Фармация» немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сияқтыларды кеңейтілген мемлекеттік бюджетке енгізіп, оларды өз шығындары мен жетістіктері туралы қоғамға есеп беруге міндеттеу керек.

Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бюджетке алу керек. Егер 5-10 жылдан кейін қандай болмасын мұндай компания бюджеттен ақша сұрайтын болса –  ол мемлекеттік ресурстарды пайдаланып, мемлекетке емес, өз қалтасына жұмыс істейтіні анық.  Ондай компанияларды таратып, оның орның жеке бизнеске беріп, солар өз қаражатын салып, бюджетке салық төлейтін болады.

Екіншіден, азаматтар мен бизнес төлейтін түрлі міндетті «мүшелік», «жинақтаушы», «сақтандыру» және тағы басқа төлемақылар қосымша салыққа айналды. Мысалы, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны салымшылардын өзі бақылай алмайды. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына қатысты жанжалдар болып тұрады. Сондықтан бұлқорларды басқаруды, олардың шығындары мен сыйақыларын бақылауды Парламентке беру керек.

● Үшіншіден, мемлекеттік бюджет – мұқият болуды күнә санамайтын, қайта талап ететін сала. Демократиялық елдерде бюджеттік бақылауды парламенттік оппозиция өкілдері басқарады. Оның қисыны анық –  сайлауда жеңіске жеткен партия бюджетті бөледі, іске асырады, бірақ, қарсыластары қадағалап отырады.

Биыл Президенттің тапсырмасымен және де Мәжилистегімен Сенаттағы әріптестеріміздің қолдаумен, «Ақ жол» демократиялық партиясы жоғарыда айтылған «Парламенттік оппозиция туралы» заңын өткізуге қол жеткізді. Осылайша, біздің депутаттарымыздың микрофондарды өшіріліп, заңдарға енгізілген түзетулер Үкіметтің «цензурасына» ұшыраған кезде тәжірибе тоқтатылды.

Осы заңды пайдалана отырып, кезең-кезеңмен билік монополиясын тежемелер мен теңестірмелер жүйесіне айналдыру қажет.

● Мемлекет тек естіп қана қоймай, шешуші күшке ие болуы керек. Мәселелерді көтеру және өтініштерді қабылдау жеткіліксіз, қоғам күткен практикалық қадамдарға қол жеткізу әлдеқайда маңызды.

● Сонымен бірге, Үкіметтің қарсылығына қарамастан, Парламенттің сайлаушылар мұқтажына керек қаражатты бюджеттен бөлу құқығы болуы өте маңызды.

Бүгінде заңға сәйкес депутаттардың бюджеттік ұсыныстары Үкіметтің келісімінсіз қаралмайды да. Ал, сайлаушылар сенімін министрлерге емес, Парламентке артады ғой.

Егер Парламенттің тікелей қаржыландыру өкілеттігі болса, көпбалалы отбасыларда тұрғын-үй жетіспеушілігі болмас еді.  Ашық аспаннан бомба жаудырған оқ-дәрі қоймалары Арыс қаласының маңынан 10 жыл ішінде көшірілген болар еді, бұл қаланы қалпына келтіруден он есе арзан.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Парламентке бюджеттің 1% бөлігін сайлаушылардың қоғамдық маңызды аманаттарын қаржыландыруға (бюджеттік процедуралар арқылы) бөлінгені жөн деп санайды. Квазимемлекеттік компанияларға миллиондаған сыйақы бергенше, теміржол үстінен өтетін жолаушылар көпірін немесе ауыл көшесіне асфальтталған жол төсеу әлдеқайда маңыздырақ.

II.2. Әділ сайлау – кез-келген елдің демократиялық ашықтығы көрінісі болып саналады. Қазақстан азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау, сайлаулардың бұрмалануын болдырмау мақсатында сайлау реформаларына мұқтаж. Мысалы, өткен мәслихаттардың сайлауы кезінде әртүрлі сылтаулармен 100-200 теңге салық төлемдері деректеріндегі алшақтық үшін «Ақ жол» партиясының жүзге жуық кандидаттары сайлауға түсуден алып тасталды.

Сайлау кампаниясынан «ыңғайсыз» үміткерлерді түсіріп тастауға тыйым салынсын. Үміткерлерге қойылатын барлық талаптар сайлаушылар дауыс бергеннен кейін, толыққанды сот процесінде қаралуы керек.

Үміткерлердің салық декларацияларында рұқсат етілетін межелер белгіленуі керек, мықты үміткерлер елеусіз кемшіліктер үшін сайлаудан түсірілмеуі керек. Үміткерді тіркеу жарнасы 10 АЕК деңгейінде белгіленгендіктен, осы сома деңгейінде салық декларациясында сайлауға қатысуға рұқсат беретін мөлшер ретінде бекітілу керек.

● Учаскелік сайлау комиссияларын дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде дауыс беру нәтижелерінің хаттамасын рәсімдеуге және байқаушылар мен кандидаттардың ресми өкілдеріне осы хаттамалардың расталған көшірмелерін беруге міндеттеуді қажет деп санаймыз.

Бюллетендері бар жәшіктерді сайлау учаскесінен дауыстарды ресми санағанға және хаттамаларды ресімдегенге дейін шығаруға тыйым салынсын.

Бұл талаптарды бұзғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек.

● Сайлау туралы айтқанда, тағы бір өзектісі – сайлауалды компаниялар кезінде әкімшілік ресурастарды қолдану мәселесі. Студенттерді сайлауалды іс-шараларға мәжбүрлеп қатыстырған, олардан кімге дауыс бергені туралы есеп беруді талап еткен және тағы басқа әрекеттерге барған басшылар қызметтен бостатылуы керек.

Жастарға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беруге міндеттіміз. Жастардың ой еркіндігін шектеу – саналы түрде оларды жалғандыққа және өзін кем санауға үйретумен бірдей. Ондай ұлттың ұрпағы ез болып өседі. Ал бізге ез емес, еркін, күшті және өзіне сенетін ұрпақ керек.

Осыдан тура бір ғасыр бұрын, алаштың аяулы ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Мен жастарға сенемін» – деп жырлаған. Ал біздер, жүз жыл өткен соң неліктен сол жастарға сенбейміз? Неліктен олардың өз таңдауына кедергі жасаймыз?

Ақ жол демократиялық партиясы біздің жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық абыройын қорғауды талап етеді.

Сайлау процедураларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы. Осындай кемшіліктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын уақыты жетті. Өйткені азаматтардың даусын ұрлау немес бюллетендерді қосу арқылы сайлау тәртібін бұзатындар билікті заңсыз басып алуды жүзеге асырады. Конституция бойынша халық биліктің қайнары болып табылады. Олардың дауыстарын ұрлау арқылы өзіне билікке ие ету, яғни билікті басып алу. Мұндай іс әрекеттер үшін жазалайтын кез келді.

Бұл шаралардың барлығы сайлау процестеріне деген сенімділікті арттыру, сайлаушылар мен бақылаушылардың қатысуын және қоғамдық бақылау мен сайлаудың ашықтығын күшейту үшін қажет.

● Иә, мұндай шешімдер сайлау қорытындыларының болжамсыздығына әкеледі. Бірақ та оның мәні сайлауды шенеуніктер басқармауы керек, олардың нәтижесі сайлаушылардың еркіне ғана байланысты болуы тиіс, бұл – «Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанымы.

Әрине, мұндай әрекет популизм сияқты тәуекелдерді туғызады. Бұл адамдардың мемлекетіне деген сенімін жоғалтқанын гөрі әлдеқайда жақсырақ.

Бізге ашық пікірталастар алаңында мемлекеттік мүделерді дәлелдеп, қарсы тұруға үйренетін кез жетті. Сусыз жерде жүзуге үйренуге болмайтындай адамдардың саяси мәдениеті де қалыптаспайды.

● Сол сияқты, жаңа саяси партияларды 10 мың мүшеге дейін тіркеумен жеңілдету, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда партиялық  өту шегін 7-ден 5% – ға дейін төмендету де қажет деп санаймыз.

● Біздің таңдауымыз, «Ақ жол» демократиялық партиясының таңдауы – бұл еуропалық даму жолы, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдер, еуропалық өмір сапасының стандарттары.

Бұдан басқа «Ақ жол» демократиялық партиясы келешекте еуропалық тәсілдерді енгізуді ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық одаққа кіруі туралы мәселені көтеруді де  қарастырады.                                    

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ      
    ОФФШОРДАҒЫ  ҚАРАЖАТТАРДЫ  ҚАЙТАРУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оффшорға шығарылған миллиардттарды елге қайтару – «Ақ жол» демократиялық партиясының приоритеттерінің бірі.

Біз парламенттік мінбеден  Үкіметпен Бас прокурордан офшорға кеткен капиталдардың Кипр (2013 жылы), Швейцария (2015 жылы), «Панама тізімі» (2016 жылы) және «Жұмақ досьеден» (2017 жылы) қайтаруды талай рет талап еттік.

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары еліміздің мемлекеттік органдармен ғана емес, сондай-ақ Брюссель, Цюрих, Пекин, Рига, Лондон, Сингапур және тағы басқа Еуропарламенті елдерінің мүшелерімен және өзге де елдердегі әріптестермен өткен кездесулерде ел игілігін  оффшордан қайтару тақырыбын талқылады.

Егер бұрын жосықсыз шенеуніктер кірістерін жасырып, түсініксіз әрекет қылуға тырысса, енді олардың жақын туыстары, керісінше, қайдан түскені белгісіз байлықты халықтан ұялмай көрсетеді.

Кәсіпкерлердің басым көпшілігі жемқор орта шенеуніктер сияқты мысалы, сәнді автомобильдер мен африкалық қара ағаштан жасалған жиһаздар алу сынды әдеттен тыс шығындарға қол жеткізе алмайды. Халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, тәуелсіздік жылдары заңсыз 160 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат елден сыртқа шығарылды. Бұл сома Қазақстанның сыртқы қарызының сомасымен пара-пар.

Ал біреулер жұмыс таба алмай жүргенде, осыншама қаражат айналымнан шығарылып, мақсатына сай жұмсалмайды.

Егер жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі бойынша Қазақстан баяғыда Шығыс Еуропа елдеріне жақындағанымен қатардағы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі еуропалықтардан едәуір төмен. Себебі олардан жылдық ЖІӨ ұрланып, оффшорға шығарылды. Міне, әрбір қазақстандықтың табысы да, өмір сүру деңгейі де оффшорға кетті.  Оларды басқа  біреулер  пайдаланады.

Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізіп келеді. Оның ішінде қоғам мүшелері мен біздің партияның талаптарын да жоққа шығаруға болмайды. ҚР Заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізіліп, қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі Федералдық Қаржы мониторингі қызметінің (FATF) қағидаттары енгізілуде. Олар жыл сайын ірі компаниялардың мемлекеттік сатып алулар кезінде бопсалаушыларды тұзаққа түсіріп, жоғары лауазымды шенеуніктерді қамауда. Қашып кеткен жемқорлар мен олардың ұрлаған қаражатын қайтару жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.

Мемлекеттік органдардың жұмысы, оның ішінде мемлекеттік бюджеттің жұмсалуы бұрынғыдай жабық ақпарат күйінде қала беретін болса, азаматтардың мемлекетке деген сенімі бұрынғыдан да төмендей береді, онда бұл күрес ешқашан толық тиімді болмайды, нәтижесін бермейді.

Грузия тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты құрал – шенеуніктердің халық алдындағы есептілігі.

● Түзету мекемелері жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуғазаңнамалық түрде тыйым салу қажет деп санаймыз. Бұл ұсынысты «Ақ жол» депутаттары 2019 жылы енгізді, бірақ Үкімет пен Бас прокуратура оны қолдамады.

● Сонымен қатар, біз тіпті жазасын өтегеннен кейін де сыбайлас жемқорлардың емін-еркін жүруі, шетелге шығуы мен меншікті басқару құқықтарын шектеуді ұсынамыз. Бұл шара олардың жасырған ақшасына қашып кетпей, капиталды Қазақстанға қайтару үшін қажет. Ондай жемқорлар өз еліне инвестиция салып, отаны үшін лайықты қызмет етсін.

● Сотталған жемқорларды республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тұруға тыйым салатын жазаның түрін енгізу керек. Шағын қалаларға, аудан орталықтарына, ауылдарға және барып, онда халыққа лайықты үйлер салсын, жергілікті бизнеске қаражат құйсын және өмір сүру сапасын жақсартуға атсалыссын. Олардын жинаған қорларымен қаражат басқару тәжірбиесі де бар. Сол капиталдар мен  білімдерін өңірлердің дамуына жұмсасын.

● Ашық емес шарттарда шетелде тауарлар мен жабдықтарды сатып алу түрінде мемлекеттік қаражатты ұрлау мен шығарудың жолын кесу, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары бойынша келісімшарттарды орындаушыларға шетелдік оффшорлық юрисдикцияларда тіркелген кәсіпорындармен мәмілелер жасауға тыйым салынсын.

«Ақ жол» партиясының депутаттары, мысалға ІІМ жүйесінің оффшорлық компания арқылы құрал-жабдық салып алғаны сияқты талай жайтты әшкереледі. Ол жолы «Ақ жол» фракциясының сауалы арқасында миллиондаған қаржы заңсыздықтары әшкереленген  болатын.

● Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды құралы биліктің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есептілігі болып табылады. Баспасөздің аузын жабуға болмайды, «Ақ жол» демократиялық партиясы әшкерелеуші жарияланымдар үшін журналистерді қудалауға жол бермей, оларды қорғау жолында қызмет етеді. Біз журналистің мақаласы үшін жала жабу туралы қылмыстық іс қозғауды алып тастап қана қоймай, оны әкімшілік кодекстен шығарып, азаматтық құқықтық қатынастар саласына көшіру қажет деп санаймыз.

● Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір басымды бағыты – шенеуніктердің оффшорлық аймақтардан халықтан алынған миллиардттаған қаражатты ел игілігіне қайтару болып табылады.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары бірнеше рет ресми түрде жемқорлық жолмен Еуропа елдеріне шығарылған қаражатты елімізге қайтару жөнінде Еуропарламентпен бірлескен топ құруды ұсынды.

Бұл жұмысты іс жүзінде асыруды аяғына дейін жеткізу керек, сондай-ақ отандық сыбайлас жемқорлардың басқа елдердегі жасырулы капиталын әшкерелеуді көздейтін барлық елдермен екі жақты топтарды құруға қол жеткізу керек деп санаймыз.

Сыбайлас жемқорлардың «аяғының астында жер өртеніп жатуы» керек және олар қашқанда тығылатын тесік табылмайтын жағдайға жеткізілуі керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, басқа да мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының оффшорлардағы банктік шоттарына қатысты банк құпиясының жойылуын талап ету жұмыстарын жалғастырады.

● Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз заңнамаға сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде «шығу тегі түсініксіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынамыз.

Оффшорлық аймақтарда мүлкі мен ақшасы бар шенеуніктерді олардың байлығының шығу тегін түсіндіруді міндеттеу керек. Түсініктемелер болмаған жағдайда Қазақстан бұл ақшаны тәркілеуге тиіс немесе «түсініксіз байлық» ұғымы қолданыла бастаған жерде орын алуына қарай оны басқа мемлекеттер тәркілеуге тиіс.

Осы ұсыныстардың барлығын «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары өткен жылдары Үкімет пен Бас прокурорға бірнеше рет жолдады, бірақ олардан бас тартқан, жалтарған жауаптарды алуға мәжбүр болдық.

Біз олардың жүзеге асырылуын талап етеміз.

● Грузия тәжірибесіне сәйкес сот және құқық қорғау жүйесін реформалау – демократиялық басқарудың және әділетті мемлекеттің маңызды бөлігі болуы керек.

Судьяларды халықтың өзі сайлауды енгізу қажет.

Осыдан ғасыр бұрын «Алаш» қайраткерлері: «Би әділ болмай, жұрт оңбақ емес. Әділ би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болады…әділ билік ресімге, заңға сүйенсе орнына келеді», – деп санаған. Судьяның адалдығы мен беделіне кепілдік берілуі керек, қылмыс «серкелермен», қылмыстық немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотталған адаммен кез-келген байланысы болған судья не құқық қорғау органдары қызметкері дереу лауазымынан босатылуы керек.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАНДА

КЕДЕЙЛЕР БОЛМАУЫ КЕРЕК

Еліміздің басты мәселе және оның мемлекеттілігіне төнетін басты қауіп – байлар мен кедейлер арасындағы өршіп келе жатқан әлеуметтік алшақтық.

Сонымен бірге, біздің басты байлығымыз мұнай және металл ғана емес, бүгінгі таңда әділетсіздік салдарынан қорлық көріп отырған дарынды және еңбекқор халқымыз деп санаймыз. Бұл мұқтаж жандарға, кәсіпкерлерге, тіпті көптеген мемлекеттік қызметшілерге де қатысты.

Әлеуметтік әділеттілік және ел азаматтарының қадір-қасиетіне деген көзғарасы білім беру мен медицина сапасымен, тұрғын үй, лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады.

Осы салалардың әрқайсысы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жемқор шенеуніктердің ұрлығынан зардап шегуде.

Қазақстанда кедейлер мүлдем болмауы керек. Жаратушы бізге табиғи игіліктер мен дарын-қабілет берді, еліміздегі әрбір адамның лайықты баспанасы, лайықты жұмысы болуы керек, оны отандастары да, мемлекет те құрметтеуі керек.

Қазақстан сияқты бай елде ел заңдары, үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдар ата-аналар балаларын емдеу үшін ақша жинап, ал аналары түнде жұмыс істеуге және балаларын қараусыз қалдыруға мәжбүр ететін жағдайларға жол берілмеуі тиіс.

Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін:

● Ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін  7-8% – дан аспайтын етіп шектеуді.

● Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек, онда  кедейлікке  ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс. Біздің азаматтарды баспанасыз қалдыруға болмайды!

● Халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ және Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Бұл қорлардың  қаражаттары, олардың  қызметкерлерінің  жалақылары мен  шығындары  ашық талқыланып, Парламентте  мақұлдануы  керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы БЖЗҚ-ғы салымшылардың жеке шоттарында жиналған қаражаттарды орналастыруды дербес басқаруға рұқсат беруді ұсынады, мысалы салымдарға кепілдік беру мемлекеттік жүйесінің көлемі шегінде БЖЗҚ-да өз жинақтарын екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне орналастыру. Мұндай депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктердің көлемін ұлғайту жағын да қайта қараған жөн.

Сонда азаматтардың зейнетақы жинақтары неғұрлым жоғары кіріске ие болады, ал банктер экономиканы несиелеуге қосымша қаржы ресурстарына қол жеткізеді.

● Зейнетақы шоттарындағы жиналған қаржыны банктердің депозиттеріне салса, жеткілікті жинақ сомасы Үкімет мәлімдегендей 5-6 миллион теңге емес, 2-3 миллион теңге болады. Яғни, бұл қаржы тұрғын үй бағдарламаларына әлеуетті қатысушылардың санын 700 мың адамнан (үкімет болжамдары бойынша) 1,5-2 млн және одан да көп адамға дейін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

●   Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қаржаттарын да нақты салымшылармен ұштастыру керек.

Қорда әрбір азаматқа оның төлемдері есепке алынатын оның жеке шоты бекітілу тиіс, онда салымшының өзінің келісімі бойынша оның немесе жақындарының емделуі үшін ақша төленуі мүмкін.

Егер клиент сапасыз емделген жағдайда немесе қанағаттанарлықсыз қарым-қатынас жасалған жағдайларда салымшының мұндай қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқығы болуы керек. Сонымен қатар, Қордың өзі салымшылардың алатын медициналық қызметтерінің сапасын бақылауға және емделушілердің шағымдары бойынша тұрақты жұмыс жүргізуге (қажетті шаралар қабылдауға) міндетті.

Сонда ғана қызметкерлер өз міндеттеріне мұқият қарайды, ал білікті медицина қызметкерлері өздерінің қиын еңбегіне лайықты еңбекақы алатын болады.

● Ауылдан қалаға көшіп келетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер өндіріс салаларына, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымдар үшін үй-жайлары бар шағын әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс.

Мұндай баспана қарапайым және арзан болуы керек, сонда ғана жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істеп, өздеріне ыңғайлы жағдай жасайды.

● Жас отбасыларын ынталандыру және бала туу өсімін  арттыру үшін, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бастап жас отбасылар үшін ипотекалық несиелер бойынша әрбір бала тұғанда 25%-тік субсидиялауды ұсынып келеді. Сонда екінші бала туғанда мемлекет ипотеканың жартысын, ал 4-ші бала өмірге келгенде – түгелін өзі жабуға тиіс болады.

Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға арналған. Бірақ ешқандай отбасы бірден көпбалалы отбасы болмайды. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңмен ынталандыру керек.

● Әлеуметтік қорғау ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) емес, ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелуі тиіс, ол толыққанды тамақтануға, киім-кешекке, коммуналдық шығыстарға қажетті шығындарды қамтитын тұтыну корзинасының нақты құнымен айқындалуы тиіс. Еуропа елдерінде тұтыну кәрзеңкесі мәдени ойын-сауық шығындарын да қамтиды, өйткені ол тұрмыс сапасына ықпал етеді.

● Пандемияға байланысты жағдайлар білім беру, денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік төлемдерді цифрландырудағы сәтсіздіктер, оның шұғыл қажеттілігін анықтады. Цифрлық, оның ішінде қашықтықтан оқытуда, мемлекет пен азаматтардың, ұйымдар мен клиенттердің өзара іс-қимылдарының әдістерін дамыту- жалпы әлемдік бағыттардың бірі болып тұр.  

Бұл жұмыстардың үйлесімді және толықтырушы қалыпта жүргізілуі өте маңызды. Мысалы, әр қалада тұрғын үйге кезек ашық қолжетімді болуы керек. Сондықтан әркім өзінің пәтер кезегінің алға жылжуын қадағалап, алаяқтықты анықтай алады. Әзірге пәтерлерді әкімдіктердің шенеуніктері мен олардың туыстары жалға беріп, пайда тауып, бірнеше пәтерлерді алды деген дабылдар ғана түсіп жатыр. Ал мүгедектер, жетімдер мен көп балалы аналар мен отбасылар өздерінің армандаған баспаналарын ондаған жылдар бойы күтуде.

Осыған байланысты, әкімдіктердің берген әлеуметтік тұрғын үйлерін тексеруді ұсынамыз. Егер бұл әлеуметтік тұрғын үйлер басқа адамдарға қайта сатылса немесе жалға берілсе – мұндай пәтерлер алынып, жылдар бойы өз кезегін күтіп тұрған мұқтаж отбасыларына қайта бөлінуі керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясының әлеуметтік саясатының басымдығы – сапалы және қол жетімді білім. Балалардың таланты ата-анасының тұрғылықты жеріне немесе кәсібіне байланысты емес.

Егер де қаладағы дарынды балалар үшін арнайы мектептерде сапалы білім алудың түрлі мүмкіндіктері болса, ауыл оқушыларында мұндай мүмкіндік өте аз.

Сондықтан ауылдық жерлердегі дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің жүйесін құру қажет.

● Тұтастай алғанда, талантты жастардың елден кетуін («ғұламалардың жылысауын») тоқтататын жүйелі бағдарлама қажет. Жыл сайын мыңдаған талантты жас жігіттер мен қыздардың Қазақстаннан кетіп, қайта оралмауы біздің ұлттық трагедиямыз.

Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, елде өсу мүмкіндіктері басқа кез келген шетелге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы керек.

  • Мұғалім еңбегінің ел болашағы үшін баға жетпес маңызын ескере отырып оқытушының жалақысын Еуропа елдері деңгейіне көтеріп, оны еш қажеті жоқ есеп-қисап қағазбастылық пен өз жұмысынан басқа жүктемелерден босату, оның ішінде сайлау комиссияларына қатысуды шектеу керек.
  • ЖОО-ның білім бағдарламасын, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жетілдіру үшін оған шынайы дербестік беру, оқу мен ғылыми үрдістерді ұйымдастыру мәселесінде, ректорды сайлауда Ғылыми кеңестің құзырын кеңейту қажет. Яғни ЖОО-ның ұзақ мерзімге бағытталған үдемелі әрі тұрақты дамуына академиялық қауымдастықтың өзі кепіл болуға тиіс. 
  • Пандемия кезіндегі оқиғалар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықсыздығы мен мүшкіл жағдайын ашық көрсетті. Педагогтардың мәртебесі туралы қабылдаған заң секілді, «Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәтебесі туралы» арнайы Заң қабылдап, олардың адами, материалды және де кәсіпқой жағдайын қорғап, тәуекелді төлемдерін бекіту қажет.
  • НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлікті қолдау экономикалық әлеуетті дамытудың құралы ретінде ғана емес, ең алдымен жұмыссыздық мәселесін шешудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қазақстандықтарды табыс көздерімен қамтамасыз етудің басты құралы ретіндегі маңызы зор.

Біз саяси реформалар жүргізілмейінше экономикадағы өзгерістер болуы мүмкін еместігіне көзімізді жеткіздік. Бұл саясаттың және экономиканың монополиялануы мен мемлекет иелігінде қалуымен қатысты болып тұр. Бірақ, өз кезегінде, экономикалық қолдау болмаса, либералдық саяси реформалар ұрандар ғана болып қалмақшы. Сондықтан экономикалық реформалар саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет.

Осы реформалардың экономика мен қоғамда ашықтық пен адал бәсекелестік мүдделерін қолдайтын жеке кәсіпкерлер мен бизнесмендердің бұқаралық табы ғана қозғаушы күш бола алады. «Ақ жол» демократиялық партиясы жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде ең алдымен шағын және орта бизнестің сенімді қолдаушысы және олардың табандыжақтаушысы болып қала береді.

Біз инвестициялық ынталандыруды енгізу өте қажет деп санаймыз, мысалы:

● экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты (3-5 жылдан астам) жұмыс істегеннен кейінгі 50% қайтарым;

2015 жылы біз Кәсіпкерлік кодекске 30% инвестицияларды қайтару туралы норма енгіздік, жұмыс тобын «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы басқарды. Содан бері 5 жыл ішінде ең заманауи және жоғары технологиялық кәсіпорындардың ешқайсысы инвестицияларды қайтарған жоқ. Керісінше, Үкімет ондай жеңілдікті мүлде жоюды ұсынды.

● Заңда қарастырылған инвестициялық преференцияларын бермегені үшін шенеуніктердің жауапкершілігін Әкімшілік кодексіне енгізу қажет.

● Еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату. Олардың экономикаға қосатын үлесі – жаңа технологиялар, жұмыс орындары және білікті кадрларды даярлау.

Біздің АЭА бос және қажетті нәтиже бермейді, өйткені берілген жеңілдіктер жұмыс істемейді және көптеген басқа елдердегі осындай шаралардан артта қалады.

● Негізінде, инвесторларға шенеуніктердің ойдан шығарған емес, бизнестің өзі сұраған преференциялар ұсыну керек. Мемлекет, бизнестің шартты міндеттемелерге сай кез-келген преференцияларын қарастыруға ашық болуы қажет.

Пандемия кезінде президент пен үкімет бизнесті қолдау жөніндегі кешенді іс-шаралар қабылдады, бұл мақсаттарға бюджеттен қомақты қаражаттар бөлінді. Олардың көпшілігі ең алдымен салық саласында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ҚҚС-ын 12%-дан 8%-ға дейін төмендету, салық төлемдерін кейінге қалдыру, еңбекақы қорына салықтарды алып тастау және тағы басқа да осындай маңызды шаралар зор рөл атқарды, шын мәніне келгенде кәсіпкерлерді сақтап қалуға және мыңдаған кәсіпкерлерді күйреуден құтқарды.

Бірақ та үкіметтің қолға алған іс-шаралары тиісті нәтижелерін бермей тур.    

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы пандемиямен байланысты ахуалдың теріс экономикалық салдарын жою мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынды:

Салықтық рақымшылық жасауды, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан (ҚҚС), корпоративтік табыс салығынан (КТС) және мүлік салығын төлеуден ШОБ төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін босатуды;

Ауылдағы шағын кәсіпкерлік пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толығымен босатуды ұсынды. Біз осы адамдарға алғыс айтуымыз керек, өйткені олар ауылдық жерлерде жұмыс істейтіні, мемлекеттің мойнына отырмай және өз отбасыларын өздері асырайтындары үшін қолдауға тиістіміз.

● ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) несиесі бойынша пайыздық мөлшерін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшері деңгейіне дейін төмендету мәселесін қайта көтеру қажет. Екінші деңгейдегі банктерден  тартылатын қаражат бойынша Ұлттық банк ноталарының мөлшерін де осылай төмендету керек. Сонда ғана банктер бос қаражатын экономиканы несиелеуге жұмсауға мәжбүр болады.

Девальвация мен инфляциядан ең жақсы қорғаныс тәсілі – тұтыну тауарларын өндіретін отандық кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық банк ЕДБ несиесінің биік мөлшерін инфляцины ауыздықтау үшін ұстаймын деуі – керісінше өндірісті тежеп тұр, импортқа дем береді және экономикадағы инфляцияны қамшылайды.

  • Күні бүгін Қазақстанда жаңа өндірісті жобалық қаржыландыру механизмі қалыптаспаған, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін капиталдың тиімді бағасы Ұлттық банктің саясаты мен ЕДБ-іне қажетті қорды жасақтайтын реттеушінің салдарынан жылына 16%-ды құрайды. Іс жүзінде банктер кепілдікке қоятын активтері бар, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік топтарды ғана несиелеп отыр, жаңа өндірісті дамытуға мүмкіндік жасамайды.

Сол себепті қаржы қорларын іске қосу және несиені қайтарудың пайыздық мөлшерін төмендету үшін ЕДБ қызметін реттеуді қайта қарау керек.

  • Бірінші кезекте бизнестің сұрауы бойынша ЕДБ-ларды қазіргі барлық несиені бұрынғы қарыз жүгінсіз төмендетілген жаңа 6%-дық мөлшермен қайта қаржыландыруға міндеттеу керек болады.

Қайта қаржыландыруға неге әлі қол жетпейді деген біздің сауалымыздан кейін «Даму» Қоры» 3 мың кәсіпорынды қайта қаржыландыруды мақұлдағанын, бірақ олар субсидия алу үшін қайдағы бір тезіден өтулері керектігін хабарлады.

Осы кезде Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының мәліметі бойынша, 1 млн-нан астам кәсіпкер тығырыққа тіреліп, шағын және орта кәсіпкерліктің 430 мың нысаны жабылды немесе қызметін шектеуге мәжбүр болды? Бұл 0,1%-дан да кем. «Даму» Қорының бұл іс-шарасын кәсіпкерлер қауымы зор үмітпен қабылдаса да, міне мұндай «қолдаудың» шынайы да бар жемісі осы ғана.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығы агенттігіне ЕДБ-мен бірге бұндай қайта қаржыландырудың құқықтық реттеуін қарастыру керек.

Шағын және орта бизнес қайта қаржыландыруды сұраса, банктер одан жиі бас тартуда. Әзірше, кәсіпкерлердің айтуынша, бұл мәселе түгелімен банктердің қолында екен, сол себептен, президенттің анық тапсырмасы мен осы мақсатқа бөлінген қыруар қаражатқа қарамастан, банктер проценттік ставкасын төмендетпей отыр және де кәсіпкерлер банктегі парақорлықпен жиі кездесуде. Осындай әділетсіздікті тоқтату қажет.

  • 2025 жылға дейін ШОБ-қа деректер мен электрондық шот-фактураларды міндетті түрде тапсырумен кассалық бақылау аппараттарын енгізу кейінге қалдырылсын.
  • ШОБ-тың айналымы қалпына келгенше ЕТҚ-ны салықтан босатуды, бизнестің босатылған қаражатының кемінде 50%-ын қызметкерлерге жалақы төлеуге міндеттелсін.
  • ШОБ-ты қолдау шараларын ЖШС түріндегі орта бизнеске қолдану. Бүгінгі кезде бұл шаралар (мысалы, КТС нөлдік мөлшері) жеке кәсіпкерге ғана қолданылады. 

Отандық өндірушілерді қолдау және олардың монополистер көрсететін қызметтерге жұмсайтын шығындарын азайту мақсатында кәсіпкерлердің өздерінің таңдауы бойынша электр энергиясын тұтыну үшін түнгі тарифтерді қолдану тәжірибесін жаңғырту, іске қосу. Бүгінде түнгі тарифттерден бас тарту тиісті шығындарды 12-15% – ға арттырды.

  • Экономиканы жетілдіруді көмірсутегінсіз дамыту және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту тұрғысынан қарастыру қажет.

● Тұтастай алғанда, монополистер (ең алдымен энергетика және темір жол көлігі салаларында) және олардың әкімдіктер жанындағы басқарушы құрылымдары тарифтерінің негізділігіне толық ауқымды тексеру жүргізу керек, артық төленген қаражатты негізсіз жоғары тарифтер бойынша қайта есептеу мен қайтарылуы жүргізілуі тиіс.

Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасындағы тоғышарлық делдалдық құрылымдарды жоюдың экономикалық және саяси қажеттілігі пісіп-жетілді. «Бәйтерек» қоры, «ҚазАгро», Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) сияқты барлық даму институттары және т.б. бизнесті қолдау үшін құрылған даму институттары мемлекеттен бөлінетін қаражаттар мен ресурстарды өздеріне шоғырландырып, оларды сыбайлас жемқорлық тетіктерімен жиі байланыстағы меншікті сүзгі арқылы бөле отырып, іс жүзінде «жіңішке мойын» болып табылады. Бизнеске көмекке бөлінген миллиардтық қаражаттар саналы түрде игерілмейді, жылдар бойы ЕДБ депозиттерінде жинақталады, ал түскен пайыздар менеджерлер арасында өзара бөлінеді.

Даму институттарының игерілмеген қаражатын бюджетке қайтару керек, кем дегенде олардың депозиттеріндегі барлық инвестициялық кірісті бюджетке қайтарылуы тиіс. Қаражаттың игерілмегенін, инвестициялық белсенділіктің төмендігін және жасалған инвестициялардың тиімділігінің төмендігін ескере отырып, олардың жалақысы жеткілікті деңгейде қалдырылуы керек.

● Табиғи монополиялармен және ерекше мемлекеттік мүдделермен тікелей байланыстағы ұлттық компаниялар ғана жұмыс істеуі керек. Мұндай компаниялардың барлық еншілес фирмаларын жекешелендіру арқылы бәсекелестік ортаға түсірілуі керек.

Жергілікті жерлердегі бизнес үшін жер телімдерін, кең таралған пайдалы кен қазба орындарын және т.б. өзінің тікелей ықпалына шоғырландырған өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметі елеулі проблемалар тудырды. Бұл ӘКК-ні қорқытып алушылықтың  заңды нысанына іс жүзінде айналдыруға әкелді.
Мұндай ӘКК-ларді олардың ресурстарын еркін айналымға бере отырып  тарату керек.

● Өз өндірісінің тұтыну тауарларының жетіспеушілігі мәселесі шиеленісе түсті. Бұл жағдай біздің ішкі нарығымыздың импортқа тәуелділігін, валюта бағамының ауыр ауытқуын және инфляциялық тәуекелдерін туғызды.

Төтенше жағдай аясында ҚР Президенті бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін енгізу туралы ерікті шешім қабылдады. Дегенмен қолданыстағы Салық кодексінде мұндай мөлшерлемелер қарастырылмаған болатын. ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін ЭЫДҰ және Еуроодақ елдері басым секторларда, ең алдымен азық-түлік, киім-кешек, балалар тауарлары, тұрғын үй құрылысы, халыққа қызмет көрсету сияқты әлеуметтік өнімдерді қолдау үшін кеңінен қолданады. Бұл салықтардың ынталандырушы рөл атқаруына мүмкіндік беретін экономикалық саясаттың маңызды құралы болып табылады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте алғашқы күннен бастап аталған мұндай тетіктерді отандық тәжірибеге енгізу туралы ұсыныстар енгізіп келеді, біз жиырмадан астам сауалдар мен заңдарға ұсыныстарды жолдадық. Бірақ үкімет салық қызметтері үшін қиындықтар туғызатыны туралы сілтеме жасай отырып, мұндай ұсыныстарды қатаң түрде тоқтату үстінде.

Өзінің шешімімен Президент бірқатар әлеуметтік тауарларға ҚҚС мөлшерлемесін 12%- тен 8% – ға дейін төмендете отырып, қолданыстағы Салық кодексінен тыс қадам жасады және мұндай шара Төтенше жағдай режимі кезінде мүмкін болды. Бұл тәсілді заңға бекітуде өте маңызды, біз 2020 жылғы 15 сәуірде Үкіметке кезекті сауал жолдап, Салық кодексіне түзетулер енгізу арқылы жасауға тырыстық. Алайда мемлекеттік органдардың жауабы өзгеріссіз қалды:

«ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін қолдану салық есебін қиындатуға алып келеді… ауыртпалығы төмен тетіктіктерді қолдану ұсынылады» деумен шектелді.

Салықтар шенеуніктер үшін емес, бизнес үшін ыңғайлы болуы керек екенін Еуропада жақсы түсінгенмен, бірақ біздің елде дәлелдеу мүмкін емес.

«Ақ жол» демократиялық партиясы әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басым салалары үшін қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелерін 0-6% деңгейінде енгізуді талап ететін болады.

● Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларын және дайын өнімдер өндірісін дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер үшін әкелінетін шикізатқа, материалдарға, жабдықтар мен жинақтауыштарға кедендік әкелу баждарын барынша төмендету ұсынылады.

Отандық машина жасау кәсіпорындары ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар негізгі өндірушілермен ынтымақтастық шеңберінде пайдаланатын жабдықтар мен мұнай-газ және тау-кен құрал жабдықтарын өндіруді игеру үшін мұндай өнімді белгілі бір кезеңге ішкі нарықта қосымша құн салығынан босату керек.

Әйтпесе қазақ жабдықтарын сатып алудан гөрі шетелдік жабдықтарды алып келген әлдеқайда арзан болады.

●  Бәсекелестік қаблеті жоқ бизнесті қайткен күнде де босқа қолдау үшін импортты алмастыру көзсіз мақсат болмауы керек. Отандық өнім Қазақстанның ғана емес, халықаралық нарықтың да ең қатаң талаптарына лайық болуға тиіс. Осы мақсатта елдегі техникалық реттеу саясатын түбегейлі қайта қараған дұрыс.

●       Экономикалық кемшіліктер толығымен қылмыссыздандырылуы керек. Экономикалық саладағы заң бұзушылықтар экономикалық әдістермен, ең алдымен қатан айыппұлдармен жазалануы керек.

Кәсіпкерлерді қамауға алуға, бопсалауға және бизнесті жоюға апарып соғатын қылмыстық қудалауды тоқтату қажет. Егер тергеу қажет болса, қамауға алуды кепілдікпен ауыстыру керек.

● «Эпидемиологиялық бақылау» деген желеумен әр түрлі түсініксіз топтардың бизнесіне негізсіз және жалпы қысым жасауды тоқтату. Бұл «бақылау» уәкілетті органдардың үнсіз келісімімен жаппай бопсалау мен бопсалаудың түріне айналды. Кәсіпкерлікті тексеру тәртібі Кәсіпкерлік кодексінде нақты көрсетілген.

Кодексте көрсетілгендей, мұндай тексеріс өкілетті мекеменің, яғни санитарлық эпидемиологиялық бекеттің (СЭБ) басшылығымен жүргізіліп, сол күннің ішінде міндеттітүрде прокуратурада тіркелуге тиіс.

Алайда жергілікті кәсіпкерлердің хабарлауынша, тексеруді әкімдік пен полиция қызметкерлері жүргізіп, ал СЭБ солар жазған хаттама негізінде тек айыппұл жазып береді. Оған қоса мониторигі топтар шенеуніктердің туыстарына жататын кафе-мейманханаларды жиі тексермейтінін хабарлайды. Тексерушіге «шайпұл» бермегендерге ғана айыппұл төлетеді.

Нәтижесінде бұл іс-шаралар тұрғындарды ауру жұқтырудан қорғамайды, онсыз да карантиннен жапа шеккен бизнесті керісінше тағы да бопсалаудың басқа түріне айналды.

Прокуратура мекемелері сыртынан ғана бақылап отырмай, кәсіпкерлерді осындай «бопсалаушылардан» қорғауға міндетті. Соған байланысты «Ақ жол» демпартиясының депутаттары үкімет пен прокуратураға мониторингі топтарының іс-әрекетін реттеу талабымен сауал жолдады.

Прокурорлар кәсіпкерлерді мұндай «рейдтерден» сақтап, бизнестің заңды құқықтарын бұзуға бейтарап қарамауы керек.

● Корпоративтік нарықтың басым бөлігі келетін ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуі тиіс. Шетелдік шикізат алыптары қазақстандық өндірушілерге немқұрайлы қарайды. Олар жыл сайын 8 триллионнан астам теңге сомаға өнімді шетке шығарады, бірақ оның көп бөлігі Қазақстанда бар немесе өндірілуі мүмкін.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттегі депутаттар фракциясы ШОБ үлесінде өндіруші өңірлердің жалпы елдік (28,5%) 2 есе артта қалуы (10-15%), өндірістік алыптар бар жерлерде жергілікті бизнес орташа көрсеткіштерден озуға тиіс деген жергілікті мемлекеттік органдардың наразылығын бірнеше рет білдірді. Дамыған елдерде жер қойнауын пайдаланушылар салық төлеуден басқа, жергілікті басшы кадрларды өсіруге, жергілікті бизнеспен бірлескен сервистік компаниялар құруға, өндірілетін шикізатты қайта өңдеуді жолға қоюға және т.б. міндеттенеді. Біздің өндіруші өңірлерімізде ШОБ ел бойынша орташа көрсеткіштерден озуы керек шикізат алыптарына неғұрлым көп ақша түссе, соғұрлым олар жергілікті серіктестерге төлеуге қалуы керек. Егер мұндай болмаса, онда барлық пайда елден шығарылады.

Бірақ орны қайтып толмайтын табиғи байлығымызды сатудан түсетін салыққа қоса Қазақстан жаңа технология, жаңа кәсіпорын және жаңа мамандар да алуы керек емес пе?

Бұл жергілікті биліктің жеткіліксіз жұмысын көрсетеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Тұңғыш Президенттің іскерлік қасиеттерінің арқасында Қазақстан өз ресурстарын белсенді түрде жылжытып, инвесторларға қарай бет бұрды, елдің дамуына қуатты серпін берді.

Бірақ содан бері қазақстандықтардың жаңа ұрпағы дүниеге келді және өсті, біздің еліміз басқа елге айналды, алдына жаңа экономикалық  міндеттер тұр. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қаражат салған шетелдік инвесторлардың көбі өз инвестицияларын баяғыда ақтап, біздің табиғи байлықтарымыздан бірнеше рет пайда тапты. Тауарлардың сапасының нашарлығына және қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне жалған сілтеме жасап шетелдік шикізат алыптарына отыз жылдың ішінде қазақстандық мамандарды оқытуға, біздің азаматтарымыздан компаниялардың бірінші басшыларын іріктеп алуға, оларды өсіруге, технологияларды игеруге және сатып алынатын тауарлардың бірлескен өндірісін реттеу үшін көмектесуге болмайды ма? Неліктен Атырау мен Ақтөбеде шетелдік мердігерлерді ұлттық экономикаға жалдау жалғасуда, ал Теміртауда қазақстандық кәсіпкерлерге орындалған келісімшарттар үшін жылдар бойы миллиардтаған соманы төлемейді?

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте ғана емес, Үкіметтің шетелдік инвесторлармен келіссөздерінде деосындай мәселелерді қоятын кез келді деп санайды. Шетелдік инвесторларды қазақстандық кадрларды өсіруге, отандық өнімдер мен жабдықтарды сатып алуға, қажет болған кезде ауыстырылатын тораптар мен бөлшектерді игеруден бастап, бірлескен кәсіпорындарды құруды заңнамалық түрде міндеттеу керек.

2014 жылы Үкімет «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңынан «қазақстандық тауар» және «қазақстандық өндіруші» ұғымдары алынып тасталды. «Ақ жол» фракциясының депутаттары ғана қарсы шығып, осы нормалардың сақталуы үшін 9 рет дауыс берді, қалған екі фракция 9 рет біздің ұстанымымызға қарсы дауыс берді және отандық бизнесті мемлекеттік сатып алулардан қорғауды алып тастады.

Кейіннен біз қазақстандық кәсіпорындардың ұлттық компаниялар мен ірі жер қойнауын пайдаланушылардан мүдделерін қорғау үшін «сатып алу туралы» заңды қабылдау талабымен жиырма депутаттық сауал жолдадық, бірақ үнемі бас тартқан жауаптар алдық.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ДСҰ ережелері бойынша шикізат алыптарының жұмысында отандық кәсіпкерлер үшін преференцияларды ішінара сақтаған жер қойнауы туралы Кодекс нормасының қолданысы тоқтатылады. Сол кезде шетелдік инвесторлар қазақстандық бизнесті мүлдем елемей қалуы мүмкін. Ал бұл үлкен проблема. Әлемдік экономикалық дағдарысқа айналған пандемия жағдайында барлық елдер өз кәсіпорындарын қорғауда. Біз Үкіметке өндірушілерімізді қорғауды және қазақстандық компаниялардың мүдделеріне нұқсан келтіретін ДСҰ мен ЕАЭО нормаларын қайта қарауды талап етіп жүгіндік.

Шетелдік жұмыскерлерді тарту айрықша сипатқа ие болып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы деңгейінде жекелеп қаралуы тиіс.

Мемлекет өзі табыс тауып, бюджетке салық төлейтін, басқаларға жұмыс беретін іскер адамдарға қолдау көрсетуге міндетті.

  • САЛИҚАЛЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ

Көптеген халықаралық процестердің аясында, оның ішінде пандемия індеті, ірі көрші мемлекеттердің, ең алдымен Ресей, Қытай, Түркияның саяси және экономикалық рөлі өсүде.

Беларусь пен Қырғызстандағы оқиғалар, Таулы Қарабақтағы соғыс сияқты факторлардың пайда болуы – республикамыздың сыртқы саясатының ерекше маңыздылығын тағы да көрсетті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы халықаралық қатынаста, интеграциялық бірлестіктерде ең алдымен, еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауға, сондай-ақ көп векторлы саясатына сүйенуі тиіс деп санайды.

Осы тұрғыда бірде-бір бірлестік, оның ішінде Еуразиялық одағын қоса алғанда, Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығына қауіп төндірмеу тиіс. Біз мемлекетіміздің саяси дербестігін шектейтін «ұлттық деңгейден жоғары тұратын парламент» құруға, және өзге де осындай идеяларға қарсымыз. Интеграциялық бастамаларға қатысудың жалғыз мақсаты – өзара сауда-экономикалық тиімділік пен әлемдегі үздік тәжірибиеге қосылу.

Сонымен қатар, көршілердегі оқиғалармен санасып, қорғаныс қабілетінің жоғары деңгейін ұстап тұру, Қарулы Күштерді ең заманауи техникалық жабдықтармен және ұлт қауіпсіздігі мен жер тұтастығына кез келген қауіп-қатерге қарсы тұратын «гибридті» құралдарымен жарақталуы қажет.

Парламенттік партия ретінде, біз барлық өзге де саяси күштермен бірлесіп, осы міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Ақ жол, Қазақстан!

«Ақ жол» Демократиялық партиясы атынан

Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның

сайлауалды бағдарламасы

Қадірлі отандастар!

Қазақстан жаңа тарихи дәуірдің босағасын аттағалы тұр! Өткен ғасырларда еліміз Тәуелсіздігімізге дейін талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткізді.

Ал болашаққа бағытталған бұл бағдарламамызда Республикамыздың  одан әрі жақсарып, қарыштап даму жолындағы кезекті кедергілер мен асуларға   баға беріп, оданшығу жолдарын табуға тырысамын.

Сондықтан, жақсы өмірге жаңа мүмкіндіктер ашып, осы жолдағы кедергілерден үзілді кесілді бас тартуымыз керек.

Бұл деген – жемқорлық, әділсіздік, надандық, адамгершіліксіз.

Жақсы өмірдің негізі шенеуніктер емес, нарықтық экономика, демократия және әлеуметтік әділдік болып табылады.

 1. ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ – БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІК

Халықтың әл-ауқатының басты шарты– тұрақты даму, күшті жеке бизнес, адал бәсекелестік.

Мен әрдайым жеке, ең алдымен, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың тұрақты жақтаушысы болып келді. Бүгінгі күні елдің алдында жаһандық сын-тегеуріндері тұр, оларды еңсерусіз бұдан әрі даму мүмкін емес.

Осы қауіптерді жаңа мүмкіндіктерге айналдыру үшін келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

● Ұлттық банк пен екінші дәрежелі банктерде несиелер бойынша ставкалар төмендетілуі тиіс.

● Шағын және орта бизнестің құлдырауына және халықтың кедейленуіне әкелетін  тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтату.

Егер министр немесе Ұлттық банк басшысы девальвация болмайды деп мәлімдегенімен, ондай жағдай орын алса – шенеунік қызметтен кетуі тиіс.

● Қор құралдары арқылы баламалы, банктік емес қаржыландыруды дамыту керек. Ең алдымен АХҚО шеңберінде құрылатын кәсіпорындарды қаржыландырудың осындай түрлеріне мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.

● Салықты әкімшілендіру мен есептілікті жеңілдету, шоттарға тыйым салу және бизнестің шығыс операцияларын тоқтатудан бас тарту; егер кәсіпкерлердің мемлекетке немесе басқа тұлғаларға залалы тимеген болса, кәсіпкерлер үшін айыппұлдарды жою;

● кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту;

● басым салалар үшін (ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдері жеңіл және тағам өнеркәсібі, машина жасау үшін) төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесін енгізу; немесе каскадсыз әдіспен алынатын  салыққа ауыстыру;

● мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, олардың ашықтығын қамтамасыз ету, келісу және пара беру мүмкіндігін болдырмау;

● Отандық компаниялардың ішкі рыноктағы басымдығын қамтамасыз ету

● ұлттық компаниялардың және даму институттарының қызметіне парламенттік мониторингенгізу, олармен мемлекеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.

·                   Шекара және салықтық тәртіппен қатар мемлекеттік органдар мен бизнестің арақатынасын цифрландыру жүйесіне көшіру; айла-амал мен бопсалаушылықты жою.

 Мемлекет өздігінен табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және басқаларға жұмыс беретіндерді қолдауға міндетті!

2. ҰЛТТЫҚ  ТӘУЕЛСІЗДІК

Тәуелсіздік және ұлттық мүдделер – әрқайсымыз үшін басты құндылық. Тәуелсіздік үшін аяйтын еш нәрсе жоқ – бұл заманауи Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Ал «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейхан айтқандай: «Мемлекеттілігі жоқ халық – жетім халық».

Сол себептен Қазақ Республикасының Тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау әрбір азамат үшін маңызды міндет болып табылады. Тәуелсіздік – бос сөз емес. Бұл біздің Ел, Жер, бабаларымыздан қалған Мұра, бұл мемлекеттік тіл, бұл біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі.

● Тәуелсіздік, жер тұтастығы және ұлттық бірегейлік, – әрбір адамның құқықтарымен және бостандықтарымен қатар Республиканың бас құндылықтары болып табылады.

● Бұл орайда, Тәуелсіздіктің маңызды жетістігі біздің елде өмір сүретін барлық этностардың тілі мен мәдениетіне деген өзара сыйластық; азаматтардың тең құқықтары мен ұлттық сезімдеріне құрмет болып табылады.

● Мен Қазақстанның ұлттық тарихына, мемлекеттік тілі мен қазақ мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың мәдениеті мен тілдеріне деген сыйластықты қолдаймын;

● «Ақ жол» партиясы сондай-ақ Республикамыздың географиялық объектілердің, көшелер мен елді мекендердің атауларындағы тарихи әділдікті қалпына келтіру, отарсыздандыру және де-коммунизация бойынша жұмысын жалғастырады.

● Республика Конституциясының негізгі талаптарын, мемлекеттік тілді және Қазақстан тарихынан емтиханды тапсырған соң ғана азаматтық беруді заңмен бекіту деп есептейді;

● Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдау, қоғамның рухани саласын бөтен секталар мен ағымдардан қорғау қажет.

3. ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ОФФШОРЛЫҚҚА КҮРЕСУ

Қоғамды алаңдататын және билікке наразылықты туғызатын негізгі проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу тиімсіздігі, сот және құқық қорғау органдарына сенімсіздік болып табылады. 

Бұл проблеманы шешу үшін «Ақ жол» партиясы:

● әр қазақстандықтыңменшігін және жеке бизнесін жемқорлар мен олардың сыбайластарынан қорғауды талап етеді;

● басшылардан, олардың қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауапкершілігі жөніндегі талаптардың орындалуын міндеттеу;

● азаматтардың билік өкілдерімен дауларының әділ және жария қарастырылуы;

● әшкере болған жемқорлар үшін жүріп тұру, шетелге шығу және меншігін басқару құқығыныңзаңнамалық шектелуі;

● соттың шынайы тәуелсіздігі, соттардың сондай-ақ олардың жұмыстан тыс уақыты мен зейнетке шығуынан кейін жеке қауіпсіздігі мен жоғары әлеуметтік қорғалуы;

● барлық ашық сот отырыстарын Интернет бойынша трансляциялау;

● сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеу жағдайында бопсалаушылық құрбанын жауапкершіліктен босату.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің маңызды құралы билік іс-әрекетінің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есеп беруге міндеттілігі болып табылады. Баспасөздың аузына құлып салуға болмайды, «Ақ жол» партиясы журналистердің әшкерелеп беретін басылымдары үшін қудалануынан қорғалуын, әрбір мемлекеттік қызметкерінің соттық тәртіпте БАҚ-да кері басылымдардың пайда болуы жағдайында өзінің абыройы мен қадір-қасиетін қорғауын қолдайды;

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты сондай-ақ оффшорлық аймақтар мен шетелдік банктерден, қара ниетті жемқорлар мен алаяқтардын халықтан ұрлаған миллиардық қаражаттарын Қазақстанға қайтаруды талап етеміз.

Халықаралық мамандардың есебі бойынша жемқорлар мемлекетімізден заңсыз түрде 160 млрд-тан астам ақша шығарған. Бұл ақшалардың ұрланып, Қазақстаннан кетуі себепті елдегі кейбір азаматтар жұмыс таба алмай жүр.

«Ақ жол» партиясы қазақстандық шенеуніктердің, ұлттық компания басшыларының және олармен бірге сыбайлас тұлғалардың шетелдік банктердегі шоттары туралы ақпараттың ашылуын, олардың салық декларацияларымен салыстырылуын, шығу көзін иелері түсіндіре алмайтын немесе түсіндіруді қаламайтын ақшаның анықталуын және қайтарылуын талап етеді.

Бұл талап заң аясында жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың капиталының еркін қозғалуына қатысы жоқ.

***

Құрметті отандастар!

Мен бұл сайлауға халқыма және Отаныма адал қызмет ету үшін қатысып жатырмын.

 Өмірді дәл осында, дәл қазір өзгертпей, жақсарта алмаймыз.

Біз осындай өзгерістердің уақыты келді деп есептейміз.

 Ақ жол, Қазақстан!

Орталық КеңесПленумының қаулысымен Бекітілген
2014 жылғы 13 желтоқсан

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының
САЯСИ БАҒДАРЛАМАСЫ

«АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛДЕГІ АХУАЛ

          Ұлттық тәуелсіздік – басты құндылық және Қазақстанның прогрессивті дамуының шарты

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қазіргі әлемде лайықты орнын алып, толыққанды егемен мемлекет ретінде танылды. Осы уақыттың ішінде елде өмір сапасын айтарлықтай көтеретін, Қазақстандық экономиканың келбетін өзгертетін, оның шикізат ресурстарын экспорттауға тәуелділігін азайтатын, отандық өндірістің және жоғары технологиялық секторлардың үлесін арттырудың  мемлекеттік бағдарламалары қабылданды және іске асырылуда. Экономиканың және тұрғындар өмірі деңгейінің алға бағытталған өсуі қамтамасыз етілді.

 Адам капиталының сапалық жағынан өсуі Қазақстанды дамытудағы  жоғары басымдылық ретінде ресми деңгейде жарияланды. Әлеуметтік жаңғырту саясатын қабылдау республика азаматтарының әл-ауқатын және әлеуметтік көңіл-күйін жақсартудың ұзақмерзімді стратегиялық трендін қалыптастырады.

 «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекетті дамытудың осы стратегиялық бағытын қолдайды, өйткені біз Қазақстанның басты құндылығы  мұнай мен металдар емес, біздің талантты халқымыз деп есептейміз.

Еліміздің тәуелсіздік алуы қазақ халқының тілін, мәдениетін және  рухани құндылықтарын ығыстырудан құтқарды, оларды біздің еліміздің барлық этностарының тілі және төл мәдениетін сақтай отырып, әрбір қазақстандықтың игілігіне айналдыруға мүмкіндік берді. 

Сыртқы әлемге ашықтығымыздың арқасында Қазақстан азаматтары жалпы әлемдік құндылықтарға, ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерге барған сайын көбірек араласа бастады. 

Жеке тұлғаның кәсіби, шығармашылық, рухани дамуына ел ішіндегі  саяси тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім қолайлы жағдайлар жасауда.

Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, салмақты сыртқы саяси бағытымыздың арқасында Қазақстан халықаралық қатынастарда  беделді қатысушыға айналды. Еліміздің Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі, сондай-ақ Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесінің (АӨСШК) құрылуы Қазақстанды әлемдік деңгейде мойындаудың жарқын көріністері болып табылады.

Қазіргі заманның негізгі сын-қатерлері мен қарама-қайшылықтары

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің көптеген басқа да мемлекеттері сияқты қаржы-экономикалық дағдарысы мен өткір геосаяси қарама-қайшылықтардың  салдарынан қазіргі заманның сын-қатерлерімен бетпе бет келіп отыр.

           ХХ1 ғасырдағы үдей түскен жаһандану әлемдегі әр түрлі елдердің өзара әрекеттестігіне ықпал ететін шешуші факторға айнала бастағаны анық. Кейінгі жылдары бірталай мемлекеттер ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс тудырған әлеуметтік-экономикалық және саяси күйзелістерге өздерінің дәрменсіздіктерін және осалдықтарын көрсетті. 

Бұл дағдарыс ел экономикасына мемлекеттің қатысуының өсуін ынталандырды. Дағдарысқа қарсы шаралардың жасалуының және жүзеге асуының, оған қоса қаржылық секторға, кәсіпкерлікке және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетудің арқасында, Қазақстан ғаламдық сынақтардың соққыларына төтеп бере алды.

Дегенмен, байқалып отырған мемлекеттік кәсіпорындардың құрылуының жандана түсуі бәсекелестік ортаны едәуір қысқартады және экономиканың жеке секторын дамытуды жолдың жиегіне ығыстырып тастайды. Қатаң қазыналық режімді қоса алғанда, әр түрлі әкімшілік тосқауылдар әрекет етуін және көбеюін жалғастыруда. Бұл азаматтық және кәсіпкерлік бастамашылдықты қатты тежейді. Жастар өкілдерінің көпшілігінің  бүгінде өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруын немесе жеке бизнесін құруды емес, министрліктегі шенеуніктік мансап немесе ұлттық компаниядағы менеджерлікті армандауын кездейсоқтыққа жатқызуға болмайды. 

Ұлттық мемлекеттерді  саяси және экономикалық одақтарға біріктіру жолымен аймақтандыру беталысы сыртқы күштердің ықпал ету сипатына ие.Қазақстанның Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен интеграциясы ғаламдық сын-қатерлерге бірігіп қарсы тұру үшін осы елдердің әлеуетін біріктіруі тиіс.

Сонымен қатар осы бірігудің аясында Қазақстан серіктес-елдердің ішкі нарықтарына кіруде кедергілерге, өзіне қатысты әр түрлі мемлекетаралық келісімдердің орындалмай жатқанына тап болуда. Келіссөздер процесінде қазақстандық шенеуніктер тарапынан бастамашылдық ұстанымның болмауы жағдайды ушықтыра түседі. Отандық бизнес үкімет тарапынан бара-бар және уақытылы артықшылықтар (преференциялар) алмайды, мемлекеттік органдардың бизнесті қолдау жөніндегі шаралары көбіне кешігушілік және екіұштылық сипатқа ие. Мұның барлығы біздің еліміздің экономикасына зиян келтіреді.  

Осының фонында КО-ЕАЭО бойынша серіктестер тарапынан тәуелсіздігімізге және мемлекеттік шешімдерді дербес қабылдауға қауіп тудыратын ұлтүсті парламент және өзге құрылымдар құрудың қажеттілігі туралы жол беруге болмайтын мәлімдемелер де оқтын-оқтын жасалып қалуда.

Жаhандық сын-қатерлер жағдайларында Қазақстанда кейінгі жылдары сондай-ақ басқа да проблемалар және сын-қатерлер туындап қалып отыр.

Қазақстандық қоғамның табыс және әл-ауқат деңгейі бойынша жіктелуінің жоғары деңгейі сақталуда. Кедейлер мен байлардың арасының алшақтығының артуы әлеуметтік теңсіздікті тудыруға, еңбекпен келген табыстардың және әлеуметтік әділеттілік ұстанымдардың беделін түсіреді. Баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері өте ширығып тұр. Бұқаралық әлеуметтік сатылар жоқ, қоғамның аз қамтамасыз етілген топтарындағы жастар үшін анық еңбек және өмір жолына үміттендіретін келешек жоқ. 

Еліміздің экономикасында квазимемлекеттік сектордың шамадан тыс өсу үдерістері жүруде. Негізгі салаларда мемлекет бақылауындағы холдингтер мен компаниялар үстемдік танытуда. Жекеменшікті қорғаудың абсолюттік құқықтық кепілдіктері мен тетіктері жасалмаған, ол рейдерлік және бизнесті тартып алу фактілеріне жол ашады. Осының барлығы бәсекелестік ортаны бұзады, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес еркіндігіне қауіп төндіреді, ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін төмендетуге әкеледі. 

Республика өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі алшақтық тереңдеп барады. Еліміздің көптеген ауылдарында, селоларында және шағын қалаларында халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жағдайы төмен. Осыған орай тұрғындардың қалаларға көшуінің өсуі орын алуда. Ең жоғары деңгейдегі жалақысы бар мұнай өндіретін өңірлерде, оны алатындар негізінен шетелдік мамандар болып қалып отыр. Ал дәл осы облыстардың жергілікті тұрғындарының арасында, керісінше, кедейлік пен жұмыссыздық ең жоғары деңгейде.

Азаматтардың санасына материалдық игілікке деген табынушылықты күшейтетін, рухани құндылықтардың рөлін төмендететін, өндірімді іс-әрекетті және адал еңбек табыстарының беделін түсіретін тұтынушылық ойлау жүйесі жағымсыз әсерін тигізуде.

Халықтың әлеуметтік көңіл күйі әлсін-әлсін нашарлауда. Бюджеттің аса зор шығындарына қарамастан, елде тұрғын үй проблемасы шешілген жоқ, зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыны есептеулер тәртібі мен мөлшерлері күдіктер және өткір пікір-таластар тудырады. Денсаулық сақтау жүйесі қымбат тұратын жабдықтармен сығылысып жатыр, бірақ біліктілік пен адамгершіліктен барған сайын алыстап барады. Қатардағы дәрігерлердің еңбегі мен кәсібилігі басшылықтың сайма-сай бағасын алмайды. Білім беру саласы таусылмайтын эксперименттер үшін сынақ алаңына айналды. Оқулықтар сапасы және білім деңгейі құлдилап кері кетті.

Қазақстаннан әр түрлі жолдармен, оффшорлық аймақтарды қоса алғанда, шет елдерге «откаттар», тендер кезіндегі бағаларды көтеру және т.б. түрде бюджеттік қаражаттардың аса зор сомалары шығарылып жатыр. Сондықтан да ресми табыс жан басына шаққанда шығысеуропалық елдердің деңгейінде деген кезде, қатардағы қазақстандықтың өмірін «еуропалық» деп атау мүмкін емес.

Пайда болуы күмәнді табыстарға өмір сүретіндердің жағымсыз кейпі қарапайым адамдардың көбінің түңілу және алданып қалу сезімдерін өршітеді, әлеуметтік шиеленісуді қалыптастырады, ал мұның өзі, басқаны айтпағанда, этникалық және діни ағымдарды саясаттандыруға жетелейді. Республиканың тұрақты дамуы және ұлттық қауіпсіздік үшін терроризм мен экстремизмнің көрініс табуы айтарлықтай сын-қатерге айналды.

Осындай жүйелі проблемалардың басты көзі сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралуы болып табылады. Жемқор шенеуніктердің арасында ашық іріткі салушылық және бопсалаушылық, қабылданатын шешімдердің мөлдір еместігі және әділетсіздігі, қарапайым азаматтарға немқұрайдылық пен құрметтемеу, таяз кәсіби біліксіздік жиі кездесетінін байқауға болады.

Экономикалық либерализм және саяси бостандықтар  – бір медалдің екі жағы, бұл өзара байланысты және өзара толықтырушы үдерістер. Экономикадағы жекеменшік секторының қысқартылуы, тұтастай салаларды және салттарды мемлекеттік меншікке алу, кәсіпкерлік бастамалардың төмендеуі азаматтық қоғамның өсе түскен енжарлығы мен жігерсіздігінің, мінез-құлықтың тұтынушылық және патерналистік үлгісінің дамуының, көптеген адамдардың мемлекет тағдырына және тіпті өзінің отбасы үшін жауапкершілік алуға моралдық жағынан дайын еместігінің айна-қатесіз көрінісін бейнелейді.      

Кәсіпкерлік сектордағы ахуал да осыған ұқсас, мемлекеттік әлеуметтік және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар арқылы азаматтық қоғам институттарының саясаты мен білдіретін ұстанымдары «мемлекеттік меншікке алынды», бұқаралық ақпарат құралдарында өз-өзіне цензура енгізу және тынышталу беталысы байқалады.

Сонымен бірге елімізде өздеріне не қажет екенін анық білетін, өз тағдырларына өздері еге, өмірлік және азаматтық көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын, өз отандастарын жан-жақты қолдайтын және қоғамның дамуына өзінің лайықты жеке үлесін қосып жүрген адамдардың саны да жеткілікті. Олар өз отбасының немесе аймағының деңгейіндегі, сондай-ақ бүкіл елдегі көптеген мәселелерді шешуге дайын.  

Осындай азаматтардың күш-жігерін және әлеуетін біріктіру арқылы жағымсыз тенденцияларды жоюға және Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа кезеңге өтуге қол жеткізуіміз керек. Бұл жаңа кезең тәуелсіздігімізді алған сәттен бергі қол жеткізген табыстарымызды баянды етіп, мемлекетті одан әрі нығайту, әрбір азаматтың мүмкіндіктерінің өсуін, өнімді және бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың дамуын, біздің қоғамның ұлттық мүдделерін іске асыру үшін алғышарттар жасауы тиіс.

«Ақ жол» партиясының қазіргі замандағы рөлі мен орыны

«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен ұсынылған жаңа саяси бағыт партияның келешектегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарларын белгілеуді анықтады. Сонымен бірге, өзінің саяси ұстанымдарына сәйкес, ұлттық мүдделерге және прагматизмге сүйене отырып, «Ақ жол» партиясы ортақ мақсаттардың орындалуына қол жеткізу үшін шаралар кешенін ұсынады.     

 «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына, оның құқықтары және бостандықтарының сақталуына, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының ұдайы көтерілуіне, сондай-ақ қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуіне жету үшін  қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Біздің партия ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негіздерін қалаған,  ұлттық мүдделерімізді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, қазақ қоғамын еуропалық жолмен  жаңғыртуды өзінің мақсаты еткен «Алаш» ұлт-азаттыққозғалысының ізбасары болып табылады.  «Алаш» қозғалысының базалық құндылықтары – ұлттық дербестік, либерализм, демократия, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, өнімді нарықты экономика, этностар мен діндердің теңқұқықтылығы – біздің бағдарларымыз болып  қызмет етуін жалғастырады. 

«Ақ жол» партиясы ұлттық мүдделерді ілгері жылжытады және қорғайды, өзінің іс-әрекетін қоғам мен мемлекеттің дамуының барынша жоғары деңгейіне шығуына жәрдемдесуге бағыттайды, олардың рухани және материалдық құндылықтарын қорғайды. Ұлттық мүдделер өзіңнің мемлекетің мен халқыңды, еліміздегі қазақ және басқа халықтардың өкілдерінің тілі, мәдениеті және дәстүрлерін құрметтеуге, Қазақстан аумағының және конституциялық құрылысының бұлжымастығын тануға, табиғи байлықтарын және өндірістік әлеуетін пайдаланудағы экономикалық ұлтшылдыққа сүйенуге тиіс.

«Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегі – қалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер.Олар мемлекеттің рақымын күтіп отыра бермейді, өздеріне жасалған мүмкіндіктерді бастамашылдықпен пайдаланады, рухани және материалдық игіліктерді жасап, өзінің және жалпыға бірдей әл-ауқатты арттыра отырып, өз өмірлерін өздері құрады. Орта таптың өкілдері – жекеменшік иелері және менеджерлер, инженерлер мен заңгерлер, дәрігерлер мен педагогтар – экономиканың барлық секторларында, интелектуалдық және әлеуметтік салаларда ұлттық әл-ауқаттылықты жасауға қатысады.

«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы қоғам және экономиканы алға бастырудың  ең өзекті міндеттерін қойып және сол міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті жекеменшік иелерінің, басқарушылар мен интеллектуалдар табы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жәрдемдесуді өзінің тарихи миссиясы деп санайды.

Экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенде, қоғам мен саясаттағы тиісті өзгерістерсізжаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізу мүмкін емес.

Бұған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының қазіргі деңгейін тірек етіп алып, біздің қоғам әлеуметтік-экономикалық жаңғыруға және оны кеңейтіп жатқан саяси және мемлекеттік құрылыс  салаларындағы үдерістерге сүйенетін жаңа реформаторлық парадигмалар үшін пісіп жетілді деп санайды.

Мұндай парадигма мемлекеттің нығаюына, парламентаризм принциптерінің күшеюіне, үкіметтің қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, сөз еркіндігі және бірігу еркіндігін қоса алғанда, кәсіпкерлік еркіндікті және азаматтық бостандықты кеңейтуге байланысты болуы тиіс.

Елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты сақтау жауапкершілігін бөлісе отырып, «Ақ жол» партиясы бұл міндеттерді шешу үшін барлық қоғамдық күштермен теңқұқықты үнқатысуға ашық екенін білдіреді.

САЯСИ ЖАҢҒЫРТУ:

ШАРАЛАР, ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мемлекеттік билік және басқару жүйесін жаңғырту

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және басқару жүйесі билік тармақтарының бір-бірінен шынайы ажыратылуының және өзара тиімді іс-қимылының, парламентаризм принциптерінің басымдығының, барынша транспаренттік және мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығының негізінде басқарудың суперпрезиденттік жүйесін президенттік-парламенттік басқаруға кезең-кезеңмен қайта құру арқылы қызмет етуі тиіс.

1. Көппартиялық Парламентті нығайту мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды  қажет деп санайды:

·         саяси партиялар үшін сайлау шегін 7-ден 5 %-ке дейін қысқарту;

·         Қазақстан Республикасы Парламентіндегі саяси партиялардың депутаттық

фракциясының мәртебесін және құқықтарын реттейтін және қорғайтын заң қабылдау;

·         Парламенттік партиялардың мәртебесі және өкілеттіліктеріндегі, мемлекеттік

қаржыландыру және мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануды қоса алғанда, шынайы теңдікті қамтамасыз ету; сондай-ақ оларға келесі құқықтар берілуі керек:

– заң жобаларын, үкімет енгізген заңдарға баламалы жобаларды қоса алғанда, дайындап Мәжілістің қарауына ұсыну;

– орталық атқарушы органдардың жасаған заң жобаларына Үкімет ресми түрде бекітпей тұрып және одан кейінгі Парламент Мәжілісіне енгізгенге дейін міндетті түрде алдын ала сараптама жасау.

·         Парламент Мәжілісіне республика Үкіметін қалыптастыруда негізгі рөлді беру және оған:

          – Үкімет құрылымын бекіту;

– Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелерін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Уәкілді және Бизнес-омбудсменді сайлау;

– Үкіметке сенімсіздік білдіруге, сондай оның жекелеген мүшелеріне сенімсіздік білдіре отырып, оларды одан әрі атқарып отырған қызметінен босату туралы Президенттің алдына мәселе қоюға бастамашылдық жасау.

2.  Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Ақ жол» партиясы талап ететін болады:

·        мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және олардың лауазым

иелерінің іс-әрекеттерін азаматтарға және жеке заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуге мейлінше бағдарлауды қамтамасыз ету;

·        заманауи мемлекеттік менеджменттің және корпоративтік басқарудың,

шетелдік тәжірибені ескере отырып, алдыңғы қатарлы және тиімді стандарттарын, құралдарын және технологияларын енгізу;

·         мемлекеттік органдар мен мемлекеттің қатысуымен коммерсиялық ұйымдардың

қызметтерін айқын бөліп көрсету;

·         министрліктер мен ведомстволармен жаңа квазимемлекеттік құрылымдар құруға

мораторий енгізу, сонымен бір мезетте мемлекеттің қатысуымен қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кем дегенде 70 пайызынан мемлекеттің шығуы;

·         Үкімет уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарға ұлттық компанияларға, РМК

және тиісті экономикалық секторларға қатысты барлық реттеуші функцияларды шоғырландыру;

·         ұлттық компаниялардың бюджеттерін Парламентпен бекітуді, ұзақмерзімді

бағдарламаларды іске асыруға ұлттық кампаниялармен және мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындармен алынған мемлекеттік қаржыларды қайтару тәртібін заңнамалық тұрғыда нақтылауды қамтамасыз ету;

– бюджеттің шынайы транспаренттілігіне қол жеткізу. Бюджетте жекелеген іс-шаралар, бағдарламалардың нысандары және әкімшіліктері бойынша шығындар бөлімін нақтылайтын тараудың міндетті түрде болуын заңды түрде белгілеу.

      Мұнайлық емес түсімдердің (экономиканы индустрияландыру және әртараптандыру есебінен) тұрақты өсуін, сондай-ақ мұнайлық емес тапшылық деңгейінің  3 пайыздан жоғары болмауына бақылауды қамтамасыз ету;

– Ұлттық қордың қаржыларын негізгі капиталдан және ағымдағы түсімдерден жұмсаудан бас тартып, тек инвестициялық кірістің жыл сайынғы пайдасы бөлігінен бюджеттің ағымдағы мақсаттарына пайдалану тәртібін заңмен бекіту;

– Бірыңғай жинақтық зейнеткерлік қор қаржыларының сақталуына және өсуіне  экономиканың нақты секторына инвестициялау есебінен қол жеткізу және тәуекелділіктегі қаржылық инструменттерге салудан бас тарту. 

3. Үкімет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында мыналар мақсатқа сай деп пайымдаймыз:

·          Үкіметке және Премьер-Министрге республиканың әлеуметтік-экономикалық

саясатына және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты толық жауапкершілік жүктеу;

·         Үкіметтің Парламент Мәжілісі алдындағы өз жұмысының тиімділігі және қабылданған

шешімдерінің негізділігі үшін ұжымдық жауапкершілігін және оның әрбір мүшесінің дербес жауапкершілігін қамтамасыз ету;

·          Үкімет мүшелерінің дербес жауапкершілігіне мемлекеттің қатысуымен ұлттық

компаниялардағы, ұйымдардағы және кәсіпорындардағы мемлекеттік активтерді басқаруын және олардың басшыларын тағайындауды енгізу.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірумемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыруға бағытталуы тиіс, өкілеттіктердің көбін жергілікті мемлекеттік басқару органдарына және өзін-өзі басқаруға беру, жергілікті маңызға ие істерді басқару процесіне азаматтардың және жергілікті қауымдастықтың қатысуын кеңейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың жетекші институттары ретінде облыстық, аудандық, және қалалық мәслихаттардың позициясын күшейту керек.

1.      «Ақ жол» партиясының пікірінше, мәслихаттардың ролін арттыру мақсатында мыналар қажет:

·         облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттары депутаттарының  50%-ын  партиялық тізім бойынша сайлау рәсімін енгізу; 

·         тұрақты түрде жұмыс істейтін мәслихат төрағасының лауазымын енгізу; 

·         тексеру комиссиялары мүшелерінің қызметін және мәслихаттың тұрақты комиссияларының басшыларын тұрақты негізге көшіру;

·         тұрақты түрде жұмыс жасайтын мәслихат депутаттарына депутаттық қолсұқпаушылық құқық беру;

·         мәслихаттарға жергілікті бюджеттің орындалуын және жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау тетіктерін беру;

·         әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақтағы коммуналдық қызметтің тарифтерін бекітуді мәслихаттардың құзіретіне енгізу;

·          мәслихаттардың тұрақты комиссияларына  осы комиссияның құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды тыңдау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның лауазым иелерін шақыру құқын беру;

·          мәслихаттарға әкім орынбасарларын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын лауазымдарынан босатылуына қол жеткізетін құқық беру;

·          аудандық мәслихаттардың депутаттарымен сайланатын аудандық маңызға ие қалалардың, поселкалардың, ауылдардың (село) және ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің осы мәслихаттар  алдында есеп беруінің тәртібін және  тетігін заң жүзінде бекіту;

·           мәслихаттардағы саяси партиялардың депутаттық фракцияларының құқықтары мен өкілеттіктерін тұрақты комиссиялармен  теңестіру;

·          барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өз сайлаушыларының алдында олардың атқарған жұмыстары бойынша міндетті есеп беруінің тәртібі мен тетіктерін заңмен белгілеу;

·          облыстардың, Алматы және Астана қалаларының тәртіптік кеңестерін  тиісті мәслихаттардың алдында есеп беруін қамтамасыз ету;

2. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мақсатында мыналар қажет: 

·         аудандық маңызға ие қалалардағы, поселоктарда, ауылдарда (селолар) және ауылдық (селолық) округтардағы жергілікті тұрғындардың жиындары мен жиналыстары атынан  өзін-өзі басқарудың қоғамдық институттарының мәртебесі мен өкілеттіліктерін кеңейту, оларға жергілікті әкімдердің қызметіне қоғамдық бақылау тетіктерін беру;

·         жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру және пайдаланудың тәртібін нақты регламенттеу;

·         аудандық маңызға ие қалалардың, поселоктардың, ауылдардың (селолар) және ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша   қызметін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен реттеу.

Азаматтық қоғам мен оның институттарын дамыту

Азаматтық қоғамның қарышты дамуын қамтамасыз ету,  сондай-ақ оны мен мемлекет арасындағы қатынастарда серіктестік пен сындарлылық мүдделеріне сай кешенді шаралар қабылдануы тиіс.

1.      «Ақ жол» партиясының пікірі бойынша, Мемлекет және азаматтық қоғам мен оның институттарының арасындағы өзара қарым-қатынастарының келесі принциптерін заңнамамен бекіту орынды және шын мәнінде іске асыру қажет.

• мемлекет азаматтық қоғамның толыққанды дамуы және оның институттарының жұмыс істеуі үшін, соның ішінде олардың қызметіне толыққанды бақылауды жүзеге асыра отырып, қажетті құқықтық жағдайлар жасайды; 

 • мемлекетке тек заңда белгіленгендерді жасауға, ал азаматтарға – заңмен тыйым салмағандардың  барлығын жасауға рұқсат берілген; 

 • республиканың дамуының өзекті мәселелерін шешу мақсатында азаматтық қоғам мен мемлекет бір-бірімен серіктестік, теңқұқықтық, сындарлылық, ашықтық, келісушілік, өзара түсіністік, өзара құрметтеу, өзара жауапкершілік негізінде өзара әрекеттестік етеді;  

• Мемлекет азаматтық бастамалардың өсуін және жүзеге асуын ынталандырады, сондай-ақ объективті, адал, ашық және теңқұқықты байқаулардың шеңберіндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық маңызды және пайдалы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға азаматтық қоғамның институттарына қаржылай көмек береді.

2. Азаматтардың бірігу құқын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар қажет:

  •  саяси партияларды, кәсіби одақтарды және өзге де қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары және өкілдіктерін) әділет органдарында тіркеу және қайта тіркеу рәсімдерін жүргізуді барынша жеңілдету және оған тіркеу сипатын беру;
  •  кез келген партияның міндетті мүшелер санын 40 мыңнан 10 мың адамға, ал аймақтық филиалдар немесе өкілдіктерде – 700-ден 200-ге адамға дейін қысқарту;
  • тіркеу жиынының мөлшерін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар үшін 6,5 АЕК-тен 3-ке дейін, ал саяси партиялар үшін 14 АЕК-тен 7-ге дейін қысқарту;
  • көрсетілген қоғамдық ұйымдардың заңды тұлға болып табылмайтын  филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу жиынын төлетпей-ақ есептік тіркеу және  қайта тіркеу;

         3. Саяси партиялардың республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін күшейту мақсатында мыналар қажет:

  • олардың өкілдеріне учаскелік, аумақтық және округтық сайлау комиссияларының жұмысына қатысуды қамтамасыз ету;
  • оларға мемлекеттік БАҚ-ына тең қолжетімділікпен шығу құқын беру; 
  • саяси партияларды жабу рәсімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шешімі бойынша жүзеге асыру;
  •  саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдар өкілдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің, жұмыс топтарының қызметіне қатысу практикасын кеңейту; олардың пікірлерін тиісті мемлекеттік органдардың, заң жобаларын қоса алғанда, нормативті құжаттар әзірлеу кезінде есепке алуға кепіл болу.
  • Парламенттік көпшіліктің саясатымен пікірталастарға түсетін саяси партиялардың және депутаттардың құқықтарын қорғайтын заң қабылдау.

АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ

САПАСЫН ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазақстан дамуының аса маңызды мақсаты оның азаматтарының әл-ауқатының өсуі және әлеуметтік көңіл күйі болуы тиіс. Бұған тек кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтықты азайту, бүкіл қоғамды өнімді еңбекке тарту, ашық әлеуметтік және экономикалық саясат құру, әр адам үшін нақты мүмкіндіктер және өмірлік перспективалар жасау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осыған байланысты мемлекеттің бизнес қауымдастықпен және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы қызметіндегі аса маңызды бағыт  жұмысқа орналастыруды ынталандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру желілері бойынша сапалы қызмет көрсету арқылы адамдардың өз ойларын іске асыра білуі, шығармашылық дамуы және жоғары өнімді еңбегін қолдау үшін мүмкіндіктерін кеңейту болуы тиіс.

Адам капиталын қалыптастырудың негізі тәсілдемелерінің бірі ізгілікті және салауатты қоршаған ортаны, «жасыл» және энергия үнемдеу экономикасын дамытуды, сондай-ақ белсенді экологиялық қызметті қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек ресурстарын  арттыру және нығайту

Халықты жұмысқа орналастырудың, еңбек жағдайларын жақсарту және меншіктің кез келген түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін барынша жасау мақсатында «Ақ жол» ҚДП мыналарды  қажет деп пайымдайды:

·         мемлекеттің халықты жұмысқа орналастыру бағдарламасын іске асыру шығыстарының үлесін елдің ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін көтеру;

·         жұмыссыздықты жою: Қазақстанда әрбір еңбекке қабілетті азаматты жұмыспен және еңбек табыстарымен  қамтамасыз етуге жеткілікті экономикалық әлеует бар;

·         мемлекетпен төленетін қоғамдық жұмыстар практикасын кеңейту;

·         жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі қызметін мемлекет тарапынан ынталандыруды қамтамасыз ету;

·         мемлекеттік гранттар бойынша оқыған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруды заңнамамен мемлекетке міндеттеу;

·         өзара байланыстылықтағы білім беру және кәсіптік стандарттарды әзірлеу арқылы білім мен еңбек нарығы жүйелерінің өзара байланысын қамтамасыз ету;

·         еңбек мигранттарының нарығын қоса алғанда, еңбек нарығын жария ету үшін қосымша ынталандырулар жасау;

·         «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» деген аталыммен нақты жұмыссыздықты жасыруды тоқтату, оларға мемлекет тарапынан құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруді қамтамасыз ету;

·         Шетелдік жұмыс күшін тартудың республиканың еңбек нарығындағы ахуалға сәйкес мемлекеттік квотасын берудің икемді жүйесін енгізу;

·         Шет ел капиталы қатыстырылатын кәсіпорындарда, жоғары еңбек ақыны қоса алғанда,  қазақстандық  жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығын қамтамасыз ету;

·         Тұтыну қоржынының құнының өсуіне сәйкес ең төменгі жалақының көлемін жүйелі түрде арттыру;

·         бюджет саласы қызметкерлерінің, мұғалімдерді, дәрігерлерді, ғылым және мәдениет қызметкерлерін қоса алғанда, лайықты деңгейге дейін еңбек ақысын арттыру.Жұмыс істеп жүрген адам кедей болуға тиіс емес!

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту

Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды мақсатқа сай деп есептейміз:

  • әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін халықаралық стандарттарға  сәйкес нақты ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде есептеу;
  •  әлеуметтік қорғау шараларымен, зейнетақылармен және жәрдемақылармен

оларды қажет ететін барлық санаттағы азаматтарды толық қамту;

  •  тұрғындарды әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту;
  •  ең аз күнкөрістік шаманың шынайы көлемін есепке ала отырып, кедейлікті

еңсеру жөнінде нақты шаралар жасау;

  • зейнетақылық жүйенің барлық түрлері үшін еңбекақының  кем дегенде 60 пайыз

мөлшеріндегі зейнетақының әділетті деңгейімен қамтамасыз ету; осындай ұстанымды (ең аз күнкөрістік шаманың 60 пайызы) жасы бойынша базалық жәрдемақы үшін де белгілеу;

  •  жалдамалы жұмысшыларды және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» азаматтарды

жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық қамтуды қамтамасыз ету;

  • «Ардагерлер туралы» заң қабылдап, аталған санаттағы тұрғындардың заңдық

мәртебесін және әлеуметтік кепілдіктерін анықтау;

  • баланы күтіп-бағу жөніндегі ай сайынғы жәрдемақыны (орташа жалақы мөлшерінде), олар үш жасқа толғанға дейін төлеу;
  • республикалық бюджеттен жүктілігі және бала тууы бойынша және баласын күтіп-бағу бойынша демалыста отырған әйелдердің жинақтаушы зейнетақылық шотына қаражат аудару;
  • Мүмкіндіктері шектеулі (мүгедектер) адамдардың лайықты өмір сүруін,

мүгедектер үшін ашылған жұмыс орындарын мемлекеттік субсидиялауды, сондай-ақ мүгедектік мәртебесін алу және қайта куәландыру рәсімдерін оңтайландыруды қоса алғанда, қамтамасыз ету.

Халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту


Табыс деңгейі әртүрлі адамдарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту мақсатында, біздің пікіріміз бойынша, мыналар қажет:

  • мемлекеттік тұрғын үй саясатында тұрғын үйді коммерциялық сатып алудан  халықтың күнкөрісі төмен топтары және жас отбасылар үшін  мемлекеттік тұрғын үй-құрылысы кәсіпорындарымен және мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік тұрғын үйлер салуға көшу. Мұндай тұрғын үйлер өзіндік құнымен, мұрагерлік құқықпен өмірлік жалға, бірақ жекешелендіру құқынсыз немесе мұндайды шектеумен,  берілуі тиіс.
  •  құрылыс салушыларға элиталық тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлген кезде табыс деңгейі жоғары емес азаматтар үшін соған ұқсас әлеуметтік тұрғын үй алаңдарын салу міндетін жүктеу;
  • құрылыс салушылардың дәрменсіздігі себебімен ықтимал тәуекелдіктерге сақтандыру енгізуді қоса алғанда, үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін жасау;
  • ипотекалық несиелермен тұрғын үй сатып алған азаматтардың құқықтары мен меншігін теріс пиғылды жосықсыз банктердің озбырлығынан қорғау;
  • республиканың әрбір өңірінде тұрғын үй қорының жай-күйі мен коммуналдық қызмет инфраструктураларының ұдайы жаңартылып тұратын мәліметтер базасын құру;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) инфраструктураларын жаңғырту жөніндегі жобаларға мемлекетпен мақсатты займдар және инвестициялар берілуін қамтамасыз ету;  
  • тұрғын үй қорын басқару мен оған қызмет көрсету саласында монополизациясыздандыру және нақты бәсекелестік үшін жағдайлар жасау;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің нормадан тыс шығындарын жоюға және нормалық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділік деңгейін көтеру;
  • коммуналдық сектор кәсіпорындарына қазіргі заманғы технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;
  • азаматтардың тұрғын үйін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу шығындарының, егер бұлар отбасының жиынтық табысының 10%-нан асып кеткен жағдайда, орнын толтыруды мемлекеттің міндетіне жатқызуды заңнамамен бекіту;
  • пәтерлердің иелері кооперативтері (ПИК) жұмысының барынша ашықтығын және олардың меншік иелері мен тұрғын үй, басқа да үй-жайларды  жалдаушылар алдында олардан алынған ақша қаражатының жұмсалуы жөнінде мерзімділікпен есеп беруін қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту

Азаматтардың қазіргі заманғы, сапалы медициналық көмек алуы және денсаулығын нығайту мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды ұсынады:

·         барлық санаттағы азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінің пациенттерге ізгілікті қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

·         медициналық қызметтер сапасының халықаралық стандарттарын енгізу;

·         16 жасқа дейінгі балаларды және зейнеткерлерді мемлекетпен кепілдік берілген шеңберде тегін медициналық көмекпен медициналық қызметтің бүкіл спектрімен қамтамасыз ету;

·         Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының негізгі көрсеткіштері (төсек айналымы, стационарда болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділігін халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

·         мемлекеттік және жеке меншік, сондай-аққалалық және ауылдық медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсету сапасының бірыңғай стандарттарымен қамтамасыз ету;

·         профилактиканы және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді қоса алғанда, мемлекетпен кепілдік берілетін қазіргі заманғы медициналық стандарттарды және тегін медициналық көмек көлемдерін ұлғайту;

·         тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлемінің (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтердің жеке жеткізушілерінің үлесін 20 пайызға дейін жеткізу;

·         ТМККК шеңберінде медициналық көмек алуда республика азаматтары үшін  тұрғылықты жеріне қарамастан тең жағдайлар жасау;

·         ТМККК қызметінің жеткізушілері үшін меншік түрлеріне қарамастан мемлекеттік-жекелік серіктестік негізінде қолайлы бәсекелестік орта жасау;

·         ТМККК шеңберінде медициналық дәрілік құралдар және бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесін енгізу;

·         міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу;

·         пациенттердің тұрғылықты жерлерінің қашықтығының халықаралық стандарттарына сай медициналық мекемелер желісін, әсіресе ауылдық жерлерде, кеңейту;

·         медициналық мекемелердің және медициналық құрамның жауапсыз медициналық көмегі және пациенттерге ізгілікті емес қарым-қатынасы үшін жауапкершілігін күшейту;

·         дәрігерлерді және басқа медициналық қызметкерлерді даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың сапасын жақсарту;

·         өз денсаулығы үшін азаматтардың ынтымақты ортақ жауапкершілігін арттырудың жаңа тетіктерін енгізу;

·         қоғамда салауатты өмір салты идеологиясын қалыптастыру және алға жылжыту;

Осы және басқа да шаралар іске асыру арқылы күткендегідей халықтың өмір жасының ұзақтығын арттыру, ана мен бала өлімін екі есеге азайту, сондай-ақ туберкулезге шалдығу 20 пайызға төмендеуі мүмкін.

Білім және ғылымды дамыту

Азаматтардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету және республиканың ғылыми әлеуетін нығайтумақсатында мыналар маңызды деп есептейміз:

·          мемлекеттің білім және ғылымға жұмсалатын шығыстарын елдің ЖІӨ-нің

3 пайызына дейін арттыру;

·          мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшалармен қалаларда да, сондай-ақ

ауылдық жерлерде де  толық қамтылуын  қамтамасыз ету;

·          аз қамтамасыз етілген отбасылар және тәуекелдік топтарына кірушілердің

денсаулығы бұзылған балалары үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

·          еңбек нарығының және әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау талаптарына

сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құру;

·          ішкі және сыртқы еңбек нарықтарымен танылатын Ұлттық біліктілік жүйесін

енгізу;

·          бизнес бірлестіктерін стандарттарды әзірлеуге, білім беру мекемелерін

аккредиттеуге және емтихандар өткізуге тарту;

  • Бітірушінің өзінің таңдауы бойынша Бірыңғай ұлттық тестілеуді (БҰТ) емтиханмен

айырбастау мүмкіндігін қоса алғанда, Бірыңғай ұлттық тестілеуді жүргізудің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету; 

  • Қазақстанның жоғары білімі сапасының білім саласындағы озық әлемдік

тәжірибелерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • барлық деңгейдегі және кез келген меншіктегі білім беру мекемелеріндегі

жемқорлықтың алдын алу және қарсы тұру жөніндегі шараларды кеңейту;

  • инновациялық зерттемелерді енгізу және коммерциализациялау үшін жағдайлар

жасаудың есебінен ғылымның практикалық тартымдылығын арттыру;

  • ғылыми қызметкерлердің, жастарды ғылымға тартудың, ғылыми-техникалық

қызметтің және ғалымдар мен инженерлер мамандықтарының рөлін арттырып, көпшілікке тарату үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру жүйесін құру.

Ауылды және ауыл шаруашылығын көтеру

Республика халқының жартысына жуығы ауылда өмір сүреді. Сондықтан да Қазақстанның табысты дамуы ауылдар және селолардағы тұрғындардың тіршілік әрекеттері үшін қолайлы жағдайлар жасалмайынша мүмкін емес, ол үшін «Ақ жол» партиясы мыналарды талап етеді:

·          барлық ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымдарының,

жолдарды, мектептерді, медициналық мекемелерді, спорт залдарын, моншаларды, ауыз сумен қамтамасыз етуді, отынды, электр энергиясын, байланысты және т.б. қоса алғанда, толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;

·          шығындарды қисынсыз көбейтуге әкелетін жеке-жеке және сән-салтанатты

ғимараттар салу тәжірибесінен бас тарту; мектеп, пошта бөлімшесі, медициналық пункт, ауыл әкімдігі және т.б. селодағы қызметтерді қатар қолданатын бәріне бірдей типтік ғимаратта орналастыруға көшу;

·          ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын қазіргі

автомобиль жолдарын реконструкциялау және жаңа жолдар салу;

·          экологиялық жағдайы қолайсыз ауылдық аудандарды қолдау бағдарламасын

әзірлеу және іске асыру;

·          ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды және жас мамандарды «Қолжетімді үй»

бағдарламасына енгізу, бұл үшін мемлекеттік құрылыс компанияларының келешегі бар ауылдық елді мекендерде жаңа тұрғын үй салуын қамтамасыз ету.

Қазақстанның ұлттық экономикасының аграрлық секторын қарышты дамыту мақсатында мыналар қажет:

·         «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің бюджетін және оның орындалуының есептерін

Парламентпен бекітуге қол жеткізу; ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына парламенттік мониторинг жүргізу;

·          ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 4 есе арттыруға қол жеткізу;

·          ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығын жүргізу ісімен

айналысатын ауыл тұрғындарына басымдық беріп, тек қана Қазақстан азаматтарына беруді қамтамасыз ету;

·         тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді алу және ауыл шаруашылығы айналымына қайтару жөнінде шаралар қабылдау;

·         ауылдық елді мекендердің тұрғындарына ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде жер, мал, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар, тұқым, тыңайтқыштар және т.б. сатып алу үшін жеңілдетілген ұзақмерзімді кредиттер беру;

·         сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауды және жаңа құрылғылар салуды қоса алғанда, жергілікті шаруашылықтарды суармалы желімен қамтамасыз ету;

·         ауыл шаруашылығына мемлекеттік субсидияларды, осы бюджеттік қаржыларды тікелей фермерлер мен шаруаларға бере отырып, көбейту;

·         ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жанар-жағар май материалдарына тұрақты және оңтайлы бағалар белгілеу;

·         ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін әділ бағалармен мемлекеттік сатып алу көлемін ұлғайту;

·         ауылдық жерлерде тұтыну кооперациясы жүйесін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.

Бизнес ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау

«Ақ жол» партиясы Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті және нарықтық экономика құрудың, жеке, ең әуелі, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың табанды жақтаушысы болады. Әрбір қазақстандықты мұнайшы немесе банкир жасау мүмкін емес. Бірақ бұқаралық шағын және орта бизнес экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы ірі корпорациялардың табыстарын қайта бөлудің тиімді арнасы болуға, әрбір қазақстандық отбасын ұлттық экономиканың ғаламдық жетістігіне араластыруға қабілетті. Бұл стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін келесі шаралар кешенін іске асыру қажет:

  • үдемелі индустриялдық-инновациялық даму Бағдарламасы жобаларының табысты іс жүзіне асырылуына, оларға салынған мемлекеттік қаражаттың тиімділігіне және іске қосылатын кәсіпорындардың шын мәнінде жұмыс істеуіне қол жеткізу;
  • ҮИЖДБ жобаларына ғылымды көп қажет ететін, технологиялық, экологиялық және энергияны үнемдеу критерийлеріне сәйкес міндетті инновациялық құрамдас бөлікті енгізу;
  • Қазақстанның транзиттік әлеуетін, Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасының экономикалық басымдылықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының іске асырылуын, оның барлық буындарының қызметінің тиімділігін, бөлінген қаражаттың нақты кәсіпорындарға жеткізілуін қамтамасыз ету;
  • жеке меншік бизнесті қолдау жөніндегі ұлттық даму институттарының қызметіне парламенттік мониторинг енгізу, олардың кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;
  • тұтынушылар үшін бәсекелестікті күшейту және бағаны төмендету  мақсатында табиғи монополиялардың бірқатар секторларын монополиясыздандыруды жүргізу;

Жеке кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін ынталандыру және оның экономиканы және әлеуметтік салаларды дамыту үдерісіндегі мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мыналар қажет:

  • жеке меншік бизнестің сауда-делдалдық саладан экономиканың нақты саласына қарай бет бұруын ынталандыруға жағдай жасау, бұл мақсатта қайта өңдеу өнеркәсібіндегі орта кәсіпорындар үшін нақты артықшылықтар беруге қол жеткізу;
  • азықтүліктік және тұтынушылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, күш-жігерді тамақ өнімдері саласын қолдауға және сапалы тағамдар  және халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға сай болуына бағыттау;
  • кәсіпорын құрылған кезден бастап үш жыл бойы шағын және орта бизнесті ҚҚС-және КТС төлеуінен босату;

·         салық әкімшілігі және есептілік рәсімдерін оңайлату;

·         жеке кәсіпкерлер үшін салық есептілігі жөніндегі, егер олардың бұл есептілік аясындағы бұзушылықтары мемлекеттік бюджетке тікелей залал келтірмесе, айыппұлдарын жою;

·         шотқа тыйым салудан, коммерциялық құрылымдардың шығыс операцияларын тоқтатудан бас тарту;

  • салық есептілігі және салықтық тексерулер бойынша өткен кезеңдер үшін талап қою мерзімін бес жылдан үш жылға дейін қысқарту;
  • лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату;
  • басым салалар үшін (ауыл шаруашылығы және жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау) ҚҚС-ның сараланған төмен ставкаларын енгізу;
  • бәсекелестікті күшейту және тұтынушылар үшін тиісті тауарлар және қызмет көрсетуге бағаны төмендету мақсатында табиғи монополияның бірқатар секторларына іс жүзінде демонополизациялау жүргізу;

·         квазимемлекеттік сектордың экономикаға араласуын азайту, экономиканың бәсекелестік секторларында мемлекет қатысатын рентабельді емес кәсіпорындарды жою немесе жекешелендіру; мемлекет қатысатын кәсіпорындардың 70 пайызын мемлекет иелігінен алуды жүргізу;

·         тиісті рәсімдердің барынша ашықтығын қамтамасыз етуді және белгілі бір тауарлар өндірушілер мен қызметтер көрсетушілерге тікелей шығуды қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру;

  • жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау үшін реттеушілік ықпалды талдау әдістемесін дайындау және енгізу; 

·         республиканың ішкі нарығында, оның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алу жүйесінде, отандық өндірушілердің басымдығын қамтамасыз ету және шетелдік компаниялар тарапынан жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу;

  • еліміздің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 60 пайызға дейін жеткізу.

Экономикалық дамудың және шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды тірегі ресурстық ұлтшылдықсаясаты болуы тиіс. Табиғи ресурстар мен жер қойнауларын пайдалану ең алдымен Қазақстан халқының мүдделеріне қызмет етуі тиіс. «Ақ жол» партиясы инвестициялар тартуды және инвесторлар үшін, келісім-шарттардың тұрақтылығын қоса алғанда, қолайлы жағдайлар жасауды қолдайды.

     Сонымен қатар, шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қызметіндегі қазақстандық құрамның үлесін 50 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету қажет деп есептейміз. Бұдан басқа, норвегтік тәжірибе бойынша, жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін ірі инвесторлар қазақстандық (не бірлескен) кәсіпорындарға қолданып жатқан жабдықтардың, оның жинақтамаларының технологиясын және өндірісін береді; сондай-ақ осындай жабдықтарды сатып алуға, қазақстандық сервис компанияларының қызметіне тапсырыс беруге, азық-түлік өнімдерін, арнайы киімдерді және т.б. сатып алуға міндеттенеді. Сонымен, табиғи ресурстарды пайдалану өзінің соңынан  экономиканың аралас секторларында шағын және орта бизнесті дамытуға себін тигізуге қабілетті болады.

       Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы «Офсеттік саясат туралы» және «Ұлттық компаниялардың, мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындардың және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіндегі сатып алулар туралы» заңдарының тезірек қабылдануына және іске асырылуына қол жеткізетін болады.

«Ақ жол» ҚДП-ның адал бизнесті қолдайтындығын, қоғам, мемлекет және адал бәсекелестіктің мүдделерін белден басатын «жылпостарға» төзімсіз болатынын ерекше атап өтуді қажет деп санаймыз.

Коммерциялық пайда табудан тыс, бизнес бүкіл қоғам өмірінің сапасын жақсартуға, және ең ақырында – байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталуы тиіс.  

ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІК ҚҰРУЫН ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Республика азаматтарының коституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын толыққанды және тиімді қамтамасыз ету үшін және заңның үстемдік құруы үшін тиісті құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық тетіктерді жетілдіруге, тәуелсіз және әділетті сот төрелігін дамытуға, құқық қорғау органдарының қызметіне парламенттік және қоғамдық бақылауды күшейтуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсылықты күшейтуге  бағытталған  кешенді шаралар қабылдау қажет.

1. Мемлекетпен барлық азаматтардың әлеуметтік, лауазымдық және өзге де жағдайларына қарамастан заң алдында тең болуын қамтамасыз ету мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды ұсынады:

  •  2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында қарастырылған шараларды жан-жақты және жүйелі түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасын Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактімен және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар  туралы Халықаралық пактімен сәйкестендіру;
  • азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелерін реттейтін  заңнамалық актілер мен ведомстволық құжаттар арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды анықтау және жою;
  • әкімшілік заңнамасына тиісті ережелерді енгізуді қоса алғанда, жеке өмірді және азаматтардың дербес мәліметтерін қорғаудың құқықтық тәсілдерін және тетіктерін көбейту;   
  • ел халқын құқықтық ағартушылықтың түрлері мен тетіктерін кеңейту;
  • кінәсіздік презумпция принциптерін декларативті емес, шын мәнінде іске асыруды; ашық, сатылмайтын және әділетті сотты, азаматтардың құқықтарын сотқа дейінгі іс-шараларда, сот процесінде, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында қорғауды қамтамасыз ету;
  • негізгі жазаларды экономикалық арнаға ауыстыру есебінен, бас бостандығынан айыруға байланысты үкімдердің санын кем дегенде екі есеге қысқартуға қол жеткізу;
  • сот шешімдерін, ең алдымен шаруашылық және азаматтық даулар бойынша орындалуын түбегейлі арттыру;
  •  зардап шегушілерге келтірілген залалдарды кінәлі тараптың есебінен де, және арнайы өтем қоры есебінен де толық өтеуді қамтамасыз ету.

2.      Жеке меншік құқын іске асыру және қорғау мақсатында мыналар қажет деп санаймыз:

·         азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жекеменшік мүліктері мен басқа да нысандарына қол сұқпаушылыққа, жекеменшікті қорғау құқығын қоса алғанда, байыпты мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін «Қазақстан Республикасындағы жекеменшік туралы» заң қабылдау;

·         Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жекеменшік иесінің құқығының басымдығы принципін  белгілеу керек, оған сәйкес жекеменшік құқығын жүзеге асыруға байланысты туындайтын заңнамадағы барлық жойылмай тұрған қарама-қайшылықтар мен айқын емес көмескіліктер жекеменшік иесінің пайдасына түсіндірілуі тиіс;

·         Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін жекеменшік құқына заңсыз қолсұғушылық пен рейдерлік басып алудан қорғаудың және өзін-өзі қорғаудың барлық жол беруге болатын ұйғарынды тәсілдері көрсетілген ережелермен толықтыру;

·         қолданыстағы заңнамадағы азаматтардан олардың мүліктерін мәжбүрлеп иеліктен алуға қатысты «мемлекеттік қажеттіліктер» және «ерекше жағдай» деген ұғымдарын Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларын және Қазақстанның адам құқығы мен бостандықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін еске ала отырып анық белгілеу және нақтылау;

·         мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлі түрде иеліктен айырған жағдайларда мемлекеттің азаматтарға өтейтін сомасын анықтаудың тәртібін бірегейлендіру;

·         азаматтардың мүліктерін кедендік рәсімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және жалпы жұрт таныған халықаралық стандарттармен сәйкестікке келтіру.

3. Республиканың қылмыстық саясаты мен қылмыстық заңнамасын ізгілендіру мақсатында мыналар қажет:

·         қылмыстық жазалаудың ең жоғары түрі ретінде өлім жазасынан, оны өмір бойына қамауға алуға ауыстыра отырып,  бас тарту; өлім жазасын айрықша жағдайларда, ерекше мән-жайларда өлім жазасын қолдану туралы мәселе оны қоғамда кеңінен талқылау жолымен шешілуі тиіс;

·         азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қатер төндірмеген бірқатар құқықбұзушылықтарды қылмыстандырусыздықты қамтамасыз ету;

·         қылмыстық процесте кінәсіздік презумпция принципін сақтауды қамтамасыз ету;

·         қылмыстық істер бойынша анықтау, тергеу және соттағы істі қарау процесінде жан-жақтылықты, толықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету;

·         қылмыс істеушілікке күдікті азаматтарға тұтқынға алу түріндегі жол кесу шарасына тек тиісті қылмыстың ауырлық деңгейі сай болғанда ғана қолдануды белгілеу;   

·         жұртшылық өкілдерінің  қатысуымен азаптауды және басқа қатыгез, адамгершілікке жат немесе абыройын қорлайтын қатынастар мен жазаларды болдырмауға бағытталған ұлттық алдын алу шараларының тетіктерін қалыптастыру;

·         соттармен қылмыстық жазалаудың, қоғамдық жұмыстар және материалдық шығынды өтеуді қоса алғанда, бас бостандығынан айыру түріне баламалы тәжірибелерді қолдануды кеңейту үшін ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар құру;

·          бас бостандығынан айырылып сотталған азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауына, туған-туыстарына өзінің жағдайы туралы хабар беру құқығына, заманауи медициналық көмекке, білікті заңдық көмек алуына жағдай туғызудың шарттары мен тетіктерін кеңейту;

·          уақытша ұстау изоляторларына және түзету мекемелеріне қатысты, құқық қорғау және өзге де мүдделілік танытқан қоғамдық ұйымдар мен БАҚ тарапынан қоғамдық бақылау жасауды қоса алғанда, қылмыстық-түзету жүйесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

·         Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген, жеке тұлғалардың өзге де негізгі құқықтарын жүзеге асыруына қол жеткізу.

Сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрес

Жемқорлық бизнеске және азаматтарға заңсыз қосымша салық салудың түріне айналды, ал өзінің қылмысты және барабар емес кірістерімен ол қарапайым адамдар мен қатардағы кәсіпкерлердің адал еңбегін сенімсіздендіреді.

Қоғамда жемқорлықты қабылдамайтын және оған төзбейтін ахуалды қалыптастыру және оның кез келген көріністеріне қарсы әрекеттерді қүшейту  мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды талап етеді: 

  • азаматтардың табыстары мен шығыстарын жаппай декларациялауды, оның ашық және бюрократтық емес сипатын қамтамасыз ете отырып, енгізу;
  • Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары атқарушы органдар дайындаған заң жобаларын Парламентке тапсырмай тұрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу тәжірибесін енгізу;
  • барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазым иелерінің жұмыстарын, аса маңызды мемлекеттік органдарда (сот мәжілістерінің залдарында, тендерлік комиссиялардың, кедендік бақылаулардың өтетін жерлерінде, парламенттің жұмысшы топтарында және т.б.) веб-камералар орнатып, ғаламтор арқылы тікелей трансляция жасауды қоса алғанда,  барынша ашық деңгейге көтеруді қамтамасыз ету; 
  • мемлекеттік сатып алу жүйесін, тиісті рәсімдерді барынша ашық жүргізуді қамтамасыз ету,  барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысы бар басқа да құрылымдардың қызметін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалармен реттеу және олардың делдалдарға емес, белгілі бір тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге тікелей шығуын қамтамасыз ете отырып, түбегейлі реформалау;   
  • ұлттық экономикаға оффшорсыздандыру жүргізу;  заңсыз жолмен алынған қаржыларды шет елдерге шығаруға заң жүзінде тосқауылдар қою;
  • Үкімет мүшелері, ұлттық компаниялардың жетекшілері үшін  шетелдік банктерде және оффшорлық аймақтарда жеке банктік есеп шоттар иемденуіне тыйым салу;
  • сыбайлас жемқорлықпен күрес процесінде және жемқорлық құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тартуда Қазақстан мен жақын және алыс шет елдердің құқық қорғау органдарының ынтымақтастық тетіктерін кеңейту; 
  • Қазақстанның жемқорлықпен күрес саласында маңызды халықаралық-құқықтық актілерге қосылу саясатын, содан соңғы республиканың жемқорлыққа қарсы заңнамасына халықаралық нормаларды толыққанды енгізумен жандандыру;   
  • жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

           Ұрпақтардың рухани-мәдени тәжірибесінің сабақтастығы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудың басты негіздерінің бірі болып табылады. Ұлттық тарихымызды, өзіміздің төл бастауларымызды, қайнар көздерімізді, ерекшеліктерімізді ұғыну қоғамды рухани және идеялық біріктіруге қызмет етеді.

                «Ақ жол» партиясы мыналар қажет деп есептейді:

·         Қазақстанның барлық этностарының ұлттық мұрасын сақтау мен көбейтуді,   барлық тілдерді және ұлттық мәдениеттерді теңқұқықты дамуын, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігі және келісімін сақтауды қамтамасыз ету. Біздің елде «келімсектер» немесе «қонақ» халықтар жоқ, барлық ұлттардың өкілдері біздің біртұтас отанымыздың толыққұқылы азаматтары болып табылады.

·         рухани саланы «қалдықты» қаржыландыру принципін еңсеру, мәдениетті, өнерді, халық шығармашылығын дамытуға бюджеттік шығыстарды 50 пайызға ұлғайту;

·         мәдени-көпшілік іс-шараларының репертуарларында қазақстандық авторлардың шығармаларының қамтылуын арттыру;

·         мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мен іс жүзіндегі нәтижелілігіне кепілдік беру;

·         жас ұрпақты тәрбиелеу ісін Қазақстанның ұлттық тарихына, қазақ тіліне және қазақ мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың, оның ішінде орыс, украин, өзбек, неміс, корей және ондаған басқалары бар, тарихына, мәдениеті мен тіліне де құрметпен қарау рухында жүргізу;

·         Қазақстанның табиғи-мәдени объектілерін ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы объектілерінің тізіміне кіргізу жөніндегі жұмысты жандандыру (Жібек жолы, Отырар оазисіндегі археологиялық объектілер, Ұлытау мәдени ландшафы, Ақсу-Жабағылы, Солтүстік Тянь-Шань және т.б.);

·         Қазақ халқы ХХ ғасырда өзінің басына төнген қанды репрессияның, жаппай аштықтың қайғылы қасабынан, тұтастай аудандардың құрып кетуінен және көптеген отандастарымыздың елінен қашып, бас сауғалауға мәжбүр болуынан, ана тілі мен мәдениетінен айырылудың қауіп-қатерлерінен туындаған рухани жұтауы мен шығындарын толық жоюды және орнын толтыруды қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін: Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуды және біздің халқымыздың рухани байлығын жандануын қарастыратын «Мәңгілік ел» бағдарламасын толық іске асыруға қол жеткізу; 

·         қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың санын 2020 жылға қарай 30 пайызға арттыру;

·         қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану салаларын, шетелдік компанияларды қоса алғанда, алдымен экономика мен бизнесте кеңейту; мемлекеттік тілді 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызының білуі мен қолдануы стратегиялық мақсатына қол жеткізетін шаралар ретінде ««ҚР мемлекеттік тіл туралы» заңында тиісті нормаларды қарастыру;

·         қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыруға жәрдемдесу;

·         тұрақтанған халықаралық және шетел сөздері мен аталымдарды қазақ тіліне аудару туралы мәселені түпкілікті шешіп, қазақ тілін жаңғыртуды жүргізу;

·         мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың ара салмағын 2020 жылға

қарай 80 пайызға көбейту;

·         телерадиоарналардағы, олардың қандай меншік түріне жататынына қарамастан,

телерадиобағдарламалардың мемлекеттік тілдегі уақытының көлемін 2020 жылға қарай 70 пайызға дейін арттыру;

·         ұлттық фильмдер өндірісін қаржыландыруды 50 пайызға және шетелдік

фильмдерді кинотеатрларда көрсету үшін қазақ тіліне аударуды қаржыландыруды көбейту;

·         «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу және

көпшілікке, соның ішінде орыстілді аудиторияларға да тарату және олардың ХХ1 ғасырда, әсіресе қазақстандық қоғамды еуропалық жолмен әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңғырту бөлігінде қажеттілігі жөнінде бағдарлама қабылдау;

·         отандастарымызды тарихи отанына қайтару жөніндегі көші-қон саясатын күшейту, бұл орайда экономиканың қажетсінуіне, өндіргіш күштердің орналастырылу сипатына және Индустрияландыру бағдарламасына сәйкес қоныстандыруға ынталандырудың теңдестірілген көзқарасын қамтамасыз ету;

·          Қазақстан Республикасының азаматтығын қазақ тілін, ҚР Конституциясын және Қазақстан тарихын білуі жөнінен емтихан тапсырғаннан кейін беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту.

·         Қазақстан халқының дәстүрлі діндерін (ең алдымен ислам және христиан) қолдау, қоғамның рухани саласын жат секталардың және ағымдардың ықпалынан қорғау, діни, этникалық және кез-келген басқа негізде экстремизм және терроризмге шақыруларға қарсы әрекет етеді.

СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

          Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметі еліміздің ұлттық мүдделерін ескеру, оларды ілгері бастырудың және қорғаудың пәрменді тетіктерін құру, егемендігімізді, тәуелсіздігімізді және республикамыздың аумақтық тұтастығын нығайту негізінде жүргізілуі тиіс.

1.      Сыртқы саясат саласына мыналар қажет:

  • республиканың дамуы үшін қолайлы сыртқы саяси жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы саяси серіктестермен тең құқыққа, сенімге, өзара құрметке, өзара түсінушілікке, ашықтыққа, тату көршілік қатынасқа, өзара тиімді серіктестікке және дипломатиялық сыпайгершілікке негізделген қарым-қатынас құруды қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның кез келген интеграциялық үдерістерге қатысуын тек қана экономикалық ынтымақтастық аясында және мемлекеттік Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;
  • серіктес-елдермен келіссөздер үдерісінде отандық бизнестің мүдделерін қорғау  жөніндегі Қазақстан позициясын батыл күшейту;
  • Қазақстанның КО-ЕАЭО бойынша серіктес-елдер нарығындағы қазақстандық өнімдерді қолдаушылық саясатын және қолдауды қамтамасыз ету.
  • көрсетілген интеграциялық құрылымдарда қатысушы елдерге қатысты саяси өкілеттіктерді атқаруға үміттенетін ұлтүсті органдарын құруға жол бермеу;
  • еуразиялық үдерістер жөніндегі серіктестермен, Ресеймен және ТМД елдерімен өзара әрекеттестіктермен қатар Қытаймен, Еуроодақпен, АҚШ және ислам әлемімен ынтымақтастықты қарышты дамыту арқылы Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы саяси мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
  • еуропалық елдермен және Еуропалық одақпен серіктестікті белгілеу, сондай-ақ Қазақстан дамуының басым бағыттарының бірі ретінде саясатқа, экономикаға және әлеуметтік салаға еуропалық стандарттарды енгізу; 
  • Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ұлттық мүдделермен жүру шарттарымен  кіруін қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның ДСҰ-на қатысуы аясында халыққа қолжетімді бағалар бойынша ең жақсы тауарлар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; елімізді өмір сапасының озық стандарттарына қосу;
  • Қазақстанның кез келген интеграциялық құрылымдарға және халықаралық ұйымдарға қатысуын (мүшелігін), егер бұл қатысу (мүшелігі) елдің Тәуелсіздігіне және Қазақстан халқының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, дереу тоқтатуға қол жеткізу;
  • Сыртқы істер министрлігі шеңберінде шетелдердегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін жасау.

2.      Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мыналар қажет:

– респубиканың қорғанысқа қабілеттілігін нығайту, терроризмге, экстремизмге, трансұлттық қылмысқа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне және ұлттық қауіпсіздікке төнген басқа да қауіп-қатерлерге қарсы күресу мүдделері үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

– Республиканың Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға және нығайтуға,  жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жетілдіруді қоса алғанда, бағытталған кешенді шаралар қабылдау;

–   еліміздің Қарулы күштеріне, арнайы қызметтерге және құқық қорғау органдарына бөлінген қаржыларды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

– терроризмнің және экстремизмнің көріністерін, олардың әлеуметтік алғышарттарының: жұмыссыздық, әділетсіздік, жастардың баспанасының және жеке перспективаларының жоқтығы түріндегі өзекті проблемаларын шешу жолымен алдын алу; сондай-ақ республика халқының әр түрлі буындары мен топтарындағы өкілдерімен алдын алу жұмыстарын кеңінен жүргізу;

– экстремистік сипаттағы құқық бұзушылыққа қылмыстық жауапкершілікті күшейту, тиісті насихат жүргізу және осы қызметке азаматтарды, әсіресе жастарды тарту.

    Мемлекет пен оның уәкілетті органдарының тиісті қызметі мемлекеттің әр түрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғай алатын қабілеттілігіне қазақстандықтардың сенімділігін туғызуы тиіс.

СЫНДАРЛЫ ОППОНЕНТТІК СТРАТЕГИЯ

 «Ақ жол» партиясы Қазақстанның жаңа даму кезеңінде аталған проблемалар, қарама-қайшылықтар мен сын-қатерлер жағдайларында  саяси пікірталастардың өзегі – қоғамдық-саяси тепе-теңдікті сақтау болатындығын алға тартады.

Бұл пікірталастарда «Ақ Жол» партиясы  қалыптасу үстіндегі қазақстандық орта таптың ұстанымы мен мүдделері еліміздің барлық саяси күштерімен естілуіне және шешім қабылдау кезінде ескерілуіне бар күшін салады. 

«Ақ Жол» Демократиялық партиясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге және қысым жасауға, қоғам мен мемлекет өмірінің  әртүрлі салаларындағы төзбеушіліктің, заңсыздықтың, сыбайлас жемқорлықтың және экстремизмнің кез келген көріністеріне, республиканың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, оның халықаралық қауымдастықтағы абыройына нұқсан келтіретін әрекеттерге батыл қарсы тұрады.

Өмір көрсеткендей, «Ақ жол» партиясы азшылықта болғанның өзінде, саяси оппоненттерімен және міндетіне салақ қарайтын шенеуніктермен таласта ұлттық мүдделерді, кәсіпкерлердің құқықтарын және қарапайым адамдардың адамгершілік абыройларын қорғауға қабілетті. Сонымен қатар, біздің партия саяси оппоненттікті заңдардың негізінде, барлық парасатты азаматтарды біріктіру және демократиялық конституциялық құрылысты нығайту мақсатында жүзеге асырады.  

 «Ақ Жол» партиясы одан әрі де маңызды саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру процесіне белсенді түрде қатысуға және бұл процеске өзінің бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін кез келген заңды формалармен барлық деңгейлерде ықпал еуге ниетті. 

Тиісті қызметін, билікке араласу мүмкіндігін қоса алғанда, партия қара бастың қамы емес, оны өзінің еліне және өзінің халқына тиімді қызмет етудің құралы ретінде қарастырады.

*  *  *

«Ақ жол» партиясы қоғамға жаңарған саяси бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының  жоғары серпінін сақтауды көздейді.

Еліміздің алдында тұрған сын-қатерлер барлық сындарлы саяси күштердің, барлық отанымыздың тағдырына немқұрайдылық танытпайтын азаматтардың топтасуын талап етеді.

Партия аға буынға жүгінеді, олардың тәжірибесі мен кәсібилігі ХХ1 ғасырдағы Қазақстанды құруда  бұрынғыдан да өте қажет.

Партия қоғамның ең бастамашыл және белсенді бөлігімен, Қазақстанның бизнесте, саясатта, ғылымда және мәдениетте болашақ келбетін анықтайтын адамдармен бірлесетінін атап көрсетеді.

Партия ең жақын келешекте еліміздің дамуына өз үлесін қосатын жастарға үміт артып, сөзін арнайды.

Партия ұсынып отырған бағдарлама, бұл реалистердің бағдарламасы. Істің нақты жағдайын білетін, еліміз үшін тәуекелдіктер мен мүмкіндіктерді түсінетін, және Қазақстанның игілігі мен өркендеуіне әрекет ететін адамдардың бағдарламасы!